Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті


«Көлік және жол белгілері. Морфология», «Адамның сырт келбеті мен



Pdf көрінісі
бет26/68
Дата13.02.2023
өлшемі2.25 Mb.
#469484
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   68
5ББЖБ тіл

«Көлік және жол белгілері. Морфология», «Адамның сырт келбеті мен 
мінезі. Морфология» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау 
І нұсқа 
Оқу мақсаты: 
5.2.6.1 оқылым стратегияларын қолдану: жалпы 
мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін 
оқу;
5.3.5.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша 
негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін 
жазу. 
Бағалау 
критерийі: 
 
 
 
Ойлау 
дағдыларының 
деңгейі: 
Білім алушы 
 Оқылым стратегияларын қолданады; 
 Мәтіндегі негізгі ақпараттарды сақтап, жинақы 
мәтін жазады. 
Қолдану 
Орындау уақыты: 
20 минут 
Тапсырма 
Мәтіні мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз. 
Мінез – адам баласының ішкі жан дүниесінің сыртқы көрінісі деуге 
болады. Сондықтан, әл-Фараби бабамыз «Мінез – жанның айнасы» деген екен. 
Әдетте, біз адамдарға қарап мінезі жақсы екен немесе жаман екен деп баға баға 
беріп жатамыз. 
Жақсы мінезді адамдарға ақкөңіл, яғни үнемі көңілді жүретін, жайдары 
адамдарды жатқызамыз. Көбінесе олар ашуланбайды, қайрымды, мейрімді және 
сабырлы келеді. Қытай халқының «Үлкен өзендер ақырын ағады, ал ақылды 
адамдар ақырын сөйлейді» деген мақалы осыған сай келеді. 
Кейде адамның өмір сүру стилі, тағдыры, қоғамдағы орны өз мінезіне 
байланысты сияқты. Мәселен, көптеген психологтар адамның мінез-құлқы оның 
өмір сүруін анықтап береді дейді. Яғни, мінезі ашық, ақкөңіл адамдар тез 
достасып, кез келген адамдармен жылдам дос болып кетсе, мінезі тұйық адамдар 
өзгелермен қарым-қатынасқа түсуі өте қиын. 
Әрине, «Бес саусақ бірдей емес» дегендей барлық адамдардың мінезі 
жақсы бола бермейді. Мінезі жаман адамдарды кекшіл, өзімшіл, қырсық, 
ашуланшақ ретінде байқауымызға болады. Әлбетте, бұл жаман қасиеттер. 
Сондықтан, әл-Фараби «Мінез-құлық міні – рухани кеселге жатады» деген 
болатын. (148 сөз) 
(https://osken-onir.kz) 
1. «Егер ..., онда ..., өйткені ...» тәсілімен мәтін мазмұнына байланысты 2 сөйлем 
құрыңыз. 
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________ 
2. Мәтіндегі нақты ақпараттар арқылы түсініктеме беріңіз. 
Мінезі жақсы адамдар – ________________________________________________


38 
Мінезі жаман адамдар – ________________________________________________ 
Мінезі тұйық адамдар – ________________________________________________ 
Мінезі ашық адамдар – ________________________________________________
3. Мәтіндегі маңызды ақпараттарды белгілеп отырып оқыңыз. Мәтін мазмұнын 
жинақтап, өз сөзіңізбен жазыңыз. (40-50 сөз) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет