З.Ү. Адильшинова, А. М. Сугуралиева



Pdf көрінісі
бет18/48
Дата23.03.2023
өлшемі0.88 Mb.
#471034
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   48
open-file

Сұрақтар мен тапсырмалар 
1. Жалпы білім беретін мектептердегі мүмкіндігі шектеулі балалардың жұмыс 
орнын оңтайлы ұйымдастыру. 
2. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен 
бекітілген санитарлық ережесі. 
 
Пайдаланған әдебиеттер: 
1. 
Ж.Жанділдаева. Инклюзивті білім беру мазмұны. // Қазақстан мектебі, 
2011, №7, 60-61 б. 
2. 
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Баланың 
құқықтары туралы» заңы; 
3. 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы; 
 
14-дәріс. Біздің елде мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру 
ортасына қарай бейімдеу жағдайы 
 
Жоспар: 
1. Жалпы білім беретін мектептердегі мүмкіндігі шектеулі балаларға сиаттама 
беріп, инклюзивті білім беруге енгізу. 
2. Шетелдегі инклюзивті білім берудің деңгейі 
 
Дәріс тезисі: Мемлекеттік саясаттың басты міндеттерінің бірі – мүмкіндіктері 
шектеулі балалардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім 
алу құқықтарын жүзеге асыруын қамтамасыз ету болып табылады.
Білім беру саласындағы халықаралық құжаттар негізінде құрылған 
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүмкіндігі шектеулі баланың 
білім алудағы тең құқықтар қағидалары қарастырылады. 
Мүмкіндігі шектеулі баланың білім алу құқығына кепілдіктер Қазақстан 
Республикасының Ата Заңы – Конституцияда, «Қазақстан Республикасында 
бала құқықтары», «Білім», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді 
әлеуметтік қорғау», «Арнай әлеуметтік қызметтер», «Мүмкіндіктері шектеулі 
балаларды әлеуметтік – медициналық – педагогикалық және психологиялық 
түзете қолдау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында бекітілген. 
Мүмкіндіктері шектеулі баланың білім алуға құқықтарын жүзеге 
асырудың басты мақсаты ретінде оның дене және психологиялық 


60 
ерекшеліктерін ескере отыра балалардың білім алуы үшін қажетті жағдайларды 
жасау қарастырылған. 
Республикамызда жалпы білім беру ортасында мүмкіндіктері шектеулі 
балаларды қалыпты деңгейде дамыған балалармен бірге кіріктіріп оқыту 
үдерісі дамып келе жатқанын атап өту қажет. 
Қазіргі таңда кіріктірудің төмендегідей үлгілері бар: 
1. Жалпы білім беру мектептерінің арнайы (түзету) сыныптарында 
мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуы. 
Қазіргі таңда жалпы білім беру мектептерінің 1318 арнайы 
сыныптарында 9144 мүмкіндігі шектеулі бала, 102 түзету мектебінде 15639 
бала білім алады, оның ішіндегі 2 мыңға жуығы психикалық дамуы тежелген 
балалар, 8049 астам ақыл – ойы кем балалар, қалғандары дене дамуында түрлі 
ауытқушылықтары бар балалар. 
2. Инклюзивті білім беру дегеніміз – қалыпты деңгейде дамыған 
балалармен бірге бір сыныпта мүмкіндігі шектеулі баланың білім алуы. 
Инклюзивті білім беру жүйесіне кіріктірілген балалар үлесі жалпы 
балалар санының 19,1% (2010 жылы 12,0%) құрайды. 
Астана қаласы, Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, 
Қарағанды және Қостанай облыстарында мүмкіндігі шектеулі балаларды білім 
беру ортасына енгізуге жағдай жасау мәселелері өз шешімін табуда. Алматы, 
Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында оқу – 
тәрбие үдерісіне мүмкіндігі шектеулі балаларды кіріктіру мәселелері төмен 
деңгейде. 
Жалпы білім беретін мектептердегі мүмкіндігі шектеулі балаларға 
сиаттама беріп, инклюзивті білім беруге енгізу. Қазақстан Республикасында 
білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасында, орта 
білім жүйесінің ағымдағы жай-күйіне жасалған талдау бойынша «соңғы 
жылдары мүмкіндіктері шектеулі балалар санының өскен, 2005 жылы олардың 
саны 124 мыңды құраса, 2010 жылы 149 мыңнан асты. Олардың 41,4%-ы ғана 
арнайы білім беру бағдарламаларымен қамтылғандығын көрсетті. Аталған 
категория балаларын оқыту 35 арнайы балабақшада, мектепке дейінгі білім 
беру ұйымдарының 228 арнайы топтарында, республика бойынша 101 
корркециялық мектепте және жалпы білім беретін мектептердің 1096 арнайы 
сыныптарында жүзеге асады». Бұл дегеніміз өз білім беру жүйемізде мүмкіндігі 
шектеулі балалармен жұмысты ұйымдастырудың өз жолын құруымыз керек 
деген сөз. 
Бірақ бізде жұмыс істеп тұрған арнайы мектептердің жүйесі сақталады. 
Өйткені бәрін бір партаға әкеп отырғыза алмаймыз. Қанша айтсақ та, 
жарымжан балалар жалпыға білім беретін мектеп жағдайында қажетті білім ала 
алмайды. Сондықтан бұл жүйе кеңейе береді. Жақында ғана республикалық 
зағип балаларға арналған жаңа мектеп салу жөніндегі Үкіметтің шешімі 
шықты. Арнайы мектептер жалпыға білім беретін оқу орындарына ресурс 
секілді болады, өйткені мұнда арнайы ұжым қалыптасқан. 
Қазақстанда мүмкіншілігі шектелген балалардың туғанынан бастап 
әлеуметтік және медициналық-педагогикалық корекциялық амалдары 


61 
амалдары, психологиялық-медициналық-педагогикалық тексерілуді және білім 
алуды ақысыз пайдалану құқығы еліміздің бас Конституциясында «Білім 
туралы», «Мүмкіншілігі шектелген балаларды әлеуметтік және медика-
педагогикалық тұрғыдан қолдау туралы», «Қазақстан Республикасында
мүгедектерді қорғау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» заңдарда 
бекітілген. 
Инклюзивті білім беруді дамытуды мүмкіндіктері шектеулі балалардың 
білім алу жүйесін жетілдірудің басты бағыттарының бірі ретінде қарастырған 
жөн. Бала және оның ата – анасының тұрғылықты жеріне сәйкес жалпы типтегі 
мекемелерде мұндай балаларға білім беруді ұйымдастыру оларды ұзақ мерзімге 
мектеп – интернатқа жіберуден сақтап, отбасында тәрбиеленіп тұруы үшін 
жағдай жасайды, қалыпты деңгейдегі дамыған құрдастарымен күнделікті қарым 
– қатынас жасауды қамтамасыз етеді, әлеуметтік бейімделуі және қоғамға 
кіріктіруге қатысты мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік береді. 
Шетелдегі инклюзивті білім берудің деңгейі. 
XX ғасырдың аяғында көптеген дамыған әлем елдерінде (АҚШ, 
Ұлыбритания, Швеция, Германия, Скандинавия елдерінде) мүмкіндігі шектеулі 
балаларды оқытуды дамытуда алдыңғы орында тұрған инклюзивті білім беру 
болды. Жалпы білім беру үрдісіне енгізілген балаларға оқуды жеңілдететін 
қосымша арнайы жағдай, көмек, қолдау қарастырылады. Әрбір елде 
интеграциялаудың өзіндік үлгісі іске асырылуда, бұл білім беруде 
интеграциялаудың жан-жақты үлгісін құрудың мүмкін еместігін көрсетуде. 
Инклюзивті білім беруді іске асырып жатқан елдерде айқындалған басым 
бағыт жалпы мектептік білім беру саласында қарастырып отырған 
категориядағы балаларды жалпы білім беру үрдісіне міндетті түрде енгізуді 
көздейді. 
Ресейдегі инклюзивті білім беру.1991 жылдың күзінен бастап Ресейде 
«Мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялау» жобасын іске асыру басталды. 
Нәтижесінде 11 аймақта мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялап 
оқытудың экспериментальды алаңдары құрылды.Мүмкіндігі шектеулі 
балалармен педагогтардың жұмыс істеу мақсатында Ресей Федерациясының 
білім министрлігі педагогикалық жоғарғы оқу орындарының оқу жоспарына 
1996ж 1 қыркүйегінен бастап «Арнайы (коррекциялық) педагогиканың 
негіздері», «Мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиясының негіздері» 
деген курстарды енгізді. Ресей Федерациясының білім және ғылым 
министрлінің айтуы бойынша 2008-2009 жылдары инклюзивті білім беру үлгісі 
экспериментальды түрде көптеген білім беру мекемелеріне енгізілген. Ресейде 
мүгедек балаларды оқытудың инклюзивті білім беруден басқа да нұсқалалары 
бар: арнайы мектептер мен интернаттар; коррекциялық мектептер;«Интернат-
үйлер»; үйден оқыту; қашықтықтан оқыту. 
Америка Құрама Штаттарында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту. 
АҚШ-тың мүмкіндігі балаларды оқытудағы қазіргі саясаты жалпы және арнайы 
оқытуды біріктіру ұсыныстарынан тұрады. Бұл біріктірулерде 3 негізгі жолдар 
бар: «негізгі бағыт», «жалпы білім инициативасы», «енгізу». Бұл арнайы білім 
беру алаңында үлкен дау-дамай тудыруда. 


62 
«Негізгі бағыт» мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту негізгі мектептерде 
оқытуды көздейді. Бұл балалар қоғамға араласуы керек болғандықтан, оларды 
әлеуметтік және білім беру қызметтеріне қосу керек деп есептейді. 
«Жалпы білім беру инициативасы»-бұл АҚШ-тың білім департаментінің 
арнайы білім беру бөлімінің ұсынысы. Жалпы білім беру инициативасы -
дамуында ауытқуы бар оқушыларға білім беру шарттарына фундаментальды 
өзгеріс енгізуді ұсына отырып, «негізгі бағыттан» ары қарай дами түскен. 
Кейбір дефектологтар мен негізгі мектептің басшылары жалпы білім беру 
инициативасын мақұлдаса, кейбір дефектологтар мен негізгі мектептің 
мұғалімдері ауытқуы бар балаларға жалпы білім беру инициативасының әсер 
ету мүмкіндіктерін түсіну үшін қосымша сынақтар мен зерттеулер қажет дейді. 
«Енгізу» моделі балаларды ауытқу түріне және көріну деңгейіне тәуелсіз 
тұрған жері бойынша жалпы білім беру үрдісіне енгізуді көздейді. Осындай 
балаларға мамандар тобы жеке оқыту бағдарламасын құрады, сол бойынша 
оқушының жетістігі бағаланады. 
Қазіргі кезде АҚШ-та 1990 жылы қабылданған, «ауытқулары бар тұлғалар 
үшін білім беру акты» деп аталатын заң жұмыс істеуде. Бұл халықтық білім 
беру жүйесінде бала оқуына қажет тегін білім береді. Ата-анасы баласының оқу 
мүмкіндігі туралы қорытынды талап ете алады, ол бала дамуындағы 
ауытқуының бар немесе жоқтығына негіздемеден тұрады. Заң тек арайы білім 
алуға ғана емес қосымша қызмет түріне де құқық береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет