«ТАЛДАУ» 1.
Салыстыр. 2. Айырмашылығы неде? 3. Ұқсастығы неде?
4. Тақырыптың басты идеясын жаз сияқты тапсырмалар болу керек.
Немесе, 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады.
Мысалы, жаттығудағы берілген мәтіннен
бір шешендік сөзді алып,
сөйлемдерін толымсыз сөйлемге айналдыр.
Үлгі: Үргеніш шешені:
-
Сөз анасы не?
-
Су анасы не?
-
Жол анасы не? - деп сұрайды.
Сонда Сырым батыр:
-
Сөз анасы –
құлақ,
-
Су анасы -
бұлақ,
-
Жол анасы -
тұяқ! -
деп жауап береді.
Толымсыз сөйлем:
Үргеніш шешені: Сөздің, судың, жолдың анасы не? –
деп сұрайды.
Сырым батыр: Сөздікі – құлақ, судікі – бұлақ, жолдікі – тұяқ! – деп жауап
береді.
1.
Шешендік сөздің көркемдігіне нұқсан келе ме, жоқ па? Себебін айт.
Толымды сөйлемді толымсыз сөйлемге айналдырғанда,
шешендік сөздің
көркемдік нұсқасына нұқсан келеді. Ссбебі: ырғақ, ұйқас өзгереді.
Достарыңызбен бөлісу: