А. Соловьева, Б. Ибраимова


Көпжасушалы жануарлардың асқорыту жүйесі



Pdf көрінісі
бет33/231
Дата16.02.2023
өлшемі5.1 Mb.
#469668
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   231
Көпжасушалы жануарлардың асқорыту жүйесі эволюция барысында 
қалыптасты. Біржасушалы жануарларда қоректік заттар денесінің беті – 
жасуша мембранасы арқылы өтеді немесе арнайы органоидтер тұтып 
қалады. Кейін тамақ лизосома арқылы жасуша ішінде қорытылды. Бірақ 
көпжасушалы ағза жасушасына басқа тіршілік иесінің нәруыздары, май-
лары немесе көмірсулары ыдыраған күйде түсуі қажет. Ағза жасушала-
рына қоректік заттарды (тамақ нәруыздары, майлары мен көмірсулары) 
қолжетімді ету үшін асқорыту мүшелері немесе 
асқорыту­ жүйесі­ ке-
рек. Яғни асқорыту мүшелері 
тамақты қорытадықоректік зат-
тарды құрамбөліктеріне дейін ыдыратады да, осы күйінде оларды 
дененің барлық жасушаларына бағыттайды. Мысалы, тамақтың барлық 
көмірсулары 
глюкозаға, майлар глицерин мен май­ қышқылдарына, ал 
нәруыздар 
аминқышқылдарына дейін қорытылады. 
Төмендегі асқорыту жүйесі едәуір же тілген болып есептеледі. 
1) 
Асқорыту­ бездері асқорыту сөлін бөліп шығарады. Сіле кей 
бездері сілекей бөледі. Бауыр 
өт, ал ұйқы безі панкреатин­сөлін бөліп 
шығарады. 
2) Асқорыту өзегі немесе асқорыту жолы – тамақ өтетін және 
қорытылмаған қалдықтар ағзадан шығарылатын мүшелер. Адамның 
асқорыту жолына ауыз, өңеш, асқазан, ішек және т.б. мүшелер кіреді. 
Жауынқұрттың асқорыту жүйесі басқа құрттардан едәуір жетілген. 
Жауынқұртта алғаш рет 
сілекей­ бездері пайда болды. Олар әкке 
ұқсайтын заттар бөледі. Бұл қоректің яғни шіріген жапырақтың 
қышқылдылығын азайту үшін қажет. Шіріген жапырақтар – құнарлы 
азық емес. Сондықтан жауынқұртта жемсау (зоб) мен арнайы қатпары 
бар асқазан қалыптасты. Ол қоректің қорытылатын бетпен жанас-
уын арттырады. Ас қа заннан кейінгі ішектің бір бөлігі қорытылған 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


45
заттардың қан ға түсіп, ағзаның барлық жасушасына жетуі үшін қажет. 
ішек соңғы сег менттегі қорытылмаған заттар шығарылатын аналь 
тесігімен аяқталады. 
Жұтылған топырақ және қорытылмаған қорек қалдықтарын өсімдіктер 
органикалық тыңайтқыш ретінде қолданады. Топырақ жауынқұрттың 
қызметінсіз ондаған немесе жүздеген есе баяу қалыптасып, қалпына 
келетін еді. Жауынқұрт өсімдік қалдықтарының жақсы өңделуіне, 
топырақ қабатының араласуына, топырақ құрылымының жақсаруына 
әсер етіп, оны кеуек етіп, су мен ауаның терең енуіне мүмкіндік жа-
сайды. Жауынқұрт топырақ құнарлылығының жанама көрсеткіші болып
табылды. 
Сонымен, жауынқұрттың асқорыту жүйесі 
ауыз,­ сілекей­ безі,­
жұтқыншақ,­жемсау,­өңеш,­қатпары­бар­асқазан,­ішектен тұрады және 
аналь­тесігімен аяқталады (31-сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   231




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет