48
Кезекті контейнерді көтеру бұйрығын орындау үшін жүкті
жеткілікті биіктікке көтеруге қажетті уақыт ішінде кернеу жүкті
көтеруші қозғалтқышға беріледі. Келесі
Контейнерді вагонға
орналастыру бұйрығын орындау үшін контейнер алаңынан вагонға
дейін жүкті жылжытуға қажетті уақыт ішінде кернеу жүк салынған
кранды жылжытатын
қозғалтқышқа беріледі. Контейнерді вагонға
тиеу бұйрығын орындау үшін кернеу жүкті вагонның еденіне дейін
түсіруге қажетті уақыт ішінде жүкті төмен түсіретін қозғалтқышқа
береді.
Әрине, бұл жерде алгоримдердің орындалуы жеңілдетілген түрде
көрсетілген, бірақ ол сигналдардың қандай болатындығын және оларға
АтМ қалай әсер ететінін түсінуге мүмкіндік береді.
Автоматты жүйеде электрлік АтМ анағұрлым жиі қолданылады.
Бірақ, сығымдалған ауа энергиясының
көзі ретінде пайдаланылатын
механизмдер де бар, олар –
пневможетектер.
Сужетектерде
қысымның астындағы энергия сұйықтықтары қолданылады
. Бұл
механизмдер көбінесе құрамалы болып келеді және электр энергиясын
да пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: