3
КІРІСПЕ
Зерттеудің
ӛзектілігі.
Қазақстан
Республикасының
Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың 2014ж. 17 қаңтарындағы «Қазақстандық жол – 2050: Ортақ
мақсат, ортақ мүдде, ортақ болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында:
«Ұлт денсаулығы – біздің жетістікті болашағымыздың негізі», деп анық аталып
кӛрсетілген. Сонымен қатар, білім беру саласындағы басымдықтарды аша келе,
«жоғары оқу орындар білім беру жұмысымен ғана шектелмеулері керек» [1],
деп айтылғанын да кӛре аламыз.
Бүгінгі күні әлеуметтік-экономикалық ӛзгерістер адамның психикасына
және оның бейімдік қабілеттеріне жоғары талаптар қояды. Қазіргі кезде
Қазақстан Республикасында, кеңес дәуірінен кейінгі барлық кеңістіктердегідей,
жүйке-психикалық аурулардың (невротизация, жарақаттан кейінгі стрестік,
психосоматикалық бұзылулар), әр түрлі тәуелділіктердің, сонымен қатар
әлеуметтік-мәдени факторлардың салдарынан болатын ауыртпалықты
күйініштердің (бұқаралық ақпарат құралдарының
әсерінен пайда болған
беймазалық қорқыныштар, ноогендік, мазасыз қынжылулардың және т.б.) ӛсуі
байқалады. Осының барлығы жаһандық әлеуметтік-экономикалық және саяси
дағдарысты оқиғалармен күрделене түседі. Қазіргі кезде адамдардың
психологиялық сырқаттарының белгілері: ӛзінің ӛмірлік сұраныстарын
қанағаттандыра алмаушылық және құбылмалы әлемде ӛмір сүру барысында
әлеуметтік-құзыретті тұлға болып қала алмау, дезадаптациялық мінез-құлық
және қоршаған ортадағы адамдармен тиісті қарым-қатынас сақтауға
мүмкіндіктің жоқтығы кӛбеюде [2]. Осыған байланысты ғылымға жүктейтін
қазіргі
қоғамның сұранысы, тұлғаның және жалпы қоғамның психологиялық
денсаулық мәселесі ӛзекті болып саналады. Ерекше адами кӛріністерге назар
қоюдың сыры да осында.
Психологиялық-педагогикалық теория мен практикада
«психологиялық
денсаулық» термині бертін ғана енгізілген.
«Психологиялық денсаулық»
терминіне жақын, бірақ тең келмейтін «психикалық денсаулық», «денсаулық
психологиясы» сияқты категориялармен саралаудың маңызды ӛлшемі болып,
клиникалық
психология
және
валеология
салаларына
қарағанда,
қарастырылатын ұғымның тұлға психологиясы аясына, оның рухани жағына,
ӛздігінен даму және ӛзіндік маңыздану жағына жататындығы саналады.
Диссертация тақырыбының зерттелу деңгейіне келетін болсақ, оқушылар
мен студенттердің денсаулығын сақтаудың кейбір аспектілері С.М.Жақыпов,
Ж.Ы.Намазбаева,
Х.Т.Шерьязданова,
А.Р.Ерментаева,
Р.Б.Каримова,
А.Т.Акажанова, Қ.Н.Нығыметова, Н.Д.Унарбекова еңбектерінде қарастырылған
[3,4,5,6,7,8,9,10].
Психологиялық денсаулық мәселесінің түсініктері
мен мәселелері
Б.С.Братусь,
И.В.Дубровина,
Г.С.Никифоров,
В.И.Слободчиков,
А.Б.Холмогорова, О.В. Хухлаева және т.б. еңбектерінде кӛрініс тапқан
[11,12,13,14,15,16]. Алайда, психологиялық денсаулық жайындағы бар
зерттеулерге
қарамастан,
оның
құрылымы
мен
мазмұны
толық
4
ашылмағандықтан,
әдіснамалық, терминологиялық
қиындықтар
орын
алғандықтан, мәселенің әлеуметтік-психологиялық аспектілері жетілдіруді
талап ететіндіктен аталған бағыт тиісті ғылыми мағына беруді талап етеді.
Жастардың білім алуының, әлеуметтенуінің және мамандануының
табыстылығына қажетті жағдай болғандықтан,
психологиялық денсаулық
мәселесі, білім беру саласында ерекше ӛзекті болып табылады.
Студенттер ерекше жас категориясы ретінде, мобилділігімен және
белсенділігімен ерекшеленетін, еліміздің болашағын анықтайтын әлеуметтік
топтың ӛтпелі кезеңі. Осыған байланысты олар едәуір психофизикалық,
эмоционалдық жүктемелерді сезініп, кӛптеген жағымсыз әсерлердің
ықпалдарында болады. Психикалық және психологиялық денсаулықтың
бұзылуына тәуекел
факторы болып саналатын, студенттік шаққа күрделі жас
ерекшелік және тұлғалық күйзелістер тиесілі. Ғалымдар жоғары оқу орнындағы
білім беру ортасын күйзелісті гендік деп сипаттайтын объективті жағдайларды:
психикалық және физикалық жүктемелердің жоғарылығын, олардың әсіресе
сессия кезінде күрт ӛсуін, уақытының тапшылығын, үлкен кӛлемдегі ақпаратты
қысқа мерзім ішінде меңгеру қажеттілігін, қатаң бақылау және күн тәртібінің
реттемеленуін белгілейді [17]. Білім жүйесін жаңарту және реформалау
жағдайында мамандарды даярлау сапасына талаптар күшейеді. Бұл іс-әрекеттің
когнитивтік, эмоционалдық, коммуникативтік қанықтығын анықтайды және
оқыту нәтижелері үшін жауапкершілікті арттырады.
Зерттеулердің талдауы
студенттердің психологиялық денсаулығы мәселесіне қызығушылықтың бар
екендігін кӛрсетеді[18,19,20,21,22].
Білім беру ортасы жалпы этномәдени саласының бір бӛлігі болып
табылады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының
кӛпмәдени ортасы білім алушы жастардың әлеуметтенуіне ықпал ететіндігі
сӛзсіз. Алайда бұл аспект психологиялық ғылымда осы уақытқа дейін ашылмай
келеді. Студенттердің психологиялық денсаулығына сырттай және іштей әсер
ету жүйесі толық зерттелмеген деп айта аламыз.
Сонымен бірге бірқатар қарама-қайшылықтарды да белгілеуге болады:
- бір жағынан, психологиялық денсаулық мәселесінің ӛзектілігі мен
маңыздылығын
мойындау, екінші жағынан – терминологиялық айқындылық
пен мәндік сипаттама анықтығының жетіспеушілігі;
- студенттердің психологиялық денсаулығы жӛніндегі зерттеулердің
болуы, енді бір жағы – даму факторлары мен құрылымын анықтауға қатысты
олардың әр түрлі бағыттылығы;
- бірінші жағы, студенттердің психологиялық денсаулығын дамытуды
жоғары оқу орындарының басты міндеті ретінде мойындау, екінші бір жағы –
психологиялық дені сау тұлғаны психологиялық қолдау және сүйемелдеудің
кешенді жүйесінің жоқтығы.
Бұл аталған қарама-қайшылықтар студенттердің психологиялық денсаулық
ерекшеліктерін зерттеуден, сонымен қатар
оны дамыту факторлары мен
психологиялық жағдайларын анықтаудан тұратын зерттеу мәселесін кӛрсетеді.
5
Осыған байланысты зерттеудің ӛзектілігі: біріншіден, «психологиялық
денсаулық» категориясын қарастырудың қажеттілігімен және оның мәндік
сипаттамасын айқындаумен; екіншіден, студенттік шақта психологиялық
денсаулықтың дамуының кӛрсеткіштерін анықтаудың маңыздылығымен;
үшіншіден, психологиялық әдістермен түзеу және психологиялық алдын алу
жолдарын іздеуге бағыттылығымен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: