Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. Тынышбаев атындағы Қазақ кӛлік және коммуникациялар академиясы


 Жӛнелтілетін жҥктерге стандарттар мен техникалық



Pdf көрінісі
бет20/114
Дата15.01.2023
өлшемі5.45 Mb.
#468411
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   114
Ж‰к тасымалдау 1-22

4.5. Жӛнелтілетін жҥктерге стандарттар мен техникалық
жағдайлардың қоятын талаптары 
Тиісті ұйымдар бекіткен стандарттар мен техникалық шарттарда темір 
жолмен тасымалданатын жүктің ыдысы мен буып-түйілуіне, ӛнімнің сапасына 
қойылатын талаптар кӛзделуі тиіс. Тасымалданатын жүктің ыдысы мен буып-
түйілуіне, ӛнімнің сапасына қойылатын талаптар стандарттарда, олардың 
техникалық шарттарында кӛзделетін жағдайда тасымалданатын жүктің, вагондар 
мен контейнерлердің қауіпсіздігі мен сақталуы тиімді жүзеге асырылатын болады. 
Ӛнімді жӛнелтуші-дайындаушы стансаның талап етуімен жӛнелтілетін 
ӛнімнің және егер ол буып-түйілген, ыдысқа орналастырылған болса, ыдыстың 
стандартын немесе техникалық шарттарын тапсыруға міндетті. Жүкті 
тасымалдауға қабылдауда темір жолдың қабылдап-тапсырушысы ыдыстың 
ақаусыздығын және оның белгіленген мемлекеттік стандартқа немесе техникалық 
шарттарға сәйкестігін тексереді. Ӛнімнің стандарты мыналарды қамтиды: оның 
толық сипаттамасы, түрі, маркасы, химиялық құрамы, тазалық дәрежесі және 
т.с.с. Стандарттарда ӛнімнің сақталуын қамтамасыз ететін оны қабылдау, буып-
түю, таңбалау, сақтау және тасымалдау ережелері кӛрсетіледі. 
Жүкті тасымалдауға қойылатын талаптарда ӛнімді тасымалдау жағдайы
оның ішінде кӛлік құралдарын (жабық, ашық немесе изотермиялық вагондар, 
цистерналар және т.с.с.) таңдауға қойылатын талаптар, бұл кӛлік құралдарында 
ӛнімдерді бекіту әдісі, сондай-ақ ӛнімнің сапасы мен мӛлшерін сақтау үшін оны 
тиеп-түсіру ерекшеліктеріне байланысты талаптар кӛрсетіледі. 
Жүкті сақтауға қойылатын талаптарда ӛнімнің сапасы мен тауарлық 
кӛрінісінің сақталуын қамтамасыз ететін қоймаларда сақтау шарттары (сақтау 
орны, орналастыру әдісі, температура режимі және т.с.с.), сондай-ақ тез 
бұзылатын, улы, тез тұтанғыш, радиоактивті және қауіпті қасиеттері бар басқа да 
ӛнімдерді сақтауға қойылатын арнайы талаптар кӛрсетіледі. 
Стандарттық және техникалық шарттарда қауіпсіздік техникасы мен ӛндірістік 
санитария талаптары кӛрсетіледі, мұның қауіпті қасиеттері бар ӛнімдерді тасымалдау 
мәселелерін шешуде маңызы зор. Темір жолдағы тасымалдау және коммерциялық 
жұмыс тәжірибесінде стандарттар мен техникалық шарттар кейбір жүк түрлерін 
тасымалдау ережелерін жасауда маңызды бастапқы материал, ал жүктің сапасын 
анықтауда басшылыққа алатын материал болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет