Литература
1. Мильруд Р. П., Максимова И. Р. Современные концептуальные
принципы коммуникативного обучения иностранным языкам // Иностр. языки в
школе. - 2000. - 4,5 с. 10-12 ( 4), с. 17-22 ( 5).
2. Улухина Н.В. и др. Контроль устного неофициального общения на
иностранном языке. // Иностр. языки в школе. - 1998. - 2 с. 14-18.
3. Бим И.Л., Миролюбов А.А. К проблеме обученности иностранным
языкам выпускников средней школы. // Иностр. языки в школе. - 2001. - 3 с. 3-
10.
4. Hadfield Charles, Hadfield. Writing Games. Nelson, 1990.
5. Hadfield Jill. Communication Games, Nelson, 1990.
6. Уроки английского языка для преподавателей. - С-Пб, 2002. С. 32-57.
7. Альбуханова-Славская К.А. Личностный аспект проблемы общения //
Проблемы общения в психологии. - М., 1981.
8. Балабайко М.С. Обучение моделирования диалогической речи // Иностр.
языки в школе. - 1976. - 1.
9. Берман И.М., Бухбиндер В.А., Очкасова В.Н. Речевая ситуация и
ситуативная направленность упражнений // Иностр. языки в высшей школе.
1964. - 5.
10. Берман И.М., Бухбиндер В.А., Очкасова В.Н. Речевая ситуация и
ситуативная направленность упражнений // Иностр. языки в высшей школе.
Вып. 10. - М., 1972.
11. Вайсбурд Л.М. Типология учебно-речевых ситуаций // Психолого-
педагогические проблемы интенсивного обучения иностранным языкам. - М.,
1981.
12. Гез Н.И. развитие коммуникативной компетенции в ситуациях
ролевого обучения // тезисы докладов на всесоюзной научной конференции
«Коммуникативные единицы языка». - М: МГПИИЯ им. М. Тореза. - 1984.
АРТЫҚБАЕВА Ж.Ә., АЯПОВА Т.Т.
(АЛМАТЫ, ҚАЗАҚСТАН)
«МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ КОММУНИКАТИВТІ ҚҰЗЫРЕТ» ҰҒЫМЫ
МЕН ОҒАН БАЙЛАНЫСТЫ ҰҒЫМДАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ
Қазіргі уақытта әлемдік қоғамдастықта жаһандану және интеграция
үдерістерімен байланысты елеулі өзгерістер орын алуда. Бұл өзгерістер
көпмәдениетті қоғам жағдайында адамдар арасындағы қарым-қатынасты
қамтамасыз ету қажеттілігін талап етеді. Қазақстанның әлемдік аренада
нығаюы, еліміздің саяси, әлеуметтік және экономикалық байланыстарының
69
ұлғаюы, және де еуропалық білім беру кеңістігіне енуі басқа елдермен және
халықтармен қарым-қатынастың дамуын анықтайды.
Жаңарту процестері, өз кезегінде, шеттілдік білім беруде сапалы жаңа
тәсілдерді және шетел тілдерін оқытудың мақсаттары мен мазмұнын қайта
қарауды талап етеді.
1980 жылдардың соңынан бастап белсенді түрде дамытылған жеке тұлғаға
бағдарланған оқыту тұжырымдамасы (И.Л. Бим, Л.С. Выготский, И.А. Зимняя,
А.А. Леонтьев және т.б.) студенттердің шетел тілін және оқылатын тіл елінің
мәдениетін меңгеруге белсенді қатысуын қамтамасыз етеді. Оқыту мазмұнын
мәдени-бағдарланған ақпаратпен толықтыру идеясы көптеген шетелдік
зерттеушілердің (Г.В. Елизарова, В.В. Сафонова, П.В. Сысоев, С.Г. Тер -
Минасова, M. Byram және т.б.) еңбектерінде көрініс тауып, оқытудағы
мәдениетаралық тәсілге айналды. Аталған тәсілдегі шеттілдік білім берудің
мақсаты инофонмен мәдениетаралық өзара әрекеттесуді жүзеге асыруға дайын
көпмәдениетті тілдік тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
Осылайша, шеттілдік білім беру бүгінгі күні біріншіден, жеке тұлғалық,
екіншіден, мәдениетаралық бағдарға ие. Шетел тілі – өзінің ұлттық- мәдени
тиістілігін терең ұғыну, және де оқылатын тіл елінің мәдениетіне ену, оны өз
мәдени құндылықтармен салыстыру құралы ретінде қарастырылады. Сонымен
қатар, тіл, мәдениет және коммуникация концептілерін құзыреттілік тәсіл
тұрғысынан қайта қарастыру жүреді. Еуропа Кеңесінің нормативтік
құжаттарына сәйкес, оқытудың түпкілікті нәтижесі құзыреттер арқылы
сипатталады. Қазақстанның бірыңғай еуропалық білім беру кеңістігіне енуі
қазақстандық білім беру стандарттарының еуропалықпен келістілігін білім
алушыларда жалпы мәдени, жалпы кәсіби және кәсіби құзыреттер кешенін
қалыптастыру арқылы белгілейді [1, 102].
Шетел тілдерін оқытудағы әлеуметтік-мәдени тәсілі тұжырымдамасының
және жалпы теориялық негіздерінің құрастырушысы, ресейлік лингвист В.В.
Сафонова шеттілдік білім берудің мәдени-бағдарланған парадигмасы
шеңберінде, тілдік жоғары оқу орнында оқытудың түпкілікті нәтижесі ретінде
студенттердің көпмәдени тұлғасын қалыптастырудың маңыздылығы мен
қажеттілігін атап өтеді [2]. Құзыреттілік тәсілі тұрғысынан, аталған тұлға
мәдениетаралық коммуникативтік құзыретке ие. Алайда, лингводидактикада
аталған құбылысқа байланысты бірыңғай пікір мен түсінік жоқ, сондай-ақ,
құзыреттің аталған түрімен іргелес түсініктер – шеттілдік коммуникативтік
құзырет пен мәдениетаралық құзырет арасындағы байланыс пен арақатынастың
да біркелкі түсіндірмесі жоқ. Мұндай келіспеушіліктер шеттілдік білім берудің
түпкілікті нәтижесін анықтауда белгілі бір бытыраңқылық тудырады.
Сондықтан, шеттілдік коммуникативтік құзырет, мәдениетаралық құзырет және
мәдениетаралық коммуникативтік құзырет түсініктерінің ара-жігін ажыратып
алу маңызды болып табылады.
1980-1990 жылдары үстемдік еткен коммуникативті тәсілдің мақсаты –
білім алушыларда шеттілдік коммуникативтік құзыретті қалыптастыру екені
жалпыға мәлім. Аталған құзырет білім алушылардың шетел тілінде ауызша
және жазбаша тілдесу технологияларын игерулерін, «білім алушыларда болып
70
жатқан жағдайдың сұхбаттаспен ортақ мағынасын құру қабілетінің
қалыптасуын» [3, 205], және де шетел тілінің әлеуметтік-мәдени құрамдас
бөлігімен
танысуын
болжайды.
Осыған
байланысты,
зерттеушілер
лингвистикалық (тілдік және сөйлеу), прагматикалық, стратегиялық,
дискурсивтік
және
әлеуметтік-мәдени
субқұзыреттердің
барына
көзқарастардың бірлігін көрсете отырып, шеттілдік коммуникативтік
құзыреттің, орта есеппен алғанда, төрттен алтыға дейін компоненттерін бөліп
көрсетеді (J.A. van Ek, Д.И. Изаренков, И.Л. Бим, Common European Framework,
В.В. Сафонова, С. Савиньон, Г.В. Елизарова, С.А. Строкова, Р.П. Мильруд,
О.В. Кудряшова, Н.Л. Гончарова). Осылайша, шеттілдік коммуникативтік
құзырет құрылымында тіл мен мәдениетті бірге оқу, оқылатын тіл елімен
танысуды тұспалдайтын әлеуметтік-лингвистикалық және әлеуметтік-мәдени
компоненттердің бар екендігі анық көрінеді. Осы құбылыстардың
интеграциясы негізінде қалыптасатын тұлға «шетмәдени-бағытталған» болады.
Бұл ретте екінші реттік тілдік тұлға тұжырымдамасы өзінің қасиеттері мен
сипатының өзге акцентуациясын талап етеді. Анықталғандай, оған көбінесе
мәденитаралық құзырет, нақтырақ айтқанда, адамның мәдениетаралық
деңгейде тілдесу қабілеті тән болуы қажет [4, 68]. Бұл тұлғаның мәдени
(шетмәдени) дамуының біржақты бағыттылығы, бұл үдерісте мәдениеттер
диалогы (М.М. Бахтин бойынша), басқаша айтқанда, оның екіжақты
(мәдениетаралық) дайындығының іске асуына орын беру керектілігін білдіреді.
Жоғарыда айтылғандар шеттілдік коммуникативтік құзырет шеттілдік
білім берудің заманауи мақсатын қанағаттандырмайды деген қорытындыға
әкеледі, себебі коммуникативтік қабілеттердің бар болуы мен әлеуметтік-
мәдени мәнмәтінді білу мәдениетаралық диалог жағдайындағы табысты
тілдесуді қамтамасыз ете алмайды. Бұл ғасырлар тоғысында коммуникативті
білім беру парадигмасының мәдениетаралыққа ауыстыруына байланысты,
шетел тілдерін оқытудың мақсаты ретінде мәдениетаралық/мәдениетаралық
коммуникативтік құзырет категориясының бірінші шепке шығатынын білдіреді
[5, 123].
Ендігі кезекте тіл мамандарын дайындаудың заманауи мақсатының
шекаралары мен параметрлерін анықтау үшін мәдениетаралық құзырет және
мәдениетаралық коммуникативті құзырет түсініктерінің ерекшеліктерін
анықтау қажет.
Мәдениетаралық құзырет ұғымы ғылыми дискурсқа 1990-жылдары шетел
тілдерін
коммуникативті
оқыту
тұжырымдамасын
қайта
қарастыру
нәтижесінде, біртұтас Еуропа мен шетел тілдерін оқытудың прагматикалық
нұсқауларының алдында тұрған ғаламдық білім беру мақсаттарының
арасындағы алшақтықты жою қажеттілігі негізінде енді. Жаңа ұғымның пайда
болуы шетел тілін оқушының қабылдау ерекшелігін, оның туған мәдениеті
шеңберіндегі лингво-мәдени тәжірибесін жете бағаламаумен шартталған
коммуникативті әдістің ішіндегі қарама-қайшылықты шешу қажеттілігіне
байланысты болды.
Мәдениетаралық құзыреттің когнитивтік аспектісінің рөліне байланысты
ғалымдар оны мәдени фон ерекшеліктерін білу, сонымен қатар оқып жатқан тіл
71
елінің мәдениетін туған мәдениетпен салыстыру нәтижесінде шыққан мінез-
құлықтың мәдени модусын білуді байланыстыра отырып бірауыздылық
көрсетеді. Шетел тілін және өзге мәдениетті оқу тұлғаның белгілі бір
қасиеттерінің дамуымен тығыз байланысты екендігін баса айта отырып,
зерттеушілер рефлексия қабілеті, эмпатия, өзге мәдениетке және оның
өкілдеріне қатысты толеранттылық, ашықтық және білуге құмарлық сияқты
көрсеткіштердің рөлін атап өтеді. Көптеген зерттеулердің нәтижелерін
жалпылау мәдениетаралық құзыретті тұлғаның "мәдениеттер диалогы"
шеңберінде өзін-өзі іске асыру қабілеті ретінде анықтауға мүмкіндік береді. Бұл
түсіндірме тұлға қалыптасуының онтологиялық аспектісін қамтуға жол ашады:
оның коммуникативтік және мәдени тәжірибесінің дамуы, қызметіндегі жеке
позициясын машықтандыру. Аталған ұғымның елеулі нақтылауы болып,
мәдениетаралық құзыретті өзара әрекеттесу бойынша серіктестердің, әр түрлі
мәдени әлеумет өкілдерінің арасындағы мәдениетаралық коммуникацияны
жүзеге асыру тәсілін игерудің жоғары дәрежесі ретінде анықтау болып
табылады. Мұндай тәсіл мәдениетаралық құзыретті мәдениетаралық
тілдесу/оқыту мәнмәтінінде жүзеге асатын және тұлғаның жалпы құзыреттеріне
кірмейтін ерекше жүйелі құрылым ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Мазмұндық тұрғыда мәдениетаралық құзырет қабілеттердің тұтас кешенін
біріктіреді. Оған: коммуникация үдерісінде оқылатын тіл жүйесі туралы
білімді, және де өз мәдениеті мен инофон мәдениетінің фондық білімін
пайдалану қабілеті, өзге мәдениет құбылыстарын оның өкілдері тұрғысынан
түсіну, өзге құндылық жүйесін қабылдау және түсіну қабілеттері, шетел тілі
құралдарын қолданудағы жағдай, рөлдердің репертуары, қағидалар, шеттілдік
сөйлеу мінез-құлығының салттары, мәдени дәстүрлердің ана тілі мен туған
мәдениетпен салыстырғандағы айырмашылықтарын түсіне отырып, өзге тіл,
өзге мәдениетті иеленушілермен тілдесе алу қабілеті кіреді [6, 492].
Мәдениетаралық құзыреттің құрамдас бөліктерін талдауды қарастыра
отырып, оны шеттілдік коммуникативтік құзырет құрамымен салыстыруға
болады. Екі құзыретті салыстыра отырып, Г.В. Елизарова мәдениетаралық
құзыретті
құрайтын
білім,
қабілеттер
мен
қатынастар
шеттілдік
коммуникативтік құзыреттің компоненттік құрамынан көрініс табады және
оған сәйкес келеді деген қорытынды жасайды. Ғалым шеттілдік
коммуникативтік құзыреттің әр компонентінде медениетаралық аспектіні бөліп
алуда жұмыс жүргізді [7, 227-232].
Шеттілдік коммуникативтік құзырет пен мәдениетаралық құзырет
арасындағы мұндай өзара байланысты В.В. Сафонова өз еңбектерінде де атап
өткен. Ол мәдениетаралық құзыретті шеттілдік коммуникативтік құзыреттің
құрамдас бөлігі ретінде қарастырады. Автордың пікірінше, мәдениетаралық
құзыреттің
шеттілдік
коммуникативтік
құзыреттің
компоненттерімен
үйлестікте қалыптасуы мәдениетаралық диалогтың нәтижелілігін, шетел тілінде
тілдесуде өзара түсіністік пен ұлттық-мәдени ерекшеліктерді ескеруді
қамтамасыз етеді [2, 62]. Осылайша, екі ғалым да мәдениетаралық құзыретті
шеттілдік
коммуникативтік
құзыреттің
дәстүрлі
компоненттерін
мәдениетаралық мазмұнмен толықтыру тұрғысынан талдайды.
72
Мәдениетаралық құзыреттің ерекше дербес орнын Н.Д. Гальскова және
Н.И. Гез негіздейді, олар бойынша, коммуникативтік және мәдениетаралық
құзыреттер, қосындысы білім алушылардың мәдениетаралық деңгейде өзара
әрекеттесу қабілетін қамтамасыз ететін, бір бүтіннің екі жартысы болып
табылады. Бұл жерде авторлардың мәдениетаралық құзыреттің өзіндік
ерекшеліктері мәдениетаралық өзара әрекеттесудің психологиялық аспектісінде
(атап айтқанда: саналылық, сұхбаттасты түсінуге деген ұмтылыс, эмпатия, және
т.б.) ашылады деген пікірімен келіспеу мүмкін емес [4, 92].
Мәдениетаралық құзырет шеттілдік коммуникативтік құзыретке қарағанда
кең мағыналы түсінік деген үшінші көзқарас та бар. Бұл жағдайда,
коммуникативті компонент табиғи түрде мәдениетаралық құзыреттің
құрылымына енеді. Осыған байланысты, авторлардың екі құзыреттің бірігуін,
бітіп тұтасып кетуін баса айтуға ұмтылыстарын айта кету керек. Яғни,
лингводидатикада соңғы жылдары салыстырмалы түрде жаңа құбылыс –
мәдениетаралық коммуникативтік құзырет пайда болып, қарқынды зерттеліп
жатыр.
Мәдениетаралық коммуникативтік құзырет ұғымы ғылыми дискурста екі
негізгі мағынада қолданылады: "мәдениетаралық құзырет" лингводидактикалық
терминінің синонимі ретінде және дербес ұғым ретінде. Мәдениетаралық
коммуникативтік құзырет және мәдениетаралық құзырет ұғымдарының ара
жігін ажырата отырып, бірқатар ғалымдар мәдениетаралық коммуникативтік
құзыретті коммуникативтікке де, мәдениетаралық құзыретке де ұқсас емес
деген пікір айтады: мәдениетаралық құзырет тілдер мен мәдениеттерді
салыстыруға бағытталған және оның қалыптасуы ана тілінде жүргізілуі мүмкін,
ал мәдениетаралық коммуникативтік құзыреттің дамуы шетел тілін оқуды
талап етеді. Мұндай көзқараспен мәдениетаралық құзырет жалпы құзыреттерге
теңестіріледі, ал мәдениетаралық коммуникативтік құзырет басқа мәдениет
өкілдерімен қарым-қатынас құру қабілеті және дайындығы, мәдениетаралық
байланыста вербалды және вербалсыз құралдармен түсіністікке қол жеткізу
ниеті және қабілеті ретінде түсіндіріледі. Бұл тілдік тұлғаға өз мәдениетінің
шегінен шығуға және өзінің мәдени сәйкестігін жоғалтпай-ақ мәдениет
медиаторының қасиеттерін игеруге мүмкіндік беретін құзырет болып табылады
[6, 493].
Қорытындылай келе, мәдениетаралық коммуникативтік құзырет берілген
терминді құрайтын екі анықтаманың дағдылы түрде бірігуін болжамайды.
Мәдениетаралық коммуникативтік құзырет оны иеленген тұлғаның ерекше
қасиеттерін көрсетуді үндейді. Мәдениетаралық құзыретті тұлға тікелей тілдесу
құралы ретінде шетел тілін меңгермеген тұлға болуы да мүмкін. Ондай адам
медиатор ретінде мәдениетаралық қатынастың жүзеге асуына көмектесетін
делдалдың (аудармашы) көмегіне жүгінуі мүмкін. Ал мәдениетаралық
коммуникативтік құзырет тілдесу құралы ретіндегі шетел тілін айтарлықтай
жоғары деңгейде меңгерген адамға ғана тән. Мәдениетаралық коммуникант
болу үшін күрделі үлгі болып табылатын мәдениетаралық коммуникативтік
құзыретті игеру қажет. Мәні өз туған тілінде тілдесе отырып, мәдени
айырмашылықтарды жеңіп, басқа мәдениет өкілдерімен табысты қатынас құра
73
білу болып табылатын мәдениетаралық құзыретке қарағанда, мәдениетаралық
коммуникативтік құзырет мәдениетаралық тілдесуді шетел тілінде жүргізе
білуді болжайды.
Осылайша, шеттілдік білім беру саласында пайда болған жаңа жағдай
басты сұрақты қойып, оны шешуге итермелейді, бұл сұрақ: болашақ тіл
мамандарында
мәдениетаралық
коммуникативтік
құзыреттің
тиімді
қалыптасуын қалай қамтамасыз етуге болады? Бұдан, бүгінгі күні тілдік жоғары
оқу орнында оқытудың негізгі мақсаты – нақ осы мәдениетаралық
коммуникативтік құзыретті қалыптастыру және нәтижесі – жаңа көзқарастың
лингвист-маманы
«мәдениетаралық
коммуникант»
(Г.В.
Елизарова),
мәдениетаралық деңгейдегі тілдесуге қатысуға қабілетті және дайын екінші
реттік тілдік тұлға (И.И. Халеева) деп қорыта аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |