Материали


САЛТ ЖЫРЛАРЫН ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕЛІГІ



Pdf көрінісі
бет48/150
Дата27.03.2023
өлшемі2.16 Mb.
#471154
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   150
2023-03-21-A4-tom-9

САЛТ ЖЫРЛАРЫН ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕЛІГІ
 
РЕЗЮМЕ 
В данной статье рассматриваются методы и приемы активного обучения в 
преподавании семейно-бытовых и обрядовых песен, в процессе музыкального образования. 
 
SUMMARY 
This article discusses the methods and techniques of active learning in teaching family and 
ritual songs, in the process of music education. 
 
Ғасырлар бойы дәстүрлі салт-жырларына айналып, ұрпаққа ақыл-сана 
беретін, атадан–балаға тұрмыс-тіршілігіне өнеге болып, ауызша жалғасып келе 
жатқан қазақтың қанына сіңген тәрбиелік қағидасын халықтық педагогика 
дейміз. Халықтық педагогика жас ұрпаққа өмір тәжірибесінен 
халықтың сенім, наным-танымынан жинақтап, әдеп пен өнеге беру 
үшін атадан-балаға ауызша жалғасып келе жатқан қағида, оны 
жасаушы - халық. Қазақ халқының тәлімдік мәні зор ой -толғаныстары 
бесік жыры мен батырлық эпостарда, ертегілер мен мақал -
мәтелдерде, аңыздарда, шешендік сөздер мен айтыс термелерде 
көптеп кездеседі. Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің негізгі түйіні – 
адамгершілік – имандылық, ақыл-ой, еңбек, эстетика, дене, отбасы тәрбиесіне 
байланысты мәселелерге келіп тіреледі. 
Халық мұрасының танымдық мәні - ұлан-ғайыр дүние. Ол тұтастай алғанда 
жас ұрпақ үшін ғана емес, адам өмірінің барлық кезеңінде мәнді, адамзаттың 
рухани-эстетикалық қуатының қайнары.[1] Оның ішінде тікелей бала тәрбиесіне 
байланысты, баланың жан-дүниесінің қалыптасуына негіз болатын дәстүрлер 
көп-ақ. Халық өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін жеткіншек ұрпаққа күнделікті 
тұрмыста үйретіп, бала бойына сіңіріп отырған. Халықтың тілін, салтын, 
дәстүрін бойына дарытқан ұрпақ тәрбиелеу үшін халық педагогикасын оқу-
тәрбие жұмысына негіз етіп алуға болады. Халық педагогикасын келер ұрпаққа 
айтар ақылы, ұсынар үлгісі, берер тәлім-тәрбиесі сол елдің күй, би, музыкасы, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   150




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет