Ниетбаева Гульмира Бекенқызы Қазіргі кезеңдегі студенттердің психологиялық денсаулығының дамуы 6D010300 Педагогика және психология Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация


Қҧндылық-мағыналық және рухани-адамгершілік компоненті



Pdf көрінісі
бет20/85
Дата30.03.2023
өлшемі2.5 Mb.
#471407
түріДиссертация
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   85
диссертация Ниетбаева Г.Б.

3. Қҧндылық-мағыналық және рухани-адамгершілік компоненті. 
Адамның 
құндылы-мағыналық 
ортасы, 
тұлғаның 
ӛмірлік 
маңызды 
тұжырымдамасын анықтайтын және оның барлық басқа да кӛріністерін ӛзіне 
бағындыратын жоғарғы инстанция болып табылады. Біз психологиялық 
денсаулықтың тұлғаның құндылық-мағыналық ортасымен байланысы туралы, 
құндылық және ӛмірлік маңызды бағдарлар жүйесіндегі тұлғалық денсаулық 
жӛнінде, оның ӛмірге мән мен құндылық беретін ішкі қор ретінде айта аламыз. 
Бұл компонентке біз құндылық бағдарлар мен өзін-өзі белсендендіруді енгіздік.
Құндылық бағдарлар – стратегиялық ӛмірлік мақсаттар мен жалпы 
дүниетанымдық бағдарлар ретінде қабылданатын, адам санасындағы 
құндылықтардың кӛрінісі. Бұл құндылық бағдарлармен ұғынылатын және 
іштей қабылданған оның материалдық және рухани құндылықтары, ӛмір және 
іс-әрекет жағдайларын олардың субъективтік маңыздылығымен қабылдауға 
деген бейімдік.


81 
Құндылық бағдарлар мінез-құлықты реттеуде және шешім қабылдауда 
тірек ұстанымдар болып табылады.
М.Рокич 
құндылық-мақсат 
пен 
құндылық-құралдарды 
дәстүрлі 
салыстырудың негізінде құндылықтардың барынша жалпы бӛлінуін жүргізеді. 
Сәйкесінше, ол құндылықтардың екі тобын кӛрсетеді: 
- мазмұндық құндылықтар – жеке және қоғамдық пікірлер тұрғысынан
жеке тіршілік етудің қандай да бір соңғы мақсаты, оған талпынуға тұрады деген 
сенім; 
- құралдық құндылықтар - жеке және қоғамдық пікірлер тұрғысынан,
қандай да бір іс-әрекеттер бейнесі кез келген жағдайларда, ең қолайлы болып 
табылатындығына деген сенім. Терминалдық құндылықтар, құралдық 
құндылықтарға қарағанда барынша тұрақты сипатқа ие [226]. 
Тұлғаның өзін-өзі белсендіруі ӛзін-ӛзі реттеу үрдісінің адаммен 
басқарылуын, тұлғамен ӛзінің ӛмірлік мәнді және құндылық бағдарларының 
түсінуін болжайды. Психологиялық денсаулық бұзылған жағдайда ӛзін-ӛзі 
белсендіру стратегиясы тіршілік әрекеттің тапшылығы жӛніндегі пайда 
болатын түйсіктердің қайта құрылуына бағытталады және адамды алдына 
қойылған мақсаттары мен ӛмірлік жоспарларын жүзеге асыруға ұмтылдырады.
«Ӛзін-ӛзі белсендіру – бұл ӛзіңнің түпкі табиғатыңды толығырақ тану 
және қабылдау, тұтастыққа, бірлікке деген үздіксіз талпыныс немесе тұлғаның 
ішкі синергиясы ретінде әлеуеттік мүмкіндіктерді, қабілеттер мен таланттарды, 
ӛзінің миссиясын, тағдырдың жазғанын және т.б. үздіксіз жүзеге 
асыру». Сонымен қатар, ӛзін-ӛзі белсендендіру «таланттарды, қабілеттерді
мүмкіндіктерді және т.б. толық пайдалану» деп анықталады. Кейін ӛзін-ӛзі 
белсендендіру ұғымы, адамның кемелденудегі жетістігі ретінде, ал ӛзін-ӛзі 
белсендендіру жағына қарай даму мен қозғалыс тұлғалық денсаулық деп 
нақтыланды [227]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет