Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. Тынышбаев атындағы Қазақ кӛлік және коммуникациялар академиясы


жҥк тҥсіруге беру уақыты туралы хабарлау



Pdf көрінісі
бет86/114
Дата15.01.2023
өлшемі5.45 Mb.
#468411
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   114
Ж‰к тасымалдау 1-22

жҥк тҥсіруге беру уақыты туралы хабарлау 
Жүк тасымалдаушы жүк қабылдаушыға оның атына келген жүк туралы жүк 
келгеннен кейінгі күннің күндізгі 12 сағатынан кешіктірмей хабарлауға міндетті. 
Мұнда хабарлау тәртібі мен әдістерін станса бастығы белгілейді. Берілетін 
хабарлама осымен бір мезгілде стансадағы жүктің келуін хабарлау кітабына 
тіркеледі. 
Тасымалдаушы жүктің келуі туралы хабардар етпеген жағдайда жүк 
қабылдаушы вагонды, контейнерді пайдаланғаны үшін ақы тӛлеуден, ӛзінің атына 
жүктің келгені туралы хабар алғанға дейінгі уақыт ішінде жүктің сақталуы үшін 
алым тӛлеуден босатылады. 
Егер стансаға келген жүк кеден органдарының бақылауында тұрған болса, 
онда мұндай жүктің келгені туралы жүк қабылдаушымен қатар, тиісті кедендік 
тексеру жүргізу үшін аумақтық кеден органдары да хабардар етіледі. 
Жүк тиелген вагондарды, контейнерлерді жүк түсірілетін орынға беру 
уақыты туралы станса жүк қабылдаушыны вагон, контейнер берілетін уақыттан 
кемінде 2 сағат бұрын хабардар етеді. Мұндай хабарламалар ГУ-2 немесе ГУ-2-
ВЦ үлгісіндегі вагондарды жүк тиеуге немесе түсіруге беру уақыты туралы 
хабарлау кітабына тіркеледі. 
Тасымалдаушы вагондарды, контейнерлерді осындай хабарламасыз жүк 
түсіруге беретін жағдайда оларды пайдаланғаны үшін немесе жүктің сақталуы 
үшін алынатын ақы жүк қабылдаушының атына вагон жүк түсірілетін орынға 
нақты берілген уақыттан 2 сағат ӛткен соң есептеле басталады. Вагон 
хабарламада кӛрсетілген мерзімнен кешіктіріп берілетін жағдайда оның тұру 
уақыты вагонның нақты берілу сәтінен бастап есептеледі. Егер кешігу 2 сағаттан 
асатын болса, тасымалдаушы вагонның берілетін уақыты туралы жүк 
қабылдаушыны қайтадан хабардар етуге міндетті. 
 
14.5. Жҥкті тҥсіру, тіркеу және таңбалау 
Жалпы жұрт пайдаланатын орындарда жүкті, теңдеме жүкті жүк 
қабылдаушылар түсіріп алады. 
Жүк қабылдаушының рефрижераторлы вагондардан, контейнерлерден тез 
бұзылатын құжатсыз жүктерді тікелей вагоннан немесе контейнерден автокӛлікке 
түсіруге рұқсат етіледі. 
Жалпы жұрт пайдаланылатын орындарға жүк түсіретін вагондарды, 
контейнерлерді беру уақытын, сондай-ақ теміржол қызметінің құралдарымен жүк 


111 
түсірудің аяқталу уақытын жүк қабылдап-тапсырушы вагон қағазында және 
қабылдап-тапсырушының жаднамасында кӛрсетеді. 
Тасымалдаушының құралдарымен жүк түсіру уақыты немесе жүк 
қабылдаушының құралдарымен вагондарды, контейнерлерді жүк түсіруге беру 
уақыты стансаның күнтізбелік мӛртабанын басу арқылы жүк қағазының артқы 
бетінде кӛрсетіледі. 
СТО-дан немесе тауар кеңесінен вагон қағаздарын алған қабылдап-
тапсырушы жүк түсіру үшін орын дайындайды, вагондардың жүгін түсіру 
кезектілігін белгілейді және кешенді механикаландырылған бригаданы жұмысты 
орындау тәртібімен таныстырады. 
ЖС АБЖ (АСУ ГС) қызмет ететін жағдайда жүкті қабылдап-тапсырушы 
ЭЕМ-ге вагондардың тізімін енгізіп, оларды беру уақытын кӛрсетеді. 
Жүкті қабылдап-тапсырушы вагондарды орналастырып болған соң БПҚ-
ның ақаусыздығын тексереді және вагонды немесе ашық жылжымалы құрамдағы 
жүкті коммерциялық мақсатта сырттай қарап тексереді. Коммерциялық ақаулық 
байқалатын жағдайда қабылдап-тапсырушы бұл туралы жүк ауданының 
бастығына немесе станса бастығына баяндайды. 
Вагондарды коммерциялық тексеруден кейін қабылдап-тапсырушы БПҚ-ны 
шығарып алып, кешенді механикаландырылған бригаданың бригадиріне жүк 
түсіруге кірісу туралы нұсқау береді. Вагон ішіндегі жүк сыртқа құлап түспеуші 
үшін оның есігін тұтқасынан ұстап, абайлап ашу керек. 
Жүк түсіру барысында қабылдап-тапсырушы вагон қағазының немесе жүк 
қағазының деректерін нақты жүктің болуымен салыстыруы тиіс және жүк 
орындарының санын, таңбалануы мен ақаусыздығын тексеруі керек. Жүкті 
қабылдап-тапсырушы жүктің сақтықпен түсіріліп, жиналуын, зақымданбауын әрі 
вагондардың бүлінбеуін қадағалайды. 
Жүкті тасымалдауда немесе қабылдаушыға беруге дейін сақтауда оның 
бүтіндігіне қатер тӛндіретін ыдысының немесе қаптамасының байқалған барлық 
зақымдануы немесе ақаулығы жойылуы тиіс, шашылған жүк жиналып, ӛлшенуі 
және сақталуы керек. Қаптамалардың зақымдануын немесе ақаулығын жою 
мүмкін болмайтын жағдайда зақымданған орындарды есіктері жабылып, пломбы 
салынатын үй-жайларға орналастырады. 
Жүкті қабылдап-тапсырушы зақымданған орындарды ӛлшеп, стандартты 
массадан стандартты массамен немесе трафареттік массамен салыстырып жүктің 
жетіспейтін массасын анықтауға міндетті. Жүк түсіріліп болған соң қабылдап-
тапсырушы жүк түсірудің басталуы мен аяқталу уақытын вагон қағазына жазып, 
оны ӛзінің қол қоюымен куәландырған соң тауар кеңесіне береді. Тауар кеңесінде 
вагон қағаздарының негізінде жүк қағаздары мен жол ведомостарына жүктің 
қоймадағы орны туралы белгі жасап, түсіру уақытын кӛрсететін күнтізбелік 
мӛртабан басады. 
Жалпы жұрт пайдаланатын орындардағы бүкіл жүк түсіру жұмысы ГУ-44 
үлгісіндегі Жүк түсіру кітабына тіркелуі тиіс. 
Әрбір атауға жататын жүк жеке жолға жазылады. Жүк түсіру барысында 
байқалған ақаулықтарды ―Ескерту‖ графасына түсіреді. Жүк түсіру кітабын 


112 
жүргізу тәртібі стансаның коммерциялық есебін жүргізу жӛніндегі нұсқауда 
баяндалған. 
Жүкті беру алдында оларды қоймадан табуды оңайлату үшін жүкті түсіріп, 
жинастырған соң таңбалайды. Осымен бір мезгілде жүк тиеушілер қабылдап-
тапсырушының нұсқауымен жабық және ашық вагондардың есіктері мен 
люктерін жабады, жайдақ вагондардың ернеулерін кӛтеріп, бекітеді, тіреулер мен 
қапсырмалардан босатады. 
ЖС АБЖ қызмет ететін жағдайда жүк түсіру аяқталған соң қабылдап-
тапсырушы М-5 макеті бойынша жүгі түсірілген вагондардың нӛмірін беру 
арқылы операцияның орындалуын тіркейді. 
Жалпы жұрт пайдаланатын орындарда жүк қабылдаушының құралдарымен 
жүк түсіруде стансаның қабылдап-тапсырушының ГУ-45-ВЦ үлгісіндегі 
жаднамасын, ГУ-2а-ВЦ үлгісіндегі Жүк операциясының аяқталуы туралы 
хабарлау кітабын жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет