Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. Тынышбаев атындағы Қазақ кӛлік және коммуникациялар академиясы


 Жҥк қағазын тексеру және оған бҧрыштама соғу



Pdf көрінісі
бет61/114
Дата15.01.2023
өлшемі5.45 Mb.
#468411
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   114
Ж‰к тасымалдау 1-22

11.6. Жҥк қағазын тексеру және оған бҧрыштама соғу 
Жүк 
жӛнелтуші 
толтырылған 
жүк 
қағазын 
жүк 
тасымалдауға 
тапсырылмастан бұрын стансаға кӛрсетіп, жүкті тасып жеткізуге, жылжымалы 
құрамды дайындауға және оған жүк тиеуге рұқсат (виза) алуға тиіс. 
―Рұқсат №......‖ деп аталатын графада тасымалдаушының жүк қағазын 
тексеруден соң берген нӛмірі кӛрсетіледі. Тасымалдаушының рұқсат берген 
нӛмірі жӛнелту стансасында тасымалдаушының қол қоюымен куәландырылады. 
Электрондық жүк қағазын толтыруда оған осы қағазға бұрыштама соққан 
тасымалдаушы ӛкілінің лауазымы, аты-жӛні туралы деректер енгізіледі. Әдетте 
жүк қағазы тауар кеңсесіне тапсырылады, ал оған станса бастығы немесе 
контейнер алаңының меңгерушісі, аға тауар кассирі, жүк ауданының бастығы 
немесе контейнер алаңының меңгерушісі бұрыштама соғады. Бұрыштама соғудан 
бұрын жүк қағазының толық толтырылуын және оған енгізілген деректердің 
Ережелерге сәйкестігін мұқият тексеру қажет. Мұнда мыналарды тексереді: 
• жүк тасымалдау жӛніндегі ӛтінімді осы жүкті тасымалдау кӛзделген бе; 
• стансаның атауы № 4 Тарифтік нұсқауға (2-кітап) сай келе ме және бұл 
станса осы жүкпен коммерциялық операциялар жүргізуге ашық па; 
• жалпы жұрт пайдаланылатын 
орындарда түсірілетін вагондық 
жӛнелтілімдерді ұсынуға тораптағы стансаның мамандандырылуын; 
• шектеулер мен тыйым салу кітабы (ГУ-14 үлгісі) бойынша осы стансаға 
жүк тасымалдауға уақытша шектеулер мен тыйым салу жоқ па; 


83 
• жүк қабылдаушының атауы, коды және мекен-жайы туралы толық 
мәліметі; 
• жүктің атауы № 1 Тарифтік нұсқауға сай келе ме; 
• жүкті ұсақ жӛнелтілімдермен тасымалдау ережелеріне сәйкес ұсақ 
жӛнелтілімдерді тасымалдау кезінде – бір жүк орнының массасы мен 
ұзындығының вагонның тегіне сай келуін; 
Жарғыда немесе шартта ӛзгеше кӛзделмесе, жүк жӛнелтуші тасымалдау 
ақысын және алдыңғы жүк тасымалы үшін тиесілі тӛлемді, сондай-ақ 
ресімделетін тасымал үшін алдын ала берілетін ақыны тӛлеген бе. 
Цистерналармен және ашық жылжымалы құраммен тасымалданатын тез 
бұзылатын және қауіпті жүктер тасымалдауға ұсынылатын жағдайда да 
Ережелерде мұндай тасымалдаудың кӛзделгендігі тексеріледі. Жүк қағазында 
жүктің қауіптілігі туралы мӛртаңбаның, авариялық карточканың болуына 
айрықша кӛңіл бӛлінеді. 
Республика шегінен шығарылатын жүктер үшін тауар кассирі жүк қағазында 
жүктің шетелге шығуына рұқсат беретін кедендік белгілердің, мӛртабан мен мӛрдің 
болуын тексеруі тиіс. Кәсіпорындар мен мекемелерде қолданылғанымен, кең 
жұртшылық оны біле бермейтін қабылдаушының қысқартылған және екінің бірі 
түсінбейтін атауларын пайдалануға рұқсат етілмейді. Жүк қабылдаушының 
қысқартылған және түсініксіз атауы, жаңсақ кӛрсетілген мекен-жайы және қате 
жазылған коды жүкті беруге қиындық туғызуы мүмкін.
Тауар 
кассирінің 
автоматтандырылған 
жұмыс 
орнын 
(ТКАЖО) 
пайдалануда жергілікті жұмыс режимінде жүк қағазын толтырудың дұрыстығын 
тексеру және оған бұрыштама соғу автоматты түрде жүргізіледі. 
ТКАЖО-да 
―бұрыштама 
соғу‖ 
режимінде 
тауар 
кассирі 
автоматтандырылған режимде жоғарыда аталған мәліметтерді тексеру үшін жүк 
қағазындағы ақпаратты енгізеді. Жүк қағазын тексеру міндеттерінің орындалу 
нәтижесі бойынша рұқсат (виза) нӛмірін есептеуіш ТКАЖО-дағы рұқсат нӛмірі 
болып табылады. Рұқсат нӛмірін беру туралы оң шешім қабылданса, экранға 
рұқсаттың нӛмірі беріледі, оны тауар кассирі жүк қағазына түсіреді. Бұрыштама 
соғылған жүк қағаздары туралы деректер рұқсат (виза) беру жӛніндегі бағалау 
массивіне кӛшіріп жазылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет