Глоссарий Бағдарламада келесі негізгі түсініктер мен терминдер пайдаланылады: академиялық сағат



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата01.04.2023
өлшемі350.24 Kb.
#471523
түріСабақ
  1   2   3   4
лекция 1



Глоссарий 
 
Бағдарламада келесі негізгі түсініктер мен терминдер пайдаланылады: 
академиялық сағат - оқу сабақтарының немесе оқу жұмысының басқа 
түрлерінің көлемін өлшеу бірлігі, (1 академиялық сағат кемінде 40 минутқа 
тең), академиялық күнтізбені, оқу сабақтарының кестесін жасау кезінде, 
өтілген оқу материалын жоспарлау мен есепке алуда, сондай-ақ 
педагогикалық жүктемені жоспарлау және оқытушының жұмысын есептеу 
кезінде пайдаланылады; 
жеке оқу жоспары – меңгерілетін ТжКБ білім беру бағдарламасы 
шегінде жеке білім беру қажеттіліктерін іске асыруға ықпал ететін білім 
алушының оқу жоспары; 
инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке-
дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылар үшін білім алуға 
тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс; 
оқытудың 
кредиттік-модульдік 
жүйесі 
– 
оқу 
процесін 
ұйымдастырудың оқытудың кредиттік және модульдік технологияларының 
біртұтастығына негізделген моделі;
оқытудың кредиттік технологиясы - білім алушылардың пәндерді 
және (немесе) модульдерді зерделеу реттілігін академиялық кредиттер 
жинақтай отырып, таңдауы және дербес жоспарлауы негізінде оқыту; 
бағалау критерийлері – негізінде білім алушылардың оқу жетістігін 
бағалау жүргізілетін белгілер; 
ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) тиісті 
деңгейде білім алу және қосымша білім алу үшін арнаулы жағдайларға 
тұрақты немесе уақытша қажеттілік көріп жүрген адамдар (балалар); 
модуль - дербес, білім беру бағдарламасының құрылымдық элементін 
оқыту нәтижелері тұрғысынан аяқталған, айқын қалыптасқан, білім 
алушылар меңгеретін білім, іскерліктер, дағдылар, құзыреттер және 
бағалаудың барабар критерийлері; 
модульдік оқыту - білім беру бағдарламасының модульдік құрылымы, 
оқу жоспары және оқу пәндері негізінде оқу процесін ұйымдастыру тәсілі 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет