Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті

Pdf көрінісі
бет22/68
Дата13.02.2023
өлшемі2.25 Mb.
#469484
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   68
5ББЖБ тіл

Қиял туралы жалпы ұғым 
 
Қиялдың адам қажетіне асуы, оның шындықпен байланысты болуы адамға 
ерекше қанат бітіріп, оның ілгері өрлеуіне себепші болады. Халық «Қыран 
жетпеген жерге қиял жетеді» деп өте тауып айтқан.
Қиял – табиғаттың адамдарға берген үлкен сыйы, әрі құнды рухани сапа. 
Оның адам өміріндегі ерекше мәнін ұлы адамдар да жоғары бағалаған. Туысқан 
қырғыз халқының ұлы жазушысы Шыңғыс Айтматов: «Ақтық демі таусылғанша 
ой ойлап, қиял қанатында ұшатындығымен де адам – биік, адам – ұлы» деп терең 
мағыналы ой қорытындылайды. Қиялдың сиқыр күшінің өзі оның шындықпен
еңбекпен, мақсатпен тығыз ұштасуында. Оны тәрбиелеу де осыған бағытталған. 
Адам әдетте қол жеткеніне қанағаттана қоймайды. Ол өзінің қиялы арқылы 
ізденеді, дүниені өзгертуге, жаңғыртуға тырысады. Болашағын болжайды
келешекте атқарылатын әрекетінің нәтижесін күні бұрын санасында елестетеді. 
Қиялдың, әсіресе, шығармашылық еңбектегі рөлі аса зор. 
Қиял бейнелері адам қажеттігінен тәуелді бола тұрып, оны белсенді 
кызметке итермелейді, творчестволық ісіне күш-жігер қосады.
Қиялы әлсіздің өзі 
де әлсіз. Ендеше бір мезгіл қиялдап, армандап, тұруды да ұмытпайық. (147 сөз) 
(https://massaget.kz/)

32 
2. Мәтіннен қандай ой түйдіңіз. Автордың «Адам өзінің қиялы арқылы ізденеді, 
дүниені өзгертуге, жаңғыртуға тырысады» деген ойына өз пікіріңізді «ПОПС 
формуласы» арқылы білдіріңіз. 
«Менің ойымша, ...» 
«Мен оны былай түсінемін ...» 
«Оны мына деректермен, мысалдармен дәлелдей аламын ...» 
«Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ...» 
_____________________________________________________________________

3. Мәтіннен зат есімдерді тауып, мағыналық түрлерін ажыратыңыз. 
Жалпы 
Жалқы 
Деректі 
Дерексіз 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   68

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет