А. Соловьева, Б. Ибраимова


§13. Асқазан-ішек жолдарының аурулары



Pdf көрінісі
бет44/231
Дата16.02.2023
өлшемі5.1 Mb.
#469668
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   231
58
§13. Асқазан-ішек жолдарының аурулары
және тамақтану гигиенасы
Асқорыту жолы ауруларының және тамақтан уланудың 
себептерін анықтау
Асқорыту мүшелерінің қандай ауруларын білесіңдер? Ол аурулардың алдын 
алу туралы не білесіңдер?
Асқазан және ішек ауруларын ауру тудыратын микроағзалар (бакте-
риялар, қара пайым дар) және вирустар тудыруы мүм кін. Көбінесе ағ за ға 
ішек жұқпасының (инфекция) қоздырушылары қайнамаған су, жақсы 
жуылмаған көгөністер мен жеміс-жидектер, лас ыдыс-аяқ, кір қол және 
сақтау мерзімі өтіп кеткен тамақ өнім дері арқылы түседі. Микроағзалар 
тез көбейеді, ағзаны улайтын улы заттар бөліп шығарады. Қауіпті 
ауруларға 
дизентерия­ (тышқақ),­ ішсүзегі­ (тиф),­ тырысқақ­ (холера)­
және т.б. жатады. 
Асқазан-ішек жолдары ауруларының жұқпаларын көбі несе шыбындар 
мен тарақандар да таратады. Сондықтан осы жәндіктермен күресуге назар 
аудару керек. 
Паразит құрттар тудыратын аурулар. Омыртқалы жа нуарлар мен 
адам ағзасында әр түрге жататын паразит құрт тар болуы мүмкін. Олар 
адам ағзасына төмендегідей жолмен енеді: 
1) кір қолмен (әсіресе үй жануарларын ұстағаннан кейін қолды жу-
мау) тамақ жеу
2) жуылмаған көгөністер мен жеміс-жидектерді жеу; 
3) шала піскен ет пен балықты, балықтың уылдырығын пайдалану; 
4) ауру таратушы жәндіктердің тамақ өнімдерін бұзуы. 
Паразит құрттар улы заттар бөліп шығарып, ауру тудырады. ішек 
құрттары тудыратын ауру белгілері: адам тез шаршайды, басы ауырады, 
жүрегі айниды, құсады. Кейде бұл қаназдыққа әкелуі мүмкін. 
Тамақтан улану өте тез байқалады. Ол сақтау мерзімі өтіп кеткен
сондай-ақ бұзылған тамақты жеген кезде пайда болады. уланудың бас-
ты белгілері: адамның жүрегі айниды, құсады, асқазаны ауырады, іші 
өтеді, басы ауырады, жалпы әлсіздік байқалады. Кейде дене температу-
расы көтеріледі. 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   231




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет