Оқытудағы жаңА Әдіс-тәсілдер қоржынынан есбосын нағиша қожақҚызы №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация»



Pdf көрінісі
бет36/108
Дата26.01.2023
өлшемі1.99 Mb.
#468776
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   108
Жаңа әдіс тәсілдер кітап

«Жұптасып сурет салу» 
Екі оқушы бір қағазға сурет салулары керек. Бірақ не салып 
жатқанын бір-біріне айтпайды, жұмыс барысында сөйлеспейді.
Рефлексия: Сурет салып болғаннан кейінгі көңіл күйді білу. 
Ойында не ұнамады, не ұнады? Ойын барысында қандай қиындық кездесті? 
Нені жеңе алдыңдар? 
«Жүз теңге» 
 
Әр жұпқа 100 теңге беріледі. Олар 5 минут ішінде бір-біріне күш 
көрсетпей, ақшаны біреуіне қалдыруға шешім шығаруы керек. Ал 
45 


пікірталастыра отырып ақша кімде қалатынын шеше алмаса, кері қайтарып 
береді.
Уақыт аяқталған соң әр жұп неге жүз теңге сол ойыншыда 
қалғанын баяндайды. Әділ шешім марапатталады. 
 
«Жылдам фото» 
Бұл ойын оқушылардың зейіндерін шоғырландырып, есте сақтау 
қабілеттерін арттыру үшін жүргізіледі. Оқушылар шеңбер құрып отырады да, 
1-
2 минут бір-бірін көзбен жылдам фотоға түсіреді. Содан соң кері бұрылып 
отырып, мұғалімнің түрлі сұрақтарына жауап береді. Өзінен кейін үшінші 
кім отырғанын, қарсы отырған оқушының үстіндегі киім түсін, кімнің көк 
көзілдірік тағып отырғанын т.с.с сұрауға болады.
Соңында қайта бір-біріне қарап, өз фотоларының дұрыс-бұрыстығына 
көз жеткізеді. 
 
«Жыл мезгілдері» 
Қатысушылар үнсіз өздері дүниеге келген жыл мезгілдері бойынша 
топқа бөлінеді. Содан соң әр топ өз жыл мезгілдерін пантомимо арқылы 
бейнелейді, қалған топ табады. 
«
Зерттеудің алты қадамы» 
 
1. Тапсырманы анықтау: Мен нені анықтауым керек? Мен не істеймін? 
Мен қазір не білемін? Маған қандай лексика керек? Мен өз жұмысымды 
қалай таныстырамын? 
2. Ақпараттың орналасқан орны: Мен ақпаратты қайдан таба аламын? 
Маған кім көмектесе алады? 
3. Тиісті ресурстарды таңдау: Бұл ақпарат пайдалы ма? Мен нені сақтауым 
керек? Маған нені өшіріп тастау керек? Ресурстар қаншалықты сенімді 
болып табылады? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет