Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. Тынышбаев атындағы Қазақ кӛлік және коммуникациялар академиясы


 Жҥкті ӛлшеу тәртібі мен технологиясы



Pdf көрінісі
бет41/114
Дата15.01.2023
өлшемі5.45 Mb.
#468411
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   114
Ж‰к тасымалдау 1-22

7.6. Жҥкті ӛлшеу тәртібі мен технологиясы 
Жүкті ӛлшеу, таразыларды күтіп ұстау тәртібі мен технологиясы Темір 
жолда жүкті ӛлшеу, ӛлшеу құралдарын күтіп ұстау тәртібі мен технологиясы 
туралы нұсқауға сай болуы тиіс. 
Вагон таразыларында жүк ӛлшеуді вагондарды тоқтату және ағыту арқылы 
немесе вагондарды ағытпай тоқтату арқылы жүргізеді. Жүріс кезінде ӛлшеуді 
осылай ӛлшеу әдісіне арналған вагон таразыларымен ғана атқарады. Сұйық жүгі 
бар цистерналарды қозғалыс кезінде арбашалап немесе осьтеп ӛлшеуге тыйым 
салынады. Үйілген күйінде тасымалданатын астықты, бұршақ тұқымдас 
дақылдардың тұқымын, құрама жемді және кебекті, азық-түлік ӛнімдерін және 
құйылған күйде тасымалданатын (спирт, шарап және шарап ӛнімдерінен 
басқасын) жүктерді, ақтарылма тасымалданатын картоп, кӛкӛніс, бақша 
дақылдарын, пакеттелмеген түсті металдарды және түсті металдар сынығын 
вагонды тоқтатып, ағыту арқылы ӛлшейді. Басқа жүктерді вагон таразыларында 


57 
ӛлшеуді вагондарды ағытпастан тоқтату арқылы немесе осылай ӛлшеу әдісіне 
арналған вагон таразыларында жүріс кезінде жүргізе береді. Вагон, контейнер 
тарасының массасы вагондағы, контейнердегі траферетке сәйкес қабылданады. 
Вагондарды вагон таразыларында ӛлшеу алдында аударылатын жапқыштарды 
(фартуктарды) ашып, таразының рамасы мен платформасы арасындағы 
саңылауды тексеру қажет, ол 10 мм-ден кем және 15 мм-ден артық болмауы тиіс; 
таразының тарасын тексеру, қажет болса, оны реттеу; ӛлшенетін вагондарды 
тексеру керек. 
Қысқы уақытта вагондар қар мен мұздан тазартылуы тиіс. Жүкті қабылдап-
тапсырушы вагондардың таразыға стансаның техникалық-басқару актісінде 
кӛрсетілген жылдамдық шегінде жұлқымастан, соққысыз беріліп, алып кетілуін 
қадағалауға міндетті. 
Вагондарды таразыға қоюда шеткі жұп доңғалақтар таразы платформасының 
жиегінен 300 мм-ден жақын болмауын, жүк қабылдайтын платформаның рельстері 
мен келетін жол арасындағы саңылаудың 6 мм-ден аспауын қадағалау қажет. Таразы 
үстіндегі вагонды оның доңғалақтарының астына әлде бір заттарды қою арқылы 
тоқтатуға тыйым салынады. Вагонды жылжыту кезінде таразы арретирі вагон толық 
тоқтағанға дейін жабық тұруы тиіс. 
Ӛлшеу аяқталған соң жүкті қабылдап-тапсырушы таразының салмағын 
ӛлшеп, арретир мен аударылатын жапқыштарды жабуға және таразы үй-жайының 
есігін құлыптауға міндетті. Вагондардың таразыдан әкетілуін, ал таразы жолының 
бұрмасы айналма жол бағытына (егер ол бар болса) қаратылып, құлыпталынуын 
қадағалау керек. Вагондардың таразы үстінде бос тұруына және олар арқылы 
маневр жұмыстарын жүргізуге қатаң тыйым салынады. 
Жүк тиелген вагондарды электрондық вагон таразысында ӛлшеу тәртібі 
вагондардың тиісті түрлерінің техникалық құжаттарында кӛрсетілген. 
Массалары нақты таразылар үшін белгіленген ең аз және ең үлкен ӛлшеу 
шегінен аспайтын жүктерді тауар таразыларында ӛлшеуге рұқсат етіледі. 
Жүкті тауар таразысы платформасының ортасына арретир жабық болатын 
жағдайда жұлқыламастан, соққысыз орналастыру керек. Кӛлемді және ұзын 
ӛлшемді жүктерді ӛлшеуде олардың шығыңқы бӛліктері таразының немесе оның 
рамасының қозғалмайтын бӛліктеріне тимейтіндей болуын ескеру қажет.
Жүк қойылмаған циферблатты таразылардың тепе-теңдігін тексеру тәртібі 
мынадай. Арретирді ашқан соң бірнеше баяу теңселуден кейін циферблатты 
кӛрсеткіштің тілі шкаланың нульдік бӛлігінде тоқтауын қадағалайды. Егер 
циферблатты кӛрсеткіштің тілі шкаланың нульдік бӛлігінде тұрмаса, онда оны 
аралық механизмнің шкафындағы тараның реттеуішімен туралау қажет.
Шкалалы таразыны былайша тексереді. Үлкен және кіші шкаладағы 
жылжымалы гірді нульдік қалыпқа қояды. Таразыдағы арретирді ашқан соң 
таразының күйентесі бірнеше бірқалыпты теңселуден кейін тепе-тең горизанталь 
күйге келуі тиіс, яғни күйентенің сүйір бӛлігі тепе-теңдікті кӛрсеткіштің 
қарсысында тұруға тиіс. Егер таразының күйентесі кӛрсеткіштің қарсысында 
тұрмаса, оны үлкен шкаладағы тара реттеуішінің кӛмегімен реттеу қажет. Таразы 
тара реттеуішінің кӛмегімен тепе-теңдік күйге келтірілмейтін жағдайда жүкті 


58 
қабылдап-тапсырушы ӛлшеуді тоқтатып, мұндағы ақаулық туралы ӛзінің тікелей 
басшысына хабарлауға міндетті. 
Ӛлшеу жұмысы аяқталған соң жүкті қабылдап-тапсырушы арретирді 
жауып, ӛлшенген жүктің таразыдан алынуын, платформаның қоқыстардан 
тазартылуын, шкалалы таразының жылжымалы гірлері нульдік қалыпта тұруын 
қадағалап, таразының шкафын құлыптауға, ол болмаған жағдайда – циферблатты 
кӛрсеткішті немесе күйентені тыспен жабуға міндетті. 
Элеваторлық, бункерлік, элеваторлық автоматты және автомобильдік 
таразыларда ӛлшеу тәртібі Теміржолда жүкті ӛлшеу, ӛлшеу құралдарын күтіп 
ұстау тәртібі мен технологиясы туралы нұсқауда баяндалған. Массаны ӛлшеу 
құралдарын күтіп ұстауға қойылатын талаптар жүкті қабылдап-тапсырушының 
лауазымдық нұсқауында айқындалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет