Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. Тынышбаев атындағы Қазақ кӛлік және коммуникациялар академиясы


 Жҥкті сақтау мен әкетудің шекті мерзімі



Pdf көрінісі
бет90/114
Дата15.01.2023
өлшемі5.45 Mb.
#468411
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   114
Ж‰к тасымалдау 1-22

15.2. Жҥкті сақтау мен әкетудің шекті мерзімі 
Жалпы жұрт пайдаланатын орындарда жүк сақтау ережелері жүкті 
сақтаудың және жүк қабылдаушылардың оларды стансадан әкетуінің шекті 
мерзімдерін белгілеген. 
Кейбір жүктерді сақтаудың мерзімі тым шектеулі. Бұдан ұзақ сақтау 
олардың толық немесе ішінара бүлінуіне әкеп соқтыратын, сӛйтіп оларды ӛз 
мақсатында пайдалануға жарамсыз ететін тауарларға қатысты белгіленген. 
Мысалы, жаңа қиылған жас гүл – 6 сағат; жас жеміс-жидектер, капуста, картоп 
және қызылшадан басқа жас кӛкӛністер, қиылған ӛсімдіктер – 12 сағат; нан-тоқаш 
бұйымдары, картоп, асханалық қызылша және жас капуста – 1 тәулік; 
рефрижераторлы вагондармен келген барлық тез бұзылатын жүктер, жұмыртқа, 
консервілер мен шырындар – 2 тәулік сақталуы тиіс. Тез бұзылатын және 
адамның жеке басына, отбасына, үйіне және ӛзге де мұқтаждықтарына арналған 
жүктерден басқа кӛптеген жүктер үшін 5 тәуліктік шекті мерзім белгіленген. 
Құжатсыз жүктер үшін мынадай шекті сақтау мерзімі белгіленген: жаңа 
қиылған гүлдер үшін – 12 сағат; сақтау мерзімі 12 сағат деп белгіленген жүктер 
үшін – 1 тәулік; сақтау мерзімі бір және екі тәулік деп белгіленген жүктер үшін – 
1 тәулікке арттырылған; сақтау мерзімі 5 тәулік деп белгіленген жүктер үшін – 5 
тәулікке арттырылған. 
Жүкті шекті сақтау мерзімі оны жүк қабылдаушының құралдарымен 
түсіру сәтінен немесе тасымалдаушының құралдарымен вагонды, контейнерді 
жүк түсіретін орынға беру сәтінен бастап есептеледі. Жүктің ӛзіндік қасиеттерін 
ескере отырып, оны сақтау мен әкетудің белгіленген шекті мерзімі сақтау кезінде 
жүктің бүлінуіне жол бермеуге бағытталған. 
Жарғының 38-бабына сәйкес жүктің келуі туралы дер кезінде хабарланған 
жағдайда стансаға келген жүктер, контейнерлер онда жеткізілу мерзімі аяқталған 
соң 24 сағат сақталады. Тегін сақтау мерзімі жүк түсірілген күнгі 24 сағаттан 
бастап есептеледі. Теміржол құралдарымен жүктің түсірілген уақыты немесе жүк 
қабылдаушының құралдарымен түсірілетін вагондарды, контейнерлерді беру 
уақыты стансаның күнтізбелік мӛртабанын басу арқылы жүк қағазының артқы 
бетінде кӛрсетіледі. 
Жүк түсірілетін орынның бос болмауы салдарынан немесе жүк 
қабылдаушыға байланысты басқа себептерден жүгі түсірілетін вагондарды, 
контейнерлерді беру мерзімі кешіктірілетін жағдайда оны тегін сақтау мерзімін 
есептеу жалпы үлгідегі акт жасалған күнгі 24 сағаттан басталады. Жалпы жұрт 
пайдаланатын орындарда келген жүкті сақтағаны үшін тегін сақтау мерзімі 
ӛтуден жүк қабылдаушының жүкті әкету сәтіне дейін №3 Тарифтік нұсқауда 
кӛрсетілген алым ӛндіріп алынады. 
Жүкті тасымалдаушыға тиесілі контейнерде сақтағаны үшін және 
кәсіпорындар мен ұйымдарға тиесілі немесе олар жолға алған бос және тиелген 
контейнерлерді сақтағаны үшін де контейнерлердің түріне қарай алым алынады. 
Жүкті толымсыз тәулік сақтағаны үшін есептелетін алым ставкалардың тарифтік 
нұсқауында келтірілген сағаттық ставка бойынша жүргізіледі, онда толымсыз 
сағат толық сағат ретінде есептеледі. Жүкті сақтағаны үшін тиісті алым РС-97 


117 
түрлі алымдар квитанциясы бойынша немесе ФДУ-92 жинақ карточкасы 
бойынша алынады. 
Жүк жалпы жұрт пайдаланатын орындардан оны тегін сақтау мерзімі 
аяқталған соң әкетілетін жағдайда жүк қабылдаушы стансаның жауапты 
қызметкеріне жүкті сақтау ақысының тӛленгені туралы квитанцияны алдын ала 
кӛрсетуі тиіс. Жүк қабылдаушыға сақтау мерзімінің ӛткені туралы жазбаша түрде 
хабарлаудан 24 сағат ӛткен соң сақтау алымы арттырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет