Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет201/274
Дата04.04.2023
өлшемі2.95 Mb.
#471676
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   274
Адамзаттың Асыл Тәжі @ebooks kaz1

Орлар қазылып бітті 
Ор қазуға белсене кірісіп бар қажыр-қайратымен тер төккен сахабалар 
тағы да Аллаһқа және оның Расулына деген шын берілгендіктерін бір рет 
дәлелдеді. Жұмыс кезінде, ұлы сөзде ұяттық жоқ, әжет үшін де пайғамбардан 
рұқсат сұрайтын. Бұл да сахаба жанқиярлығының бір үлгісі еді. Аллаһтан 
түскен аяттарда да олардың нағыз мумин екендіктері баса көрсетіледі. 
Мәселен, нұр сүресінің 62-аятында: 
«Нағыз мұсылмандар Аллаһқа және оның Расулына иман 
келтіріп, топ болып іске кіріскенде пайғамбардың рұқсатынсыз 
жұмысты тастап кетпейді» делінеді. 
Пайғамбарымыз бен мұсылмандардың бар ынтасымен берілген бұл 
ісіне мунафиқтар жеңіл-желпі қарап ат үстінен қимылдағандай әсер 
қалдырды. Тиіп-қашып қазған болып, істегісі келмесе жұмысты тастап кете 
беретін. Онымен де шектеле қоймай мұсылмандарды қағытып, мазақ етіп 
ойларына келгенді істейді. 
Аллаһтан түскен аяттарда олардың орынсыз әрекеттері де сөз болады. 


300
Нүр сүресінің 63-аятында осыған қатысты: 
"Пайғамбардың 
шақыруын 
өз 
араларында 
бір-біріңді 
шақырғанмен бірдей көрмеңдер. (Шақыруына тез жетіңдер, рұқсатсыз 
кетпеңдер) Араларыңнан ептеп, шығып кетіп қалатындарды Аллаһ 
міндетті түрде біледі. Сондықтан пайғамбардың әміріне қарсы 
жүргендер, дүниеде бастарына бір бәле келуден немесе ақыретте қауіпті 
азаптың келуінен сақтансын" делінеді. 
Екпінді еңбектің нәтижесінде орлар алты күнде қазылып бітті. 
Қорғаныс кезінде Аллаһ Елшісінің бұйрығымен ордың тар тұсына арнайы 
күзет қойылады. 
Орлардың оңтайлы жерлері кіріп-шығуға ыңғайланады. Ол жерлерде 
де қарауыл қойылып, жалпы бақылаушы ретінде Зүбәйір ибн Аууам 
тағайындалады. 
Ислам армиясы 
Қорғаныстағы мұсылмандардың ұзын саны 3000-ға жетеді, яғни 
дұшпан әскерінің үштен біріндей ғана. Небары құрамада 36 атты әскер бар-
ды. Әдеттегідей екі байрақ, муһажирлердікін -Зәйд ибн Харис, әнсардікін - 
Саад ибн Убада ұстайды. Расул Әкрамның штаб шатыры Сәл тауының 
етегіне, 
армияның 
артқы 
жағында 
орналастырылады. 
Шайқасқа 
қатыспайтындар, әйел, бала-шаға қорғанның ішінде қалады. Азық-түлік, 
қымбат мал-мүлік - бәрі сол қамалда қалады. 
...Ор жаңа қазылып біткен сәтте сонадайдан жау әскерінің жақын 
келгеніне куә болды әлеумет. Дұшпан Мәдинаның солтүстігіндегі бұрын 
Ухуд соғысы болған алаңға шатырлар құра бастады. Айнала қазылған 
орларды көргенде бұрын-соңды мұндай тактиканы көрмегендер қатты састы. 
Ұрыс басталмай жатып жау әскері аяқтарын тартқандай. Өйткені олар осы 
жолы қалайда Мәдинаны түгелдей басып алудан дәмелі еді. Жеңілу жайы өңі 
түгіл, түстеріне де кірмеген... 
Мужаһидтер он мың әскерлік нөпірді көргенде тіпті сасқан жоқ. 
Құранда олардың осы халі былайша мазмұндалады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   274




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет