Тақырыбы: Алжир Халықтық Демократиялық Республикасы



Pdf көрінісі
бет30/66
Дата31.01.2023
өлшемі2.21 Mb.
#468971
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   66
Myrzabaeva, B. M. Aziia jane Afrika elderinin qazirgi zaman tarihy. 2013

 
 
 
 
 
 


205 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Иордания 
 
1. Иордан Хашимит Корольдігінің жариялануы. 1948-1949 ж.ж. 
араб-израиль соғысынан кейінгі экономикалық және саяси 
жағдай.
2. 1953-1967 ж.ж. Иордания. ІІІ араб-израиль соғысының 
салдарлары. Иорданияның саяси жағдайы. Иорданияның 
әлеуметтік-экономикалық дамуы.
3. ХХ ғасырдың соңындағы Иордания. 
Иордан Хашимит Корольдігі (араб. ةك ل مم لا ةي ندرلأا 
, аль-
Мамляка аль-Урдуния аль-Хашимия) немесе Иордания (араб. 

Аль-Урдун) – Таяу Шығыстағы араб мемлекеті. Солтүстігінде – 
Сириямен, солтүстік-шығысында – Иракпен, шығысында және 
оңтүстігінде – Сауд Аравиясымен, батысында – Израильмен және 
Палестин автономиясымен шектеседі.
Ресми тілі – араб тілі
Астанасы – Амман
Басқару формасы – конституциялық монархия 
Мемлекеттік діні – ислам (сунниттік бағыты) 


206 
Территориясы - 92 300 км² (дүние жүзінде 110-шы) 
Халқы - 6 259 932 адам (2012 ж.), тығыздығы - 68 адам/км² 
Ақша бірлігі – иордандық динар (JOD, код 400) 
Әкімшілік жағынан Иордания 12 мухафазға бӛлінеді. Мухафаз 
басында губернаторлар тұрады, оларды король басқарады. 
Мухафаздар 52 ауданға бӛлінген. 
Иордания мухафаздары 
 
1946 жылы 22 наурызда Лондонда 25 жылға достық және одақ 
туралы ағылшын-трнсиордан келісіміне қол қойылады. Ұлттар 
Лигасының мандаты күшін жойды деп жарияланады. Трансиордания 
тәуелсіз корольдік деп жарияланды. Алайда елде ағылшын әскерлері, 
кеңесшілері мен сарапшылары қала берді. 
1946 жылы 25 мамырда Заң шығарушы кеңестің шешімімен 
Трансиордания әмірлігі «толығымен монархиялық мұрагерліктегі 
тәуелсіз мемлекет» - Иордан Хашимиттік Корольдігі (Иордания) деп 
аты ӛзгертілді. Әмір Абдалла король болды. Бұл күн Иорданияда 
ұлттық мейрам ретінде атап ӛтіледі.
1947 жылы 1 ақпанда корольдің самодержавиялық билігін 
бекіткен жаңа конституция бекітіледі. Абдалла абсолюттік вето 
құқығына ие болды, заңдарды бекітті, қарулы күштердің бас 
қолбасшысы болды, парламентті таратуға, соғыс жариялауға құқылы 
болды. Екі палаталы Ұлттық жиналыс – парламенттің қызметі 
шектеулі болды. Тек корольдің алдында Министрлер Кеңесі жауапты 
болды. 
Елдің жаңа құқықтық статусы Иорданияның Таяу Шығыстағы 
позициясын айтарлықтай нығайтты. 1948 жылы 15 мамырда Амманда 
иордан 
билеушілерінің 
құқықтарын 
кеңейткен 
20 
жылға 
Ұлыбритания мен Иордания арасында кезекті келісімге қол 


207 
қойылады. Корольдіктен ағылшын әскерлері (150 мың адам) 
шығарылады, алайда Лондон ӛзіне соғыс жағдайы немесе қаупі 
тӛнген жағдайда әскери құрылымдарды енгізу, сонымен қатар иордан 
территориясы арқылы әскердің еркін ӛту құқығын сақтап қалды.
1948-1949 ж.ж. бірінші араб-израиль соғысы кезінде Израиль 
мемлекетінің жариялануынан кейін (1948 ж. 14 мамыр) бірден 
Палестинаға басып кірген Абдалла барлық араб әскерилерінің бас 
қолбасшысы деп есептелді. Кейіннен Иордан ӛзенінің Батыс 
жағалауы деген атпен белгілі болған палестина территориялары жеке 
король Абдалланың ӛзіне бағындырылған әскери губернатордың 
бақылауына беріледі. Иордан билеушілері бұл жерлерді сақтап қалу 
үшін аз күш жұмсамайды. 1948 жылы 1 желтоқсанда Ариха 
қаласында (Иерихон) палестиналық рулық ақсүйек, жериеленушілер 
ӛкілдері Палестиналық ұлттық конгресс шақырып, Палестинаның 
Иорданиямен қосылуы туралы пікір айтады және Абдалланы «барлық 
Палестина королі» деп жариялайды. 1950 жылы 24 сәуірде Ұлттық 
жиналыс Иордан ӛзенінің Батыс жағалауын корольдікке қосу туралы 
шешім шығарады және ол «уақытша қосылады және Арабтық 
Палестинаның түпкілікті статусына әсер етпейді» деп бӛліп 
кӛрсетіледі. Батыс жағалау тұрғындары иордандықтармен құқықтары 
теңестіріледі, оның ӛкілдері Ұлттық жиналыс пен Министрлер 
кабинетінің екі палатасының да құрамына кіреді. 
1948-1949 ж.ж. араб-израиль соғысы Иорданияның экономи-
калық және саяси ӛміріне де күрделі ӛзгерістер енгізеді. БҰҰ-ның 
мәліметі бойынша, 1950 жылы маусым айында Иорданияда жарты 
миллионға жуық палестиналық босқындар болған. Оған қоса, 100 
мыңнан 200 мыңға дейін экономикалық босқындар болған. Иордания 
экономикасы босқындарды орналастыру және қоныстандыру 
мәселесіне жауап бере алмады. Қазіргі заманғы ауыл-шаруашылық 
машиналары Иорданияда мүлдем қолданылған жоқ: БҰҰ-ның 
мәліметі бойынша, 1952 жылы барлығы 175 трактор ғана болған. 
Ауыл шаруашылығы халықтың азық-түлік ӛнімдеріне қажеттілігін 
қанағаттандырмады. Экономикалық қиындықтарға шетелдік кӛмектен 
тәуелділікті, үнемі ӛсіп отыратын сыртқы тауар балансының 
тапшылығын және бюджет тапшылығын қосқан жӛн.
Иорданияға неғұрлым дамыған Батыс жағалаудың қосылуы ішкі 
саяси алға басушылықтарға алып келеді. Феодалдық топ ықпалында 
болған 400 мың артта қалған феллахтар мен кӛшпенділерге 
Палестинаның миллионға жуық жұмысшылары, қолӛнершілері, 
шаруалары, интеллигенция және ұлттық буржуазия ӛкілдері қосылды. 
Абсолюттік монархия режимі жаңа бағыныштылардың ерекше түзу 
ниетін туғызған жоқ. Оған қоса палестиналықтардың басым бӛлігі 
корольдік режимді Батыс жағалауды іс жүзінде аннексиялауға және 


208 
Палестинаны бӛлу туралы Израильмен құпия келіссӛздер жүргізуге 
айыптады. 1951 жылы 20 шілдеде Абдалла Иерусалимдегі Аль-Акса 
мешітінің алдында палестиналық ұлттық Аль-Джихад аль-муаддас 
(Қасиетті соғыс) ұйымының мүшесі арқылы ӛлтіріледі.
1951 жылы 6 қыркүйекте таққа отырған Абдалланың үлкен ұлы 
– Талал елдің саяси тәуелсіздігін нығайтуға бағытталған шаралар 
жүргізеді. 1952 жылы 8 қаңтарда қазіргі кезге дейін бірнеше 
толықтырулар енгізумен сақталып келген Иорданияның жаңа 
конституциясы қабылданады. Онда басқарудың монархиялық 
формасы қолдау табады, азаматтарға кӛптеген демократиялық және 
азаматтық құқықтар мен бостандықтар беріледі. Осман билігі 
кезеңінен бері сақталған «бек», «паша» титулдары жойылады.
Корольден басқа конституция заң шығару құқығын екі палаталы 
Ұлттық жиналысқа (парламент) берді. Сенат (40 мүшеден тұратын) 
король арқылы 4 жылға сайланды және жартысы әрбір 2 жыл сайын 
жаңартылып отырды. Депутаттар палатасының 80 мүшесі тікелей 
және жасырын дауыс беру жолымен 4 жылға сайланды. Король 
депутаттар палатасын таратуға құқылы болды. 
«Денсаулық жағдайына байланысты» Талал король міндеттерін 
атқара алмады және 1952 жылы 11 тамызда парламент оның үлкен 
ұлы 16 жасар Хусейн бен Талал бен Абдалла бен аль-Хусейнді жаңа 
король етіп тағайындайды. 1953 жылы 2 мамырда ол таққа отырады 
және сол күннен бастап 46 жыл бойы король Хусейн І Мұхаммедтің 
39-шы ұрпағының (әйел жағынан) мұрагері Иордан Хашимит 
Корольдігінің толық құқылы билеушісі. 
1950 жылдардың ортасында Иорданияны Египет пен Сириядағы 
кең кӛлемді патриоттық қозғалыстардан туындаған патриоттық 
баскӛтерулер қамтиды. Египетке қарсы үштік агрессия Иорданияның 
Франциямен дипломатиялық қатынастарының үзілуіне және 
ағылшындық ұшақтарға иордандық аэродромдарды пайдалануға 
тиым салуға алып келді. Израиль тарапынан болуы мүмкін 
агрессияның алдын алу үшін Иорданияға Сирия, Ирак және Сауд 
Аравиясының әскерлері жіберілді (күз 1956 ж.). 
1958 жылы ақпанда Египет пен Сирияның Біріккен Араб 
Республикасын құруынан кейін Иордания мен Ирак үкіметі жаңа 
мемлекеттік құрылымға қарсы бірігу туралы келіссӛздер бастайды. 
1958 жылы 14 ақпанда басшысы король Фейсал ІІ болып жарияланған 
Ирак-Иордан Араб Федерациясын құру туралы декларация 
жариялайды. 1958 жылы наурыз айында қабылданған федеральдық 
конституцияға сәйкес біріккен парламент (Федерация Кеңесі) және 
федеральдық үкімет, сонымен қатар біріккен қарулы күштер 
құрылды. Федеральдық үкіметтегі барлық басты қызметтерді Ирак 


209 
ӛкілдері иеленді. Алайда Араб Федерациясы Ирактағы монархияға 
қарсы буржуазиялық-демократиялық революция жеңісіне дейін (1958 
ж. 11 шілде) ғана ӛмір сүрді.
1960 ж.ж. бірінші жартысы Иорданияда экономикалық артта 
қалушылықты жоюға бағытталған ұзақ мерзімді бағдарламалардың 
қабылдануымен ерекшеленді. 1962-1967 ж.ж. арналған бес жылдық 
жоспары дайындалады. Оның басты мақсаты – ұлттық табысты 
арттыру және сыртқы кӛмектен тәуелділікті азайту. Денсаулық және 
білім саласында бірқатар жетістіктерге қол жеткізіледі. 1965 жылы 
қаңтар айында «еңбек туралы заңға» түзетулер енгізіледі. 1965 жылы 
сәуір айында парламент саяси тұтқындар мен эмигранттарға амнистия 
туралы заң қабылдайды.
Сыртқы саясатта батыстық державалар ықпалынан неғұрлым 
тәуелсіз болу бағыты таңдап алынады. Басымдылық АЕЛ саяси және 
әскери келісімдерінен басқа кез-келген пактілерге қатысудан бас 
тартуға берілді. Араб-израиль қарама-қайшылығының кезекті 
шиеленісі 
король 
Хусейнді 
Египетпен 
ынтымақтастығын 
жандандыруға және 1967 жылы 30 мамырда Каирде президент 
Г.А.Насермен ӛзара қорғаныс туралы келісімге қол қоюға 
мәжбүрледі. 1963-1964 ж.ж. КСРО және басқа да социалистік 
елдермен дипломатиялық қатынастар орнатылады.
1967 жылы 5 маусымда үшінші араб-израиль соғысы басталады. 
Әскери қимылдар нәтижесінде израильдықтар 1 млн-нан астам халқы 
бар 170 мың км
2
араб территориясын иеленеді. Шығыс Иерусалимді 
қоса Иордан ӛзенінің Батыс жағалауы оккупацияланады. Батыс 
жағалаудың басып алынуы ел алдына күрделі экономикалық және 
әлеуметтік-саяси мәселелерді қойды. Иордания ӛзінің барлық 
ӛңделетін жерінің ширегінен, ӛнеркәсіп орындарының жартысынан 
астамынан айырылады. Осының барлығы корольдіктегі 1967-1974 
ж.ж. ішкі саяси жағдайдың тұрақты қарама-қайшылығын айқындап 
берді. Елдің экономикалық даму бағдарламасын орындау барысына 
қауіп тӛнеді. 
Батысқа дәстүрлі бағытын сақтай отырып, иордан басшылығы 
неғұрлым тұрақты сыртқы саяси бағыт жүргізуге бағытталған 
бірқатар қадамдар жасады. Нәтижесі король Хусейннің Кеңес 
Одағына (1967 ж. қазан) алғашқы сапары болды. Бұнымен қоса 
Иордания басшылығы батыс және араб мемлекеттерінің ӛкілдерімен 
белсенді байланыстарын жалғастырды.
1960 ж.ж. соңында Иордания үшін Палестиналық қарсыласу 
қозғалысымен қарым-қатынастарының орнатылуы зор маңызға ие 
болды. Амманда алдыңғы қатарлы палестиналық ұйымдардың штаб-


210 
пәтерлері орналасты. Иорданиядағы жағдайды талқылау үшін 
шақырылған араб келіссӛздерінің барысында (Каир, 1970 ж. 27 
қыркүйек) 13 қазанда Амман келісімімен толықтырылған иордан-
палестин келісіміне қол қойылады. Оған сәйкес палестина жағы 
иордан тәуелсіздігін құрметтеуге міндеттенді және Израильге қарсы 
әрекеттерге еркіндік берілді, қарсыласу базалары Иордан ӛзеніне 
дейін орналастырылды. Алайда келесі айларда иордан жетекшілері 
елде палестиналық отрядтарды біртіндеп жою жоспарын жүзеге 
асырды, 1971 жылдың ортасында олар толық құрамымен Сирия және 
Ливан территориясына орналастырылды. 
1970-1971 ж.ж. оқиғалар Иорданияның араб әлеміндегі 
жағдайын күрделендірді. Амман әрекеттеріне қарсылық ретінде Ирак 
және Сирия корольдікке ӛз территорияларын жабады, ал бірқатар 
араб мемлекеттері онымен дипломатиялық қатынастарын үзіп, оған 
қаржылай кӛмек кӛрсетуден бас тартады. 
Король Хусейннің стратегиялық жоспарлары оның 1972 жылы 
15 наурызда Иордан Хашимит Корольдігін қайта құру туралы 
ұсынысымен сӛз сӛйлеуі барысында анықталады. Онда астанасы 
Иерусалим болған Палестина ауданынан (Батыс жағалау және азат 
етілгеннен кейін басқа да палестиналық территориялар) және 
астанасы Амман болған Иордан ауданынан (Иордан ӛзенінен 
шығысқа қарайғы территориялар) Біріккен араб корольдігін құру 
қарастырылады. Хусейннің ойлауы бойынша, мемлекет басшысы – 
заң шығару және атқарушы билікті иеленді, сондай-ақ қарулы 
күштердің бас қолбасшысы болды. Ұлттық жиналыс тікелей дауыс 
беру жолымен сайланды және мүшелер саны әрбір екі ауданнан тең 
адамдардан тұрды. Жаңа мемлекетті құру жоспары жүзеге 
асырылмады, себебі кӛпшілік араб елдері оны ПАЕҰ-н палестина 
мәселесін шешуден аластату деп бағалады.
Корольдік 1973 жылғы қазан революциясына ресми түрде 
қатынасқан жоқ: әскери қимылдар негізінен Израиль мен оған 
қарсыласушы Сирия және Египет арасында жүргізілді. Алайда 
Сирияда әскери операцияларға қатысқан бірнеше иордан бӛлімдері 
болды. Ел басшылығының таяушығыс мәселесін реттеу бағыты Таяу 
Шығыс бойынша Женева бейбіт конференциясында (1973 ж. 
желтоқсан) жарияланды. Ол израильдық әскерлердің оккупация-
ланған территориялардан толық шығарылуын, аймақтағы барлық 
мемлекеттердің 
территориялық 
тұтастылығын, 
тәуелсіздігінің 
қамтамасыз етілуін, Палестинаның араб халықтарының заңды 
құқықтарының жүзеге асырылуын, Шығыс Иерусалимнің араб 
ықпалына қайтарылуын кӛздеген талаптарды біріктірді.


211 
1980 жылы 22 қыркүйекте басталған иран-ирак соғысында 
Иордания басынан бастап Ирак жағында болды және оған қаржылай 
кӛмек, саяси қолдау кӛрсетеді, алайда ресми Амман бұл елдің 
тәуелсіздігі мен территориялық тұтастылығын қолдауға ешқандай 
нақты әрекеттер жасаған жоқ.
1982 жылы 20 қыркүйекте король Хусейн ПАЕҰ басшылығына 
болашақтағы қатынастарының «біріккен формуласын» жасау үшін 
келіссӛздер бастауды ұсынады. Иордан-палестин келіссӛздерінің 
бірінші кезеңі 1982 жылдың күзінен 1983 жылдың сәуір айы 
аралығында ӛткізіледі және Иорданияның қалауы бойынша, Я.Арафат 
конфедеративтік байланыстардың орнатылуына тәуелсіз палестина 
мемлекетінің құрылуы алғышарт қалыптастыру керек деп 
есептегендіктен тоқтатылады. Осындай жағдайда 1984 жылдың 
басында Хусейн Батыс жағалаудың корольдікпен байланыстарын 
нығайтуға бағытталған бірқатар шаралар қолданды. Қаңтар айында 
1974 жылы Рабаттағы отырыстан кейін таратылған иордан 
парламентінің депутаттар палатасының қызметі қалпына келтірілді. 
Оның құрамына қайтадан Батыс жағалау халқының ӛкілдері кірді.
Иордан-палестин келіссӛзінің екінші кезеңі (1984 жыл ақпан – 
1985 жыл ақпан) ішкі палестиналық қарама-қайшылықтардың 
шиеленісуі жағдайында ӛтті және «біріккен әрекеттер шеңбері 
туралы» келісімнің жасалуымен аяқталды. Бұл келісім араб 
мемлекеттері арасынан қолдау тапқан жоқ.
1987 жылы желтоқсан айында Израиль оккупациялаған 
жерлерде кӛтеріліс («интифада») басталды. Парламент таратылып, 
Батыс жағалаудың экономикалық даму бағдарламасын жүзеге асыру 
тоқтатылады.
1988 жылы 15 қарашада Я.Арафат Алжирде тәуелсіз Палестина 
мемлекетінің құрылғандығы туралы жариялайды, алайда оның 
территория кӛлемі мен нақты шекарасын кӛрсетпейді. 
Қарастырылып отырған кезеңде кӛп салалы әлеуметтік-
экономикалық құрылымның сақталуына қарамастан, Иордания 
экономика мен әлеуметтік салада айтарлықтай жетістіктерге жетеді. 
1954 жылы 6 млн. динарды құраған ӛнеркәсіп ӛндірісінің кӛлемі 1966 
жылы – 42,3 млн., 1969 жылы – 54,1 млн.-ға дейін ӛссе, ал 1983 және 
1988 ж.ж. сәйкесінше, 285 млн. (21,6 пайыз ҰІӚ) және 376 млн. (27 
пайыз ҰІӚ) динарды құрады. Иордан жетекшілігі жалпы алғанда 
«еркін экономика» принципін ұстанады. 1973 жылдың 1 қаңтарынан 
бастап Иорданияның әлеуметтік-экономикалық дамуының үш 
жылдық жоспары күшіне енсе, ал 1976 жылдан бастап бес жылдық 
жоспары жүзеге асырылуда. 


212 
Иордан ӛнеркәсібінің басты саласы – тау-кен ӛндірісі. 
Фосфориттерді ӛндіру бойынша Иордания дүниежүзінде алтыншы 
және араб елдері арасында – үшінші орынды иеленеді. 1970 
жылдардың ортасынан бастап ұлттық ӛндірістің жаңа саласы – 
минералды тыңайтқыштар ӛнеркәсібін дамыту басталады. 1982 жылы 
кӛктемде тұңғыш ұлттық минералды тыңайтқыштар зауыты іске 
қосылады.
Жоғарыда аталған иордан ӛнеркәсібінің алдыңғы қатарлы 
салалары мемлекеттік секторға кіреді, алайда олардың тез дамуы 
экономиканың 
жалпы 
құрылымындағы 
артта 
қалушылығын 
айтарлықтай ӛзгертуге алып келген жоқ. 1967 жылы елде 7568 
ӛнеркәсіп орны жұмыс жасады, онда 41 034 жұмысшы болды.
1970-1980 ж.ж. салыстырмалы түрде құрылыс жылдам 
қарқынмен дамыды. Ауыл шаруашылығы салыстырмалы түрде нашар 
дамыды. Елде ӛңдеу үшін 580 га жарамды жер бар, алайда табиғат 
жағдайларына тәуелділігіне орай 250 мыңнан 350 мың гектарға дейін 
пайдаланылады. Басты дәнді дақылдары – бидай. Егістік пен 
ауылшаруашылығында ел халқының 60%-ға жуығы еңбек етеді.
Қарастырылып отырған кезеңдегі қаржыландырудың маңызды 
кӛзі шетелдік кӛмек және займдар болды. 1984 жылы Иордания 
негізінен Сауд Аравиясынан, Кувейттен және басқа да мұнай 
ӛндіруші араб елдерінен 1 млрд.долларға жуық мӛлшерде сыртқы 
кӛмек алды. Бірақ соған қарамастан 1985 жылдың соңына қарай 
Иорданияның сыртқы қарызы 2,5 млрд.долларды құрады.
1989 жылдан бастап Хусейн басты құрылымы экономикалық 
либериализация 
және 
жекешелендіру 
болған 
шаруашылық 
реформасын жүзеге асыруды бастайды. Нәтижесінде 1999 жылы ӛсу 
қарқыны жылына 5 пайызға жетеді, бюджет тапшылығы тӛмендейді. 
Иорданияда сонымен қатар қоғамдық-саяси ӛмірді демокра-
тияландыру жүзеге асырылады. 20 жыл ішінде алғаш рет 1989 жылы 
тӛтенше жағдай жойылып, саяси партиялар мен ұйымдар құруға 
рұқсат етіледі, конституция әрекеті толығымен жандандырылады, 
биліктің ӛкілдік органдарына еркін сайлау ӛткізіледі. Елде бірден 20 
партия құрылады, баспасӛз пайда болады, әйел адамдарға сайлау 
құқығы беріледі.


213 
1999 жылы 7 ақпанда корольдік ӛмірінде үлкен қайғылы оқиға 
болады. Иордандықтардың басым кӛпшілігі оның жеке тұлғасымен 
ӛздерінің мемлекеттерінің ӛмір сүруін байланыстырған король 
Хусейн қайтыс болады. Оның ӛліміне дейін корольдің інісі тақ 
мұрагері Хасанның орнына Хусейннің үлкен ұлы Абдалла 
тағайындалған болатын. Ол Иорданияның жаңа короліне айналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет