84
Аталған жүктердің құндылығын жариялау
тасмалдаушыны оларға мұқият
кӛңіл бӛліп, сақтықпен қарауға мәжбүрлейді, ал бұл қосымша ұйымдастыру-
техникалық шаралар жүргізуді қажет етеді. Жүктің жарияланған құндылығы үшін
№ 1 Тарифтік нұсқауда кӛрсетілгендей алым алынады. Жарияланған құндылық
үшін алым алу жӛнелтушінің жарияланған құндылық мӛлшерін асыра кӛрсету
мүмкіндігіне тосқауыл болады. Жүк жӛнелтуші жарияланған жүктің құндылық
мӛлшерінің дұрыстығын анықтау мақсатында станса жүктің нақты күйіне
сәйкестігін тексере алады. Құндылығы жарияланған жүкті тасымалдауға ұсынуға
жүк
жӛнелтуші
стансаға
қағазымен
қоса,
құндылығы
жарияланған
тасымалданатын жүктің тізімдемесін береді.
Құндылығы жарияланған
тасымалданатын жүктің тізімдемесі үш дана етіп жасалады.
11.8. Стансаның жалпы жҧрт пайдаланатын орындарынан тиелетін
жҥкті тасымалдауға қабылдау
Тасымалдаушының уәкілеттік берген адамдарының тізбесін тасымалдаушы
ӛзі белгілейді, олардың міндеті – жӛнелту стансасында тасымалданатын жүкті
қабылдау және құжаттарды ресімдеу
Стансаның жалпы жұрт пайдаланатын орындарына жүкті тасып жеткізуді
жүк жӛнелтуші алдын ала толтырылған жүк қағазы бойынша тасымалдаушының
рұқсатында кӛзделген күндері атқарады. Жүк орталықтандырылған әдіспен
жеткізілетін стансаларға бұл жұмысты кӛлік-экспедициялық қызмет кӛрсететін
ұйымдар жүргізеді. Тасымалданатын жүкті қабылдап-тапсырушы
қызметкер
жүкті стансаға енгізу үшін (стансаның жалпы жұрт пайдаланатын орындарынан
тиеп-
жӛнелтуде)
және
стансадан
тиеу
үшін
жүк
жӛнелтушіден
тасымалдаушының рұқсаты (визасы) бар жүк қағазының түпнұсқасын талап етуге
және оның дұрыс толтырылуын тексеруге міндетті. Пакеттелген жүктерді
жӛнелтуде қабылдап-тапсырушы қызметкер жүк қағазында жүктің пакеттерге
салынғаны
туралы,
пакеттеу
құралдарының
(түрі,
саны,
тиістілігі)
пайдаланылғаны туралы жазбалардың болуын тексеруге міндетті. Жүкті қоймаға
қабылдау алдында және оны автокӛліктен тікелей вагонға тиеу үшін қабылдап-
тапсырушы қызметкер:
• тасымалданатын жүктің жүк қағазында кӛрсетілген деректерге (орын
саны, жүктің массасы, ыдысының түрі) сәйкестігін тексеруге;
•
жүктің
тұтастығын, оның ыдысының стандартқа сәйкестігін,
тасымалдауда жүктің сақталуы мен ӛрт қауіпсіздігін қамтамасыз етілуін; пакетпен
қабылданатын жүк пакеттерінің бүтіндігін, олардың санының жүк қағазында
кӛрсетілген деректерге сәйкестігін тексеруге;
• жүк орындарында кӛлік таңбасының болуын және оның ГОСТ-14192-96
Мемлекеттік стандартына сәйкестігін анықтауға;
• адамдардың жеке басына, отбасына, үйіне арналған және кәсіпкерлік қызметке
қатысы жоқ ӛзге де бұйымдарын ұсақ жӛнелтілімдермен жӛнелтуде олардың жүк
орындарының тізімдемесі жасалғанына, құндылығы жарияланғанына кӛз
жеткізуге
және әрбір орынның массасын тауар таразыларында ӛлшеп тексеруге міндетті.
85
Егер жүк жӛнелтуші жүк қағазында жүк қаптамасынының стандартқа
немесе техникалық шарттарға сай келмеуін, жүктің қаптамасыз немесе
зақымданған күйде ұсынылуын атап кӛрсетпесе, жүк
таңбасының жоқтығы
немесе бұлыңғырлығы жүкті тасымалдауға қабылдаудан бас тартуға негіз бола
алады. Жүктің тасымалдауға қабылданғаны туралы қабылдап-тапсырушы
қызметкер Жүкті жӛнелтуге қабылдау кітабына (ГУ-34 үлгісі) жазады. Кітапты
толтыру тәртібі стансаның коммерциялық есеп беру жӛніндегі
нұсқауында
кӛрсетілген. Кӛрсетілген операциялар аяқталған соң қабылдап-тапсырушы жүк
қағазының сыртындағы «Жүкті бӛлшектеп жеткізу» графасына жүктің жеткізілуі
туралы деректі жазып, оны қол қойып куәландырған соң тауар кеңсесіне жібереді.
Әрбір стансада тасымалдауға жүк қабылдау тәртібінің жергілікті жағдайға
байланысты ӛзіндік ерекшеліктері бар.
Станса қоймасына жүк қабылдау графигі 11.4-суретте келтірілген. Жалпы
жұрт пайдаланбайтын орындарға және «автомобиль-вагон» тікелей нұсқасы
бойынша жүк қабылдауда да осындай график қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: