Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. Тынышбаев атындағы Қазақ кӛлік және коммуникациялар академиясы


 Тасымалдау туралы ҧзақ мерзімдік шарт жасасу ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет51/114
Дата15.01.2023
өлшемі5.45 Mb.
#468411
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   114
Ж‰к тасымалдау 1-22

9.2. Тасымалдау туралы ҧзақ мерзімдік шарт жасасу ерекшеліктері 
Жүк тасымалдау кӛлемі тұрақтанып, тараптардың ӛзара байланысы 
қалыптасып отырған жағдайда жүк тасымалдау жӛніндегі қатынастар 
тасымалдауды ұйымдастыру жӛніндегі ұзақ мерзімдік шартпен ресімделуі 
мүмкін.


69 
Тасымалдау жӛніндегі шарттарда кӛлік құралдары мен тасымалданатын 
жүкті беру мерзімі мен жағдайлары, жүктің кӛлемі, есеп айырысу тәртібі
міндеттердің орындалмағаны немесе тиісті түрде орындалмағаны үшін 
тараптардың жауаптылығы, сондай-ақ тасымалдауды ұйымдастырудың ӛзге де 
жағдайы айқындалады. Кӛрсетілген шарттарға сәйкес жүк тасымалдаушылар 
жүкті белгіленген мерзімде келісілген кӛлемде қабылдап алуға, ал жүк 
жӛнелтушілер – тасымалдауға тапсыруға міндеттенеді. 
Жүктерді жеткізу мерзімін ӛзгерту, жүктің берілуіне теміржол ӛкілінің 
қатысуы, жүк қабылдаушыны оның атына тиесілі жүктің жақындағаны, 
вагондарды жуу туралы хабардар ету жӛніндегі және т.с.с. мәселелер шартқа 
тасымалдаудың ӛзге де жағдайлары ретінде енгізіледі.
Тасымалдау шарты жүк жӛнелтушіні жүк тасымалдау жӛніндегі ӛтінімді 
тапсырудан босатпайды. Бұл шарт нақты жүкті тасымалдау шартын, сондай-ақ 
кірме жолдарды пайдалану, вагондарды беру және әкету шартын алмастырмайды. 
Ұзақ мерзімдік шартта осы шарттың орындалмауы үшін тараптардың 
жауаптылығы кӛрсетілген жағдайда ғана олар жауапты болады. 
9.3. Жҥк жӛнелтушілердің жҥк тасымалдау жӛніндегі ӛтінімдерін беру, 
оларды қарау және қабылдау тәртібі 
Жүкті теміржол кӛлігімен тасымалдау үшін оны жӛнелтуші тиісінше 
толтырылған ӛтінімнің қажетті данасын тасымалдаушыға береді. Ӛтінім тікелей 
теміржол қатынасында жүк тасымалы басталудан кемінде 10 күн бұрын және 
тікелей және айналма халықаралық қатынаста, тікелей және айналма аралас 
қатынаста, сондай-ақ жүктің баратын жері порт екені кӛрсетілсе – жүк тасымалы 
басталудан кемінде 15 күн бұрын беріледі. Жүк тасымалдау ӛтінімі үш дана 
түрінде беріледі, оның әрқайсысына жүкті жӛнелтушінің қолы қойылып, қаржы 
операцияларында қолданылатын мӛрмен куәландырылады. Қате толтырылған 
ӛтінім қабылданбайды. 
Жүкті жӛнелтушіге тиесілі емес жалпы жұрт пайдаланбайтын теміржол 
тарамынынан жӛнелтуде ӛтінім тасымалдаушыға кӛрсетілген иесімен келісуден 
кейін тапсырылады. Тасымалдаушы қабылданған ӛтінімді екі күн ішінде қарауға 
және оны қанағаттандыратын жағдайда келісу үшін инфрақұрылымның иесіне 
жіберуге міндетті. Инфрақұрылымның иесі тасымалдаушыдан келген ӛтінімді 
қарайды, қажет болса, оны құрылымның басқа иелерімен, басқа кӛлік 
ұйымдарымен, шетелдік мемлекеттердің темір жолдарымен тікелей теміржол 
қатынасында тасымалдауда 5 күннен аспайтын мерзімде, халықаралық және 
аралас қатынаста, сондай-ақ жүктің баратын жері порт ретінде кӛрсетілсе – 10 
күннен аспайтын мерзімде келісіп шешеді, келісудің нәтижесі туралы белгі 
соғылған ӛтінімді тасымалдаушыға қайтарады. Тасымалдаушымен және 
инфрақұрылымның иесімен келісілген ӛтінімді тасымалдаушы жүк жӛнелтуден 
кемінде 3 күн бұрын жӛнелтушіге қайтарады. Жүкті вагондармен және 
контейнерлермен тасымалдау жӛніндегі ӛтінім бланкісі олардың деректерін 
автоматтандырылған әдіспен ӛңдеуге мүмкіндік береді және барлық жүк 
жӛнелтушілер үшін біріңғай құжат болып табылады. 


70 
Жүк жӛнелтушілер әрбір станса бойынша, жүктің нақты атауы кӛрсетілген 
әрбір жүк тобы бойынша, жӛнелту белгілері бойынша вагондар мен 
контейнерлердің тиесілігі бойынша, қатынас түрлері бойынша жеке ӛтінім береді. 
Жүк тасымалдау жӛніндегі ӛтінімде оның күшінде болу мерзімі кӛрсетіледі, 
ол мерзім 45 күннен аспауы тиіс. Ӛтінімнің бағаналарын толтыру тәртібі 
Теміржол кӛлігімен тасымалдау ӛтінімдерін қабылдау ережелерінде баяндалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет