Сабақ тақырыбы: Гидродинамика. Сұйықтар мен газдардың ламинарлық және турбуленнтік ағыстары. Оқу мақсаты



Дата02.01.2022
өлшемі75 Kb.
#453110
түріСабақ
10-15





ҰМЖ бөлімі: Сұйықтар мен газдар механикасы

Мектеп: «Ә.Боранбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі»

Күні:21.10.21ж

Мұғалімнің аты-жөні: Тажина М.

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Гидродинамика. Сұйықтар мен газдардың ламинарлық және турбуленнтік ағыстары.

Оқу мақсаты:

10.2.5.1 - сұйықтар мен газдардың ламинарлық және турбуленттік ағыстарын сипаттау;

Сабақтың мақсаттары

Гидродинамиканы біледі.

Сұйықтар мен газдардың ламинарлық және турбуленттік ағыстарын түсінеді.

Гидродинамиканың маңыздылығын анықтайды.


Тілдік мақсат/ негізгі ұғымдар мен терминдер

Гидродинамика, ламинарлық, турбуленнтік.

Құндылықтарды дамыту:

7 құндылықтан: Дұрыс әрекет құндылығын оқушы бойына дарыту.

Бастапқы білім:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері:

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

(АКТ қолдану дағдылары)



Сабақтың басы:

12минут





Оқу мақсаттарын және күтілетін нәтижелерді анықтауға көңіл бөлу;

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, қал жағдайларын сұрау. «Миға шабуыл» тәсілі арқылы оқушылардың өткен сабақта алған білімдерін тексеру

1. Импульстің сақталуы деп нені айтамыз?

2. Дене импульсі деген не?

3. Күш имрульсі дегеніміз не?

4. дене және күш импультарының формуласы қандай?





Сабақтың ортасы:

Жаттықтыру және білімді есепке алу блогы

(20 минут – оқушыға)





Суретте сұйықтың қапталдай ағуы көрсетілген.

А және В нүктелеріндегі ағынға параллель бағытталған қысым күштерінің құраушыларын бірін-бірі теңгермейді. Денеге ағын тарапынан әрекет ететін толық күш дене бетінің жеке элементтеріне әрекет ететін қысым күштерінің қосындысына тең болатындықтан, маңдайлық кедергі болмайды. Қарастырылған жағдайда денені жанай ағу суреттемесінің симметриялы болуынан маңдайлық кедергі ғана емес, көтергіш күш те нөлге тең болады.

Цилиндр айналып тұрғанда, ол өзіне іргелес жатқан ауа қабатын өзімен ілестіріп ктеді де, циркуляция тудырады. Ауаның ағынымен бірге ілгерілмелі қозғалысының және цилиндрмен бірге айнала қозғалу жылдамдықтары бағыттас болатын жерлерде ауаның қорытқы жылдамдығы цилиндрге келіп түсіп жатқан ауа жылдамдығынан артық болады. Ал ағын цилиндрдің айналуынан туатын ауа жылдамдығы түсіп жатқан ауа ағынының жылдамдығанан кем болады. Нәтижесінде түсіп жатқан ауа ағынының айналып тұрған цилиндрді айнала ағуының суреттемесі осы суреттегідей өрнектеледі. Цилиндрдің астында ауаның жылдамдығы цилиндрдің үстіндегі жылдамдыққа қарағанда аз, демек, қысым цилиндрдің астында оның үстіндегіге қарағанда көбірек. Осылай көтергіш күш пайда болады. Бұл құбылыс Магнус эффектісі деп аталады.



Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру



10-сынып физикасы

Сабақтың соңы:

Қорытындылау блогы

(8 минут)



Бағалау:(қалыптастырушы)

Үйге тапсырма: §21

Кері байланыс: «Білдім? Білгім келеді?» әдісі арқылы оқушылар стикерге өз ойларын жазып береді




Саралау – Сіз қосымша көмек (қолдау) көрсетуді қалай

жоспарлайсыз?

Анағұрлым қабілетті

оқушыларға

жаттығуларды

күрделендіруді қалай жасайсыз?

Бағалау-оқушылардың

үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.


Саралау – логикалық тапсырмалар мен жаттықтыру және білімді есепке алу блогытарында орындалады.

Оқушыға жеке тапсырма беріп,оның нәтижесі бойынша деңгейге бөліп тапсыпма беру

Әр тапсырма бойынша дискрипторлар дайындаймын. Дұрыс орындалған әрбір тапсырмаға 1 ұпай бере отырып, сабақтың соңында ұпайлар жиынтығына орай кері байланыс беремін. Мысалы:

«Өте жақсы» 85-100% ұпай жинағандарға;

«Жақсы» 65-84% ұпай жинағандарға;

«Жақсы бастама» 40-64% ұпай жинағандарға;

«Көмек қажет» 0-39% ұпай жинағандарға;

Дәптерге кері байланыс беріледі:

  1. Жетістігі;

  2. Қателігі;

  3. Қателікті жөндеуге ұсыныс.

Сергіту сәттері;

көз жаттығулары; сыныптағы ауаның, жарықтың, жылудың гигиеналық талаптарға сай болуы;

Қаламсаппен, қаламмен, сызғышпен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережелерін сақтауы.

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары

қолжетімді ме?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?




Қорытынды бағамдау:

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? Келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

Тексерілді______________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет