134
[400.55–400.59 тармақтары әдейі бос қалдырылды]
Аудит және шолу тексерісі бойынша тапсырмалар үшін тәуелсіздік туралы
жалпы құжаттама
R400.60
Фирма осы Бөліктің сәйкестігі туралы қорытындыларды,
сондай-ақ
осы қорытындыларды растайтын кез-келген тиісті талқылаулардың
мәнін құжаттауы керек. Әсіресе:
(а)
Сақтық шаралары қауіпті жою үшін қолданылғанда,
фирма
қауіптің сипатын және қолданыстағы немесе қолданылатын
сақтық шараларын құжаттауы керек; және
(b)
Егер қауіп айтарлықтай талдауды қажет етсе және фирма қауіп
қолайлы деңгейге жетті деген қорытындыға келсе,
онда ол
қауіптің сипаты мен қорытындының негіздемесін құжаттауы
керек.
400.60 A1
Құжаттама осы Бөліктің сақталуына қатысты қорытынды жасау
кезінде компанияның пайымдарының дәлелдерін ұсынады. Алайда,
құжаттаманың болмауы фирманың нақты
мәселені қарастырғанын
немесе фирманың тәуелсіз екенін анықтамайды.
Достарыңызбен бөлісу: