А. Соловьева, Б. Ибраимова


1 1 - с ы з б а ЭКТОДЕРМА



Pdf көрінісі
бет155/231
Дата16.02.2023
өлшемі5.1 Mb.
#469668
түріОқулық
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   231
199
1 1 - с ы з б а
ЭКТОДЕРМА
МЕЗОДЕРМА
ЭНТОДЕРМА
Тері (сыртқы қаба ты) 
тер және май бездері
шаш, тырнақ, жа нуар-
лардың тұяғы мен 
мүйіздері және т.б. 
Жүйке жүйесі және 
барлық сезім мүшелері 
түзіледі 
Бұлшық еттер, қаңқа 
сүйектері, сіңірлер, 
шемір шектер, буындар. 
Жүрек, қан тамырла-
ры, қан. 
Зәр шығару және жы-
ныс мүшелері жүйесі 
түзіледі
Асқорыту жүйесі, 
тер бездерінен басқа 
бездердің барлығы. 
Өкпе және басқа да 
тыныс алу мүшелері 
түзіледі 
бір-бірінен ерекшелене отырып, жасушалардың екі қабығын түзеді. 
Гаструланың ерте сатысы дегеніміз – екіқабатты ұрық. Бұл сатыда екі 
түрлі ұрық жапырақшасы түзіледі: сыртқы ұрық жапырақшасы – экто-
дерма, ішкі ұрық жапырақшасы – энтодерма. 
Біртіндеп үшінші ұрық жапырақшасы – мезодерма түзіледі. 
Соңғы­
(кеш)­гаструла­дегеніміз­–­үшқабатты­ұрық.­
Егер бұл омыртқасыздардың ұрығы болса, соңғы гаструладан 
кейін мүшелердің дамуы – органогенез үдерісі басталады. Ал егер бұл 
омыртқалылардың ұрығы болса, бірнеше жасушалардың бөлінуінен ми 
мен жұлынның бастамасы – жүйке түтігі пайда болады. Бұл 
нейрула 
сатысы деп аталады. Желілі жануарлардың ұрығында мүшелері нейрула 
сатысынан кейін түзіледі. 
Мүшелер мен ұлпалардың түзілуі. Мүшелердің әртүрлі ұлпалары мен 
мүшелер жүйесі қатаң түрде ұрық жасушасының белгілі бір орнынан 
пайда болады. Заманауи ғылымда ұрықтан мүшелердің дамуын бақылау 
механизмі толық зерттелмеген. 
Жануарлардың 
ұрығы 
үш 
ұрық 
жапырақшасынан 
тұ рады. 
Ұрық жасушасының сыртқы қабаты – эктодерма, ортан ғысы – 
мезодерма, ішкісі – энтодерма. Ұрықтың әр ұрық жапы рақшасынан белгілі 
бір мүшелер тобы түзіледі (11-сызба). 
Ұрық және ұрық жапырақшаларынан мүшелер мен ұлпалардың 
түзілуінің белгілі бір анықталған эволюциялық логикасы бар. Себебі 
тірі ағзалар эмбриондық дамуы кезінде өзінің тарихи дамуын қысқаша 
қайталайды. 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


200
Эктодерма сыртқы қабат болғандықтан одан тері және оның туынды-
лары түзіледі. Жүйке жасушалары эволюцияның бастапқы кезінде сырт-
тан келетін тітіркендіргіштерді қабылдайтын тітіркенгіш жасушалар 
болған. Олар әлі толық мүше түзбеген, тек дене бетінде шашыраңқы орна-
ласты. Бірақ олардың саны біртіндеп артып қана қоймай, жүйке, жүйке 
түйіндері, ми мен жұлын сияқты мүшелер түзілді. Ми – ми сауытын-
да, жұлын омыртқа жотасының өзегінде орналасқан. Жоғары сатыдағы 
дамыған ағзалардың миы мен жұлыны зақымданғанда олар тіршілігін 
жояды. Ал дененің сыртында сезім мүшелері – көз, тері, құлақ, тіл пайда 
болады. 
Мезодермадан бұлшық еттер мен дәнекер ұлпалары түзіледі. Бұлшық 
ет бар жерде қаңқа сүйектері, буындар, сіңірлер, шеміршектер пайда бо-
лады. Ең үлкен бұлшық ет – жүрек бұлшық еті. Онымен әрқашан қан 
мен қан тамырлар қатар дамиды. Жыныс мүшелерінің бұлшық еттері де 
жақсы жетілген, ол кейбір жануарларда зәр шығару мүшелерімен тығыз 
байланысты болады.
Көпжасушалы жануарларда (гидралар, медузалар, мар жандар) алғаш 
рет ішекқуыстыларда – әртүрлі дене қабат тары пайда болды. Бұлар 
қосқабатты, денесі бір ғана қуыс тан тұратын, көпжасушалы жануарлар-
дың төменгі сатыдағы дамыған түрлері. Олардың денесінің сыртқы қаба-
ты – экто дерма, ішкі қабаты – энтодерма және ішек қуысынан тұрады. 
Эмбриогенез,­ постэмбриогенез,­ зигота,­ бөлшектену,­ бластула,­
гаструла,­нейрула,­органогенез,­эктодерма,­мезодерма,­энтодер-
ма.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   231




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет