46
• жүкті қабылдау, тиеу және жӛнелту кезінде оның есебін алу;
• жүкті түсіру және беру кезінде оның есебін алу;
• вагондар мен контейнерлерді пломбылау кітабын жүргізу;
• вагон қағазын толтыру.
Бұларға қоса, жүкті қабылдап-тапсырушы ЭЕМ-мен диалог кӛлемінде
ӛзінің автоматтандырылған жұмыс орнында олардың мазмұнын дисплей
экранында индексациялап, вагондардың күйі (вагонның коды бойынша) мен бос
тұрып қалуы туралы деректерді басуға (қажетті жағдайда) беру арқылы анықтама
алады; автомобильдер жӛнінде де (автомобиль нӛмірінің коды бойынша);
жӛнелтілімдердің
қоймада орналасу орындары, қатар нӛмірі, сӛре ұясының,
контейнер-орынның нӛмірі, сақтау уақыты, сақтау үшін (жӛнелтілім коды
бойынша) есептелген алымдар туралы анықтама алады.
Жүкті қабылдап-тапсырушы автоматтандырылған жұмыс орнындағы
дисплей арқылы тиеу-түсіру жұмыстарының
орындалу жоспарын алып, оны
механизаторлар бригадасына жеткізеді, бұл жоспардың орындалуы жӛніндегі
ақпаратты
белгіленген
макет
бойынша
ЭЕМ-ге
береді;
тасымалдау
құжаттарындағы тиеу, түсіру, қабылдау, беру және сақтау кезіндегі жүктің нақты
мӛлшері туралы мағлұматтарды тексереді.
Жүкті қабылдап-тапсырушының жұмыс орнын пайдалануда құжаттарды
толтыруға және жүктің есебін алуға байланысты еңбек шығындары 2,5 есе
азаяды. Құжатсыз технология жағдайында жүкті жӛнелту, түсіру,
беру кітабы,
вагондарды пломбылау, құжаттарды тауар кеңсесіне беру кітаптары секілді қағаз
толтыру және есеп жүргізу тәртібі жойылады.
Достарыңызбен бөлісу: