З.Ү. Адильшинова, А. М. Сугуралиева



Pdf көрінісі
бет41/48
Дата23.03.2023
өлшемі0.88 Mb.
#471034
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   48
open-file

Ө 
Өзара әрекет - кейбір іс-әрекетті бірлесіп жасау процесі және осы процесстің 
субъектілерінің оларға (бірлесіп жасаушылар) тигізетін әсері. 
Өздігінен білім алу - адамның білім, ілім және қажетті дағдыларды өз бетімен 
игеруі, білімін жетілдіруі. 
Өздігінен талаптанушылық - адамның өзінің бастамасы бойынша қандай да бір 
іске уақыты мен қайратын жұмсауға ұмтылуы. 
Өздік тиімділік - айналадағы дүниеде тиімді түрде тіршілік ету қабілеті, өзінің 
мұқтаждығын қанағаттандыруға және өзінің қорларын (ішкі немесе сыртқы) дұрыс 
пайдалана білуге қол жеткізу. 
Өзін-өзі актуалдандыру адамның өзінің мүмкіндіктерін айқындап және 
дамытуға жасаған талабы. 
Өзін-өзі бағалау - жеке адамның өзін-өзі бағалауы (өзінің сырт келбетін
қабілетін, жеке қасиеттерін т.б.), өзіндік сана-сезім компоненті. 


89 
Өлшем (критерий) - бір нәрсені анықтау немесе жіктеу үшін қажет белгілер, 
олардың негізінде бағалауды жүзеге асыруға болады; тексеру тәсілі, бағалаудың 
өлшеуіші; теорияда жағдайдың ақиқаттығы немесе жалғандығының белгісі. 
П 
Параллич (гректің paralysis – үзіліс, тоқтау) – сәйкес қимылдық иннервацияның 
бұзылуынан қимылдық функциялардың және ерікті қозғалыстардың толықтай 
жоғалуы.  
Парез (гректің. paresis - әлсіреу деген мағынасын береді) - сәйкес қимылдық 
иннервацияның бұзылуынан белсенді қозғалыстардың амплитудасы мен күшінің 
азаюы.
Педагогикалық әдеп (такт) - (латын тіліндегі tасtиз түйсік, сезім) - өзін лайықты 
ұстай білу, әдеп ережелерін сақтай білуде көрінетін сана-сезім өлшемі. 
Педагогикалық оптимизм - әр баланың мүмкіндігі мен күшіне және оқыту 
жұмысының нәтижелілігіне терең сенуі. 
Педагогикалық процесс - саналы түрде ұйымдастырылған, мақсатты және 
жоспарлы түрдегі ұстаздың шәкірттерімен, оларды оқытып, тәрбиелеу 
мақсатындағы өзара іс-әрекеті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет