187
Жыныстық көбеюдің мәні – бірдей емес ата-аналық ағзадан жаңа
қасиетке ие болған ұрпақ пайда болады. Барлық тірі ағза даму барысын-
да осы мақсатқа жетуге ұм тылады.
Жыныстық және жыныссыз көбею, бүршіктену, бөлшектену
(стробиляция),қосжыныстылық,ұрықтану,партеногенез.
Білу және түсіну
:
1. Жыныстық және жыныссыз көбеюге анықтама беріңдер.
2. Бүршіктену және бөлшектену дегеніміз не?
3. «Партеногенез, өздігінен ұрықтану» деген түсініктерге
анықтама
беріңдер.
4. Ағзалардың көбею түрлерін сипаттаңдар.
қолданылуы:
1. Түрлердің өзгергіштігі тұрғысынан көбею түрлерін са лыс тырыңдар.
2. Көбеюдің қай түрі анағұрлым сенімді, қайсысы озық екенін болжап
көріңдер.
3. 101-суретке мұқият қараңдар. Суретте ішекқуыстылардың көбею
сызбасы берілген. Әртүрлі сандармен көбеюдің қай түрі
берілгенін
анықтаңдар.
4. Қандай ағзалар тек жыныстық жолмен, қайсылары жыныссыз жол-
мен көбейе алады?
5. Бөлшектену қалай жүретінін сипаттаңдар.
Талдау:
1. Ағзалардың түр даралары санының артуы мен көбею түрінің арасында
қандай байланыс бар екенін анық таңдар.
2. Жыныстық көбею анағұрлым ілгерінді жүретінін дә лел деңдер.
3. Жыныстық көбею сатыларын талдаңдар.
4. Жыныстық көбеюдің түрлері: ұрықтану – өздігінен, айқас, қос-
жыныстылық, әртүрлі
жыныстық, партеногенезді сыз ба түрінде
бейнелеңдер.
5. Жыныстық көбею туралы өз пікірлеріңді айтыңдар.
Синтез:
1. Көбею түрлерін шығуы және белгілері бойынша жіктеңдер: 1) ата-
аналарының саны; 2) өзгергіштік дәрежесі; 3) хромосома жиынтығында
айырмашылығы бар көбеюге қатысатын жасушалары бойынша;
4)
митоз және мейоз; 5) ұрпақ санының көптігі; 6)
эволюциялық
артықшылығы; 7) жағдайларға тәуелсіздігі бойынша.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
188
2. Көбеюдің түрлері мен тәсілдері өзара қалай байланыс ты? Өзгергіштік
тұрғысынан партеногенезді жыныссыз жолмен теңестіруге бола ма?
Себебі неде және неліктен?
3. Жыныстық көбеюдің эволюциялық мәні неде? Оның қандай
артықшылықтары бар?
4. Эволюция барысында жыныстық көбею
ешқашан пайда болмаған
жағдайды модельдеңдер. Егер эволюция барысында жыныссыз көбею
ешқашан пайда болмаса ше?
Бағалау:
1. Мынадай құбылыстардың мәнін бағалаңдар. «Қандай жағдайда әртүрлі
түр дараларының арасында генетикалық материалдардың алмасуы
жүреді? Қандай жағдайда тек гаметалар түзіледі?
2.
Көптеген ғалымдардың айтуынша, омыртқалы жануар лар дың ара-
сында партеногенез – өте сирек кездесетін жағдай (түрлердің 0,1%-
нан көбі). Ол сүтқоректілерде мүл дем кездеспейді. Сүтқоректілердің
дамуында және эволю циялық құбылыс ретінде партеногенездің даму
дәрежесі туралы қандай қорытынды шығаруға болады?
Ғалым-
дар Солтүстік Америкада тіршілік ететін жартас ты кесірткелерде
аталықтары болмайтынын тапқан. Олар шын мәнінде комод айдаһары
сияқты партеногенез жо лымен көбейетін шығар. Талқылаңдар. Мұны
анықтау үшін қандай зерттеулер жүргізуге болады?
Достарыңызбен бөлісу: