Хх ғасыр басындағы қазақ әдебиеті тарихының мәселелері



Pdf көрінісі
бет15/27
Дата26.02.2023
өлшемі1.37 Mb.
#470079
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27
kopbaeva mr khkh gasyr basyndagy kazak debieti tarikhynyn ms

«Теңіздің толқындары қараңғы түнде қорқынышты, 
Жағалаудағы тыныш жандар біздің жайды не білсін» деген бәйітті Шәкәрім 
былайша қазақыландырады: 
Қараңғы толқын, қанды оқпын, 
Қорқыныш, жүк ауыр. 
Біздің жайды не білсін, 
Жағада жүксіз жат бауыр. 
Ал, Шәкәрім түпнұсқа авторымен шығармашылық бәйгеге түскендей, өлеңді 
әрлендіре, шумақтардың орнын ауыстыра тәржімалайды. 
Ақын Шығыс классиктерінің біразының шығармаларын қазақ тіліне аударған. 
Шәкәрімнің бұл саладағы ең көлемді мұрасы арабтың орта ғасырдағы жыры "Ләйлі-
Мәжнүн". (1922 жылы "Шолпан" журналында жарияланған). Автор бұл туындыны 
Физули Бағдади нұсқасынан аударған. Жырдың басында ақын Физулидің аудармасы 
туралы, оның тілінің шұрайлылығы мен көркемдігі туралы толық жазады. Бұның өзі 
түптеп келгенде, қазақ әдебиетіндегі нәзирагөйлік дәстүрдің замды жалғасы ретінде 
таныла алады. 
Шәкәрім Хафиз шығармаларынан да "Кел аяқшы қымыз құй", "Ей, жарымыз, 
айнұры", "Тұр, аяқшы бер қымыз", "Анық ерге жолдас бол" және т.б. өлеңдерін қазақ 
тіліне аударған. Шығыс шайырларының сара жолын негізге ұстанған ғұлама ақын, 
олардың арақ, шарап сипатында қолданған сөздеріне тура түсініктеме беріп отырған. "Кел 
аяқшы қымыз құй" атты өлеңінде кездесетін "арақ" деген сөзді - қымыз деп алғанын, 
"арақ" (қымыз) дегені ақыл, ғылым: хақиқатта "жар" дос дегені, Алла тағала һәм 
табиғаттың көркемдігі деп өзгертіп жазғаны жайында түсініктеме ретінде ескертіп 
отырады . 
Ежелгі Шығыс поэзиясын еркін игеріп, қазақтың қара өлеңінің қасиетін жетік 
меңгерген, Абайды үлгі тұтам Шәкәрім Шығыс поэзиясына тән мәснәуи (бәйт) үлгісіндегі 
өлең құрылысына сәйкес өлеңдер жазады. Ақынның "Насихат" деген өлеңі арабтың екі 
жолды бейт үлгісінде жазылған. 
Сен ғылымға болсаң ынтық бұл сөзімді әбден ұқ, 
Білгеніңнің жақсысын қыл, білмегенді біле бер. 
Білген ердің бол шәкірті, білмегенді қыл шәкірт, 
Үйренуге қылма намыс, үйретуге болма кер. 
Шәкәрім Құдайбердіұлы Пушкин, Лермантов, Некрасов, Толстой сынды 
алыптардың өмір жолын, басты-басты шығармаларын үлкен білімдарлықпен, ерен талант 
қуатымен зерделей келіп, аттары аталған ойшылдардың ту етіп көтерген эстетикалық, 


философиялық, концепциялары жекелеген ұлттың дара жетістігі емес, бүкіл адамзаттың 
мүддесіне ортақ қызмет ететін бірегей рухани байлық деп таниды. Туған халқының 
осындай озық, өнер кәусерінен барынша мол сусындауы игілікті іс деп білген Шәкәрім 
дүниежүзі, орыс классиктерінің таңдаулы деген шығарлмаларын ана тілінде сөйлете 
бастайды. Соның ең елеулілерінің бірі - "бірі А.С.Пушкиннің «Дубровскии романы». 
Түпнұсқа мен Шәкәрімнің "Дубровскийін" әліміз жеткенше өзара салыстырып 
қарағанымызда, қазақ ақынының аталмыш полотноның бүкіл бітім-болмысын мейлінше 
толық шығаруға күш салғанын байқаймыз. Пушкин қағазға түсірген хикаяның сыртқы 
нобайы ғана емес, ішкі имірімлері де, айсбергтің су астындағы бөлігінің жөн-жобасы да, 
нақышын жоғалтпаған. Кейіпкерлердің мінез-құлқын, өмірлік позициясын, олардың 
әрқайсысының даралық сипаттарын өрнектеудегі түпнұсқа авторының қолтаңбасы 
білімдарлықпен қоса бесаспап суреткерлікпен жүзеге асқан. Дегенмен Шәкәрімнің:
Сөйтсе де кете қоймай шетке басып,
Айтармын алыстамай шын жанасып. 
Әншейін ертек айтып отыр демей, 
Жүрекке тыңдағайсың ақылдасып, - деген жолдар соның дәлелі. 
Пушкин соқпағынан табан аудармауды жалаң мақсатқа айналдырмағанын азды-
көпті кейбір еркіндіктерге бару арқылы шығарманың жұртшылыққа түсініктірек болуы 
жағын негізгі нысана еткенін арнайы айтуымыз керек. Мұны алдымен ескерткен 
Шәкәрімнің өзі-тін. Аударманың кіріспесіндегі: 
Жазбаймын дәл өзінше Пушкин сөзін, 
Қазақтың шағылдырар надан көзін, 
Ғылымнан көзілдірік кимеген ел,
Туралап көре алмас күннің көзін. 
"Дубровскийдің" Шәкәрім қажы жасаған нұсқасында да тікелей қатынасы бар. 
Пушкинде романның сюжеті бірден: "несколько лет тому назад в одном из своих 
поместий жил старинный русский барин, Кирилла Петрович Троекуров" (с. 128) деп 
басталса, Шәкәрімнің "Дубровскийі" 124 жолдан тұратын прологтан кейін барып желі 
тартады. Пушкиннің ой-өрісін, қалам ұстау өзгешелігін, азаматтық позициясын толық та 
терең зерделей білген қалам ақыны әр дәуірдегі адамньң, қоғамның болмысын, түр 
сипатын ұзақ шола, келіп: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет