204
Тұқым қуаламайтын модификациялық өзгергіштікте – ДНҚ
молекуласындағы гендер мен хромосомалар өзгермейді. Егер арғы тегіндегі
ата-аналары ірі болмаса, қорек жетіспесе ағза ешқашан да ірі болмай-
ды. Бір түрге жататын суық климатта тіршілік ететін сүтқоректілердің
жылы аймақтарда тіршілік ететін туыстарына қарағанда терісінің жүні
қалың болады. Егер бұл жануарлардың тіршілік ортасын өзгертетін бол-
са, түлеуден кейін терісінің жүні жұқарады.
Тұқым қуалайтын өзгергіштіктің нәтижесінде ағзалар өз туыстас-
тарынан
өзгеріп қана қоймай, өзгерген белгілерді ұрпақтарына береді.
Тұқым қуалайтын өзгергіштік әрқашан да ағзаның тұқым қуалайтын
белгілерінің өзгеруімен тікелей байланысты болады.
Мутация кезінде ағзаның басқа да қасиеттері сияқты ДНҚ
молекуласының құрамы да кездейсоқ өзгеріске ұшы райды. ү
йлесімдік
(комбинативтік) өзгергіштікте ата-ана ларында
және олардың арғы
тегінде болған белгілер жаңадан үйле сім тауып бірігеді.
Эволюциялық үдерістегі өзгергіштіктің рөлі.
Эволюция – тірі ағзалардың
қоршаған ортаға бейімделуінің артуымен және біртіндеп дамуы
арқылы жүретін үдеріс. Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясын
табиғи
сұрыпталу теориясы деп те атайды. Сұрыптау нәтижесінде түрлердің
қоршаған ортаға жақсы бейімделгендері ғана сақталады. Егер барлық
ағзалар
бірдей болса, сұрыпталу болмас еді. Өзгергіштікке байланыс-
ты ағзалардың түрі сан алуан. Сондықтан
«табиғи сұрыпталу тұқым
қуалайтынөзгергіштіктіңнегізіндежүреді»деп бекер айтылмаған.
Қандай да бір ағза кездейсоқ мутацияның нәтижесінде жаңа түске ие
болды деп есептейік. Егер ол түс оны жауынан қорғайтын болса, онда ол
тірі қалады. Жауынан қорғану артықшылығы бар, жаңа түске ие болған
ағза өзінен кейін көптеген ұрпақ қалдырады.
Оның ұрпақтары да на-
шар түске боялған туыстарына қарағанда жыртқыштардан анағұрлым
қорғалған және көптеген ұрпақ қалдырады. Осылайша,
біртіндеп бұл
ағзалардың топтары немесе негізгі бөлігі бірнеше ұрпақтан кейін өздеріне
пайдалы түске боялады. Бейімделу, тұқым қуалайтын өзгергіштіктің
(кездейсоқ мутация) барысында осы ағзалардың генофондында бекиді.
Пайда болған түс ағзаны жыртқыштардан
қорғай алмайтын болса,
бұл түстің тасымалдаушысы жойылады.
Өзгергіштік сұрыптау үшін материал береді. Табиғи жағдайда бірдей
емес ағзалардың бейімделуі біреуінде жақсы, ал екіншісінде нашар бо-
лады. Сұрыптау нәтижесінде көбеюге қажетті тұқымқуалаушылық
қасиеттері жақсы ағзаларды сақтап қалады да,
жағымсыз қасиетке
иелерін жойып жібереді.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
205
Тұқымқуалаушылық қа си ет тері ұрпақтарына беріл мей тін дік тен
модифи кация лық өз гер гіштіктің эво лю циялық рө лі жоқ. Моди фи кация ке-
зін де ағзалардың бейім делуі орта жағдайлары ке нет тен өз гер генде тіршілігін
сақ тап қалуда маңызы зор. Құр ғақ шылықта
немесе қыш қыл жауыннан
кейін ағаш тардың жапырағын тү сір меуін елестету мүмкін емес. Егер бұлай
болмаған жағ дайда олар тіршілігін жояр еді.
Тұқым қуалайтын өзгергіштік эволюцияның маңызды қозғаушы
күштерінің бірі болып саналады. Эволюция – ағзалардың ұрпақтарында
көптеген пайдалы қасиеттердің жинақ та лу үдерісі. Бейімделгіштік
қасиеттерінің артуы эволюция үдерісінде тірі ағзалардың жаңа түрлерінің
пайда болып, дамуына апарады.
Өзгергіштік болмаған жағдайда тірі ағзалар
сол қалпы өзгермеген
күйде бірдей болып қала берер еді. Жаңадан еш нәрсе де пайда болмас
еді. Тұқым қуалайтын өзгергіштік сұрыптау үшін алғашқы материал-
ды жеткізеді, ал табиғи сұрыпталу осы материалдардан орта жағдайына
бай ланыс ты тиімділерін іріктейді. Ч. Дарвин сұрыптауды эволюцияның
негізгі факторы деп айтқан. Сұрыптау – эволюцияның бағыттаушы фак-
торы. Эволюция үдері сінің өзі тұқым қуалайтын өзгеріссіз жүрмейді.
Тұқымқуалаушылық,өзгергіштік,эволюция,тұқымқуалайтын
өзгергіштік,
мутациялық,
үйлесімді
(комбинативтік)
және модификациялық (тұқым қуаламайтын) өзгергіштік,
бейімделу.
Достарыңызбен бөлісу: