А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет52/231
Дата16.02.2023
өлшемі5.1 Mb.
#469668
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   231
68
В
2
­дәруменінің­(рибофлавин)­орталық жүйке жүйесінің қалыпты жұмыс 
істеуі, сондай-ақ зат алмасу және қан түзілу үшін маңызы зор. Рибо-
флавиннің жетіспеуі терінің, шырышты қабықтың зақымдануына
көрудің бұзылуына себеп болады. Бала ағзасына 
В
2
дәрумені жеткілікті 
түспесе бойының өсуі тоқтайды, ішкі мүшелерінің шырышты қабығы 
мен терісі қабынады. Көздің мөлдір қабығы қабынып, көзден жас 
ағады. 
В
2
­дәрумені көп мөлшерде ашытқы, бидай кебегі, бұршақ, ет, сүт және 
жұмыртқа сарыуызында болады. 
Бір тәуліктегі қажет мөлшері – 2–2,5 мг.
В
6
дәрумені
(пиридоксин)­ негізінен нәруыздардың алма суын реттейді. 
Ағзаның темірді пайдалануына, эритроциттер дің жетілуіне әсер етеді. Ол 
майлардың алмасуын, бауыр мен терідегі дұрыс зат алмасуын қамтамасыз 
етеді. 
В
6
дәруменін ішек микрофлорасы синтездейді. 
В
6
дәруменінің жетіспеуі
­анемия,­дерматит және тырыспа­ауруын ту-
дырады. 
Бір тәуліктегі қажет мөлшері – 1,5–2 мг.
В
12
дәрумені
(цианкобаламин) қан түзілу үшін қажет. Ол бауырдың 
қызметін реттейді, жүйке ұлпасы жасушаларының жаңаруына қатысады. 
В
12
дәрумені жетіспесе қатерлі анемия ауруын тудырады. 
Бауыр, бүйрек, балық, жұмыртқа 
В
12
дәруменіне бай. Оны ішек мик-
рофлорасы шамалы мөлшерде синтездейді. Сондықтан 
B
12
дәрумені 
үнемі тамақпен бірге түсіп тұруы керек. 
Бір тәуліктегі қажет мөлшері – 2–3 мг.
РР дәрумені (никотин­ қышқылы­ немесе ниацин)­ асқазан, ішек 
жұмысына әсер етеді. Бұл дәруменнің жетіспеуінен жалпы әлсіздік 
байқалады, адамның көңіл күйі өзгереді, 
пел­лагра (итальян тілінен сөзбе-
сөз аударғанда – қатпарланған, тері ауруы дамиды. Теріде көпіршіктер 
мен дақтар пайда болады. 
Ниацинге жануартекті өнімдер мен ашытқы бай. Ол ет, жұмыртқа
қара нан, жержаңғақ құрамында болады. 
Бір тәуліктегі қажет мөлшері – 15–20 мг.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   231




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет