109
Пойыз тоқтап, оның локомотиві ағытылған соң құрам аялдау белгілерімен
қоршалып, бекітіледі.
Жүк түсіруге келген тиелген вагондардың тасымалдау құжаттары СТО-ға
келіп түседі де, мұнда олардың вагондар мен жүкке сәйкестігі тексеріледі. СТО
операторы
мұндай тексеруден кейін, қажет болса, жеделхат-анықтама қағазға
ӛзгерістер енгізіп, осындай жеделхат негізінде
алдын ала жасалған сұрыптау
қағазындағы деректерді тексереді. СТО операторы осыдан кейін барлық жүк
қағаздарына, жол ведомостары мен вагон қағаздарына жүктің нақты келген
мерзімін кӛрсетіп, күнтізбелік мӛртабан басады, вагон қағазында пойыз нӛмірін
және келген уақытын қосымша кӛрсетеді.
Осыдан кейін әрбір жӛнелтілім құжаттарын вагон мен жүк қағазының
нӛмірін кӛрсете отырып, Тасымалдау құжаттарын тапсыру кітабына (ГУ-48
үлгісі) жазады. Жол ведомостары мен жүк
қағаздары тауар кеңсесіне, ал вагон
қағаздары – жүк аудандарына немесе жалпы жұрт пайдаланбайтын орындардағы
жүк түсіру пункттеріне беріледі.
Құжаттардың тапсырылғаны туралы СТО қызметкері, ал
олардың
қабылданғаны туралы – тауар кеңсесінің немесе жүк сұрыптайтын платформаның
қызметкері кітапқа қол қояды.
Келген вагондарды жүгі түсірілген соң жүк тиеуге пайдалану жоспарланса,
олардың белгілі бір жүкті тасымалдауға жарамдылығын анықтайды. Жүк тиеуге
келген бос вагондарды қарап тексеруде пойызды қабылдаушылар олардың ішінде
тиелген вагондардың жоқтығына кӛз жеткізуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: