А. Соловьева, Б. Ибраимова


§56. Тірі ағзалардың өзара қарым-қатынас түрлері



Pdf көрінісі
бет178/231
Дата16.02.2023
өлшемі5.1 Mb.
#469668
түріОқулық
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   231
§56. Тірі ағзалардың өзара қарым-қатынас түрлері
Тірі ағзалардың өзара қарым-қатынас түрлерін сипаттау
Тірі ағзалардың өзара жағымды қарым-қатынастарының түр лерін атаңдар. 
Симбиоз және мутуализм дегеніміз не? 
Белгілі бір аймақта тіршілік ететін ағзалар сол тір шілік ортасына 
бейімделеді. Тірі ағзалардың әртүрлі топ тарының өзара қарым-
қатынасының мынадай түрлері болады: жағымды, жағымсыз, бейтарап. 
Бұл тақырыпта біз жа ғымды қарым-қатынастармен танысамыз. 
Симбиоз – бірлесіп тіршілік ету кезінде (грек сөзінен аударғанда – 
сим­ –­ бірге,­ биос­ –­ тіршілік) екі ағза да немесе олардың біреуі ғана 
екіншісінен пайда көреді. Симбиоздың бірнеше түрі бар.
Нақты­селбестік (кооперация) – екі ағза үшін де пайдалы қарым-
қатынастың түрі. Көптеген құстар тұяқты жануарлардың денесіндегі 
жүнінің паразит кенелерімен қоректенеді. Бұл жағдай құстар үшін 
қауіпсіз болады. Құстарға шабуыл жасайтын жыртқыштар ірі қара тұяқ-
ты ларға шабуыл жасамайды. Құстар ұясын салар кезде кө бінесе бұғы, 
бұлан және сиырлардың қысқы жүндерін жұлып алып пайдаланады. 
Таңқы шаян жұмсақ денелі маржан полиптері – актиниялармен селбесіп 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


228
тіршілік етеді. Актиния шаянды өзінің атпа жасушаларымен қорғайды 
және шаян қорегінің ұсақ бөлшектерін талғажау етеді. Нақты селбестік 
кезінде ағзалардың бірлесіп тіршілік етуі маңызды емес және олар бір-
бірінсіз де тіршілігін жоймайды. 
Азоттүзуші түйнек бактериялары мен бұршақ тұқымдас өсім діктердің 
(бұршақ, үрмебұршақ, қытайбұршақ, соя, ака ция) селбесуі жағымды 
қарым-қатынасқа мысал бола ала ды. 
Бұл бактериялар ауадағы бос азотты сіңіріп, оны ам миакқа айналды-
рады. Аммиакты қосылыстармен қоректеніп аминқышқылдарын түзеді. 
Азоттүзуші бактериялар бұршақ тұқымдастардың түйнектерінде өздерін 
топы рақ тағыға қарағанда анағұрлым жайлы сезінеді. Бұр шақ тұқым-
дастардың түйнектері олардың қолайлы ортасын алмастыра алады. 
Мутуализм (латын. «мутуус» сөзінен аударғанда – өзара) –
әр түрге жататын ағзалардың бір-бірінен бөлек тіршілік ете алмай, өзара 
қолайлы жағдай туғыза отырып селбесіп тіршілік етуі. Мутуализмнің 
кең тараған мысалы – қыналар. Бұл саңырауқұлақтар мен балдырлардың 
өзара селбесіп тіршілік етуі. Қынаның құрамындағы саңырауқұлақтардың 
жіпшелері 
балдырлардың 
жасушаларын, 
жіпшелерін 
тор лап, 
арнайы сорғыш өсінділері пайда болады да, оған енеді. Сол арқылы 
саңырауқұлақтар фотосинтез нәтижесінде балдырлар түзген өнімдерді 
қолданады. Балдырлар болса, саңырауқұлақтардан су мен минералды 
заттарды алады (110-сурет).
110-сурет. Қына – саңырауқұлақ пен балдырлардың симбиозы
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


229
Комменсализм (лат. ком – бірге, менса – стол, трапеза) – серіктестік. 
Бірге тіршілік ететін түрдің біреуі пайда тауып, екіншісі оған мән 
бермейтін симбиоздың кең тараған түрі. Ашық мұхитта ірі теңіз жануар-
ларына (акулалар, дельфиндер, теңіз тасбақалары) ұшқыш балықтар жиі 
еріп жүреді. Акулалар немесе дельфиндердің жоғары жылдамдықпен 
жүзуінен бұл жануарлардың денесіне жанасатын тербеліс қабаты пай-
да болады. Осы тербеліс қабатына түскен ұшқыш балықтар да олардың 
жылдамдығымен бірдей жылдамдықпен жүзеді. Олар өздері еріп жүрген 
жануарлардың тамағының қалдығымен және олардың паразиттерімен 
қоректенеді. Одан басқа ірі жыртқыштармен жа қын жүруі оларды басқа 
жыртқыштардың шабуылынан қорғайды. Акулалардың өздері ұшқыш 
балықтарға тиіс пейді. Бірлесіп тіршілік етудің нәтижесінде негізінен 
ұшқыш балықтар көп пайда көреді. 
Қорқау қасқырлар арыстанның қоректенуінен қалған қалдықты 
жейді. Түрлердің арасындағы мұндай қарым-қатынастар 
«табақтас» 
деп аталады. Оның әртүрлі формасы болуы мүмкін. 
Пәтерлестік­(квартирантство) ағзалардың кейбіреуіне өзге жануар 
түрінің денесі немесе солардың мекен орны баспана болады. Балық 
шабақтары ірі медузалардың шатыр ша сының астына жасырына отырып, 
олардың атпа жасушаларынан қорғана алады. Әсіресе «сайқымазақ» – 
мыл қау балықтардың тіршілік әрекеті қызық. Олар акти ниялардың 
қармалауыштарында тіршілік етеді, бірақ ол өзін шағып алудан қорғану 
үшін қулық жасайды. Балықтар алғашында өзін жай ғана шақтырып 
алады (111-сурет). Содан соң актиния сияқты сілемей түзеді. Сол 
кезде актиния оларды өзіне жақын деп санайды да, қорғай бастайды. 
Құстардың ұясы мен кемі рушілердің індерінде тіршілік ететін көптеген 
бунақ дене лілер өздеріне қолайлы жағдай жасай отырып, сол жер дегі 
тағам қалдықтарының ыдырау өнімдерін қорек етеді.
111-сурет. Анемон балықтар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   231




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет