А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет6/231
Дата16.02.2023
өлшемі5.1 Mb.
#469668
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   231
Түзуші ұлпа бірінші болып пайда болады. Тұқым ұрығының жасу-
шалары осы ұлпадан тұрады. Ол барлық ұлпалар мен мүшелерді түзеді. 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


8
Түзуші ұлпаның жасушалары ұсақ, қабықшасы өте жұқа және бір-біріне 
тығыз орналасқан. Оларда хлоропласт болмайды және көптеген ұсақ ва-
куольдерге ие.
Түріне қарай түзуші ұлпалар сабақтың, тамырдың негізгі және 
бүйірлік өстерінің ұштарында, жас жапырақтың негізінде және т.б. 
кездеседі.
Жабын ұлпа өсімдік мүшелерінің сыртын қап тап жатады және олар-
ды кеуіп кетуден, сыртқы ортаның қолайсыз жағдай ларынан қорғайды. 
Бұл ұлпа өң, тоз, қыртыс деп бөлінеді. 
Өң жасушалары тірі, бір-бірімен тығыз жанасқан. Ол – жапырақ, 
гүлдің, көптеген өсімдік жемісінің, шөптесін өсімдіктің сабағы мен 
сүректі өсімдіктің жас өркенінің алғашқы жабынды ұлпасы.
5-сурет. Өсімдік ұлпалары
1, 2 – жаңғақ сүйегіндегі тірек ұлпалар; 3 – жапырақ түктеріндегі бөліп шығарушы ұлпалар
1
2
3
1
2
3
4
4-сурет. Өсімдік ұлпалары: 
1 – сабақ ұшындағы түзуші ұлпа; 2 – ағаш қабығындағы жабын ұлпа; 
3 – жапырақ жұмсағындағы негізгі (фотосинтездеуші) ұлпа; 4 – сабақтың 
өткізгіш ұлпалары
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


9
1-сызба
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


10
Тоз – көпжылдық өсімдіктерде болады. Жасушалары алғашында 
тірі болғанымен, біртіндеп қабықтары қалыңдап, түсі қоңырлау өлі 
жасушаларға айналады.
Қыртыс – ең соңында түзілетін қабат. Ағаш діңінде, бұтақтары мен 
тамырында жаңа қабаттар пайда болып қыртыс түзіледі. Ол жыл сайын 
тоздың пайда болған жаңа қабаттарынан қалыңдай береді.
Негізгі ұлпа ірі, негізінен, домалақ пішінді, қабықшасы жұқа, жа-
сушааралық кеңістіктері кең жасушалардан тұрады. Ат қа ратын қызме-
тіне байланыс ты негізгі ұлпалар – фотосинтездеуші, қор жи нау шы және 
т.б. деп бөлінеді.
Фотосинтездеуші ұлпа – бұл жапырақтың жасыл жұмсағы, жас 
өскін және т.б. Олар бағаналы және борпылдақ жасушалар деп бөлінеді. 
Қор­жинаушы ұлпалар су жинаушы (кактустың саба ғында, алоэның 
жапырағында және т.б.), ауа жинаушы (тұңғиықтың жапырағында) және 
қор жинаушы қоректік заттарға (жемістер, тамыр жемістер, тұқымдар) 
бөлінеді. 
өткізгіш ұлпа – су (ағаш сүрегі және трахеидтер) және қоректік 
заттарды (сүзгілі түтіктер) өсімдіктің бір мүшесі нен екінші мүшесіне 
өткізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   231




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет