Глоссарий Бағдарламада келесі негізгі түсініктер мен терминдер пайдаланылады: академиялық сағат



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата01.04.2023
өлшемі350.24 Kb.
#471523
түріСабақ
1   2   3   4
лекция 1

білім беру бағдарламасы – оқытудың мақсатын, нәтижелері мен 
мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды және оларды іске асыру 
тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын 
қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешені; 
бағалау – білім алушылардың оқуда нақты қол жеткізген нәтижелерін 
оқытудан күтілетін нәтижелермен әзірленген өлшемшарттар негізінде 
салыстыру процесі; 
тындаушы – біліктілікті арттыру курстарының білім беру 
бағдарламаларын жүзеге асыратын ұйымда оқитын тұлға; 
білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылаупәнді және 
(немесе) модульді оқыту бағдарламасына сәйкес ағымдағы сабақ барысында 
өткізген білім алушылардың білімін жүйелі тексеруі; 


білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушылардың бір оқу 
сабағының, бір оқу пәнінің және (немесе) модульдің, сондай-ақ бір біліктілік 
шеңберінде кәсіптік модульдердің бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің 
мазмұнын оларды зерделеп бітіргеннен кейінгі меңгеру сапасын бағалау 
мақсатында жүргізілетін рәсім; 
білім алушыларды қорытынды аттестаттау - олардың тиісті білім 
беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу 
сабақтарының, оқу пәндерінің және (немесе) модульдердің көлемін меңгеру 
дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім; 
біліктілікті беру – тиісті кәсіптік қызмет түрінің шеңберінде жұмысты 
орындау үшін қажетті жеке қабілеттілік, кәсіптік білім, машықтар мен 
дағдылар жиынтығын растау рәсімі; 
жұмыс оқу бағдарламасы – жұмыс оқу жоспарының нақты пәні және 
(немесе) модулі үшін ТжКБ ұйымы әзірлейтін құжат; 
жұмыс оқу жоспары – ТжКБ ұйымы әзірлейтін, оқу пәндерінің 
және/немесе 
модульдердің 
тізбесін, 
көлемдерін, 
оларды 
зерделеу 
дәйектілігін, 
сондай-ақ 
олардың 
игерілуін 
бақылау 
нысандарын 
регламенттейтін құжат; 
оқыту нәтижесі – оқыту нәтижелері – білім алушылардың білім беру 
бағдарламасын 
меңгеру 
бойынша 
алған, 
көрсететін 
білімінің, 
машықтарының, дағдыларының бағалаумен расталған көлемі; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет