А. Соловьева, Б. Ибраимова


Су және құрлық экожүйелері



Pdf көрінісі
бет172/231
Дата16.02.2023
өлшемі5.1 Mb.
#469668
түріОқулық
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   231
Су және құрлық экожүйелері. Құрлық экологиялық пирамидасы 
жоғарыда айтылып кеткендей құрылған (12-сызба, 
а). Су немесе мұхит
экожүйелері ерекше болады (12-сызба, 
ә). Бұл – ғаламшардағы продуцент-
тер мөлшері консументтер мөлшерінен көп емес бірден-бір экожүйе. 
Ол – су және құрлық экожүйелерінің басты айырма шылық тары. 
Яғни теңіз «
экологиялық­ пирамидасы» пира мидаға емес, қиық ромбқа 
ұқсайды. Себебі, жиынтық салмағы бойынша продуценттер кон су-
менттерден едәуір артық болмауы, су экожүйелерінің фото синтетиктері-
нің ерекшеліктеріне байланысты. Олар негізінен біржасушалы бал-
дырлардан, цианобактериялар мен басқа планктон ағзалардан тұрады. 
Қолайлы жағдайда бактерия жасушаларының көбею жылдамдығы 20 ми-
нут. Хлорелла сияқты біржасушалы балдырлардың көбею жылдамдығы 
да осындай болады. Басқа эукариоттық біржасушалы балдырлар біршама 
баяу көбейеді, бірақ бәрібір олардың көбею жылдамдығы жоғары. Көбею 
жылдамдығы және фотосинтез тиімділігі жоғары болғандықтан, бұл 
продуценттер бірінші қатардағы консументтердің қоректік қажетсінуін 
қамтамасыз етіп, экожүйені тұрақты сақтап тұрады. Оларды жеп 
үлгеретін ағзалардың жылдамдығынан кем түспейтін жылдамдықпен 
қалпына келеді (көбейеді).
Экожүйе,­ бірлестік,­ продуценттер,­ консументтер,­ редуцент-
тер,­қоректік­(трофикалық)­тізбектер,­экологиялық­пирами-
да.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


222
Білу және түсіну:
1.
­«Экожүйе» деген түсінікке анықтама беріңдер. 
2. 
Бірлестік дегеніміз не?
3. Неліктен әрбір бірлестікте міндетті түрде 
продуценттер болатынын 
түсіндіріңдер.
4. Күн жарығы немесе энергия көзі болып табылатын жансыз (өлі) 
табиғаттың басқа құрамбөлігі болмаса, экожүйе болуы мүмкін бе?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   231




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет