А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет34/231
Дата16.02.2023
өлшемі5.1 Mb.
#469668
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   231
Сиырдың асқорыту жүйесі басқа сүтқоректілер, соның ішінде 
адамдағы сияқты мүшелерден тұрады. Ол асқорыту бездерінің үш типі: 
сілекей, бауыр және ұйқы безі. Асқорыту жолына ауыз,­ жұтқыншақ,­
өңеш,­асқазан мен ішек кіреді. Басқа күйіс қайыратын жануарлардағы 
сияқты сиырдың асқорытуының ерекшелігі асқазанының құрылысына 
байланысты. Оның асқазаны әртүрлі төрт бөлімнен тұрады (32-сурет). 
Ең үлкені бірінші бөлім – 
үлкен­ қарын (месқарын). Жайылып жүрген 
сиырдың жеген шөбі үлкен қарынға түседі. Онда келесі екі бөлімдегі 
сияқты өсімдік жасұнығын қорытуға көмектесетін бактериялар мен бір-
жасушалылар көп болады. 
Тойған сиыр (үлкен қарнын толтырып) «күйіс қайырады». Осы
кезде бактериялар арқылы жартылай қорытылған шөптің кішкентай 
Жұтқыншақ
Өңеш
Жемсау
Қарын
Ауыз
Iшек
31-сурет. Жауынқұрттың асқорыту жүйесi
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


46
бөліктері ауыз қуысына түсіп, әбден шайналады. Сосын жақсылап 
шайналған қорек екінші рет жұтылады да, қайтадан үлкен қарынға
немесе қарынның екінші бөліміне 
жұмыршаққа түседі. Жұмыршақтың 
рөлі – қорек ұсталып, оны микроағзалардың ұзағырақ ыдыратуы. 
Жұмыршақ пен үлкен қарын – біртұтас бөлім, себебі оларда ұқсас 
үдерістер жүреді.
Жұмыршақтан қорек қарынның үшінші бөліміне – 
қатпаршақ­
қарынға түседі. Бұл бөлімнің осылай аталу себебі кітаптың беттеріне 
ұқсайтын көптеген қатпардан тұрады. Бұл жерде жақсылап ұсақталған 
қорек бактериялар мен қарапайымдар арқылы біржола қорытылады. Со-
нымен қатар сұйықтықтың бір бөлігі қанға сіңіріледі. Сосын едәуір құрғақ 
қорек ботқасы төртінші бөлімге – 
ұлтабарға түседі. Бұл бөлім қарын 
сөлі толы нағыз қарын болып табылады. Осы жерде қорек нәруыздары, 
сонымен қатар қарынның алдыңғы бөлімдерінде асқорытуға қатысқан 
микроағзалар қорытылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   231




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет