56
|
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ БОЙЫНША ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
материалдар мен процестердің мысалдарын келтіре немесе анықтай білуі тиіс; фактілер
мен ұғымдардың тиісті мысалдармен баяндалуын нақтылай білуі қажет.
«
Қолдану» саласындағы тапсырмалар оқушылардан организмдер, материалдар немесе
процестер топтары арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтауды
немесе сипаттауды талап етеді. Оқушылар қандай да бір мәселенің шешімін түсіндіру
үшін схеманы немесе модельді пайдалануы
керек және тиісті мәтіндік, кестелік,
суреттер мен графикалық ақпаратты түсіндіру үшін ғылыми ұғымдарды білуі тиіс.
«
Ойлау» саласындағы тапсырмалар оқушылардың
пікір таластарға қатысуын,
мәліметтерді және басқа ақпаратты талдай отырып,
қорытынды жасауын, сондай-ақ
жаңа жағдайларда өз түсінігін қолдануын талап етеді. Ойлау тапсырмалары бейтаныс
немесе күрделі контексті қамтиды. Осы саладағы тест тапсырмаларын орындау кезінде
оқушылар сұрақтарға жауап беру және тапсырмаларды орындау үшін тиісті ақпаратты
талдау және пайдалану білігін көрсетуі тиіс. Сондай-ақ, олар бақылаулар,
эксперименттер негізінде тиісті қорытынды жасай білуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: