192
гаплоидты спорадан дамиды. Гаметофит – мөлшері 1 мм болатын, жа-
сыл түсті, жүрек пішінді (5) қырықжапырақтың өскіншесі. Гаметофитте
жапырақ та, сабақ та болмайды, бірақ төменгі жағында ризоиды бола-
ды. Ризоидтың жан-жағынан жыныс жасушалары:
аталық спермийлер
(ә) мен аналық жұмыртқа жасушалары (а) түзіледі. Гаметалар гапло-
идты болады, олар митоз жолымен өнген
гаметофит жасушаларынан
түзіледі. Жыныс жасушалары түзілгеннен кейін ұрықтану жүреді. Ол
үшін аталық спермийлер жұмыртқа жасушаларына жылжып барып
онымен қосылуы керек. Қозғалатын аталық гаметалары бар мүктер мен
қырықжапырақтәрізділердің спермийлері жұмыртқа жасушасына жетуі
үшін су қажет. Сондықтан мүктер мен қырықжапырақтәрізділер ылғал
жерде өседі.
Ұрықтанғаннан
кейін
диплоидты зигота – жұп хромосомалы
ұрықтанған жұмыртқа жасушасы түзіледі. Оның жасушалары митоз жо-
лымен
бөліне бастайды, жас қырықжапырақтәрізді өсімдік түзіледі (6).
Спорофит,өсінді,гаметофит,өскінше,гаплоидты,диплоидты,
гаметалар,зигота.
Достарыңызбен бөлісу: