Қиылыс дегеніміз не?
– Әкетай әкесімен сквер арқылы өтті.
– Әке, қарашы, мына көшелер қиылысады! – деді Әкежан.
– Иә, ұлым! Екі немесе бірнеше көшелердің қиылысуын – көше қиылыстары
деп атайды. Қиылыстарға көліктержан-жақтан жақындап келіп, барлық
бағыттарға тарайды. Бұл жерден сонымен қатар жаяу жүргіншілер де өтеді.
– Қиылыстар қандай болады? – деп сұрады Әкетай.
– Егер көшелер бірінен кейін бірі жан-жақтан қиылысса, ондай қиылысты –
төртжақты деп атайды. Ал егер бір көшеге басқа көшелер бұлақ сияқты бірінен
кейін бірі қосылып жатса, үшжақты қиылыс деп атайды.
– Қиылыстан қалай өтуге болады? Қай жаққа қарай жүру керек? – деп
ойланып қалды Әкетай.
– Егер көше қиылысының бір жағында ғана жаяу жүргіншілер өтпесінің
сызықтары болса, онда көшеден тек осы көрсетілген өтпе арқылы өту керек.
– Неге деп таңқалды Әкетай.
– Жүргізуші бұл жерден жаяу жүргінші өтетіндігін біліп, жылдамдығын
азайтады. Жол қиылысы – ең қауіпті жер. Оны тек жаяулар өтетін жерден ғана
өткен дұрыс. Үлкен қалалардың көлік өте көп жүретін көшелерінен өту үшін жаяу
жүргіншілер өтпесі жер астынан жасалады. Осы өтпелердің қай жерде
орналасқанын жол белгілері көрсетіп тұрады. (159 сөз)
«Жаяу жүргіншілер мектебі»
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Бағалау критерийі
№
тапсырма
Дескриптор
Балл
Білім алушы
Оқылым
стратегияларын
қолданады.
1
Мазмұнға байланысты 2
сөйлем құрастырады:
1-сөйлем;
2-сөйлем.
1
1
Нақты 4 ақпаратты
анықтайды:
1-ақпарат;
1-ақпарат;
1-ақпарат;
1-ақпарат.
1
1
1
1
Мәтіндегі
негізгі
ақпараттарды сақтап,
жинақы
мәтін
жазады.
2
Мәтіндегі маңызды
ақпараттарды белгілейді;
1
Іріктелген ақпараттар
негізінде мәтінді өз сөзімен
жазады.
1
Достарыңызбен бөлісу: |