Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет261/274
Дата04.04.2023
өлшемі2.95 Mb.
#471676
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   274
Адамзаттың Асыл Тәжі @ebooks kaz1

Қоштасу хұтбасы 
Арафат тауында Аллаһтың атымен сөз бастаған Аллаһ Расулы жүз 
жиырма мыңға жуық сахабаның алдында төмендегі хұтбасын оқыды. 
Қоштасу хұтбасы деген атпен Ислам тарихына енген пайғамбар 
лебізі барша мұсылмандарға, күллі адамзатқа мәңгі өшпейтін өмір өлшемі 
секілді. 
"Ей, адамдар! 
Айтқаныма зер салыңдар. Бәлкім биылдан соң сендермен бұл жерде 
қайтара жүздеспейтін шығармын. Халайық! 
Бүгінгі күн, осы ай, мына қала (Мекке) қаншалықты қасиетті болса
мал-жандарың, ар-намыстарың да соншалық қасиетті, зорлық атаулыдан 
қорғалған. 
Уа, асхабым! 
Раббыларыңмен қауышатындықтарың хақ және осы дүниедегі бүкіл 
амал-әрекеттерің 
үшін 
жауап 
беретініңдерің 
де 
біліңдер. 
Мен 
орталарыңнан кеткеннен кейін баяғы бітпейтін ұрыс-керіске, дау-дамайға 
қайта бой алдырып, бір-біріңнің қандарыңды жүктеуші болмаңдар. Осы 
өсиетімді естігендер естімегендерге жеткізсін. Бәлкім, естімеген адам бұл 
жерде менің осы сөздеріме куә болып естіген адамнан да жақсы түсініп, 
жадында сақтауы мүмкін. 
Уа, асхабым! 
Қолдарыңды әлдебіреудің аманаты болса, қылдай қиянат жасамай, 
басы бүтін иесіне табыстасын. Пайыздың өсімнің барлық түріне тиым 
салынды. Тек нақты қарызды қайтарған жағдайда, басқаға зұлымдың 
жасамайсыңдар, әрі өздерің де зұлымдың көрмейсіңдер. Аллаһтың әмірімен 
бұдан былай өсіммен пайда табуға тиым салынды. Надандың жайлаған 
қараңғы кезеңінен қалған бұл әдет мұнан былай жойылуға тиіс. Алғашқы 
болып өзімнің көкем Аббастың өсімінің жойылғанын айтпақпын. 
Уа, халқым! 
Қараңғылық кезеңінен қалған қан дауына да осы жерде нүкте 
қойылды. Бірінші болып атам Әбдімүттәліптің немересі, немере ағайыным 
Рәбианың қан дауын жойдым. 
Уа, жарандар! 
Бүгін шайтан сендердің осы жерлерің қайтадан әсер ету және өзіне 
бағындыру күшінен мәңгілікке айрылды. Бірақ менің тыйған нәрселерімнен 
тыс өздеріңнің болмашы деп санаған нәрселеріңде оған ерсеңдер, бұның өзі 
оны қуантады. Діндеріңді қорғау үшін бұлардан да сақ болыңдар. 
Уа, адамдар! 
Әйелдердің ақысын аяқ асты етпеңдер. Аллаһтан қорқыңдар. 
Әйелдеріңді Аллаһтың аманаты ретінде әрі нәзік жаратылыс иесінің ар-


398
намысын қорғауға Аллаһ атымен сөз беріп, адал жар ретінде алдыңдар. 
Сендер әйелдерің алдында, әйелдеріңнің де сендердің алдарыңда хақысы бар. 
Сендер одан жар төсегін былғамауды талап етуге құқылысыңдар. 
Сендердің қаламаған адамдарыңды үйлеріңе кіргізсе, әйелдеріңді шектен 
шықпай жөнге сала аласыңдар. Әйелдің ақысын өтеуге міндеттісіңдер, яғни 
олардың ішіп-жемін, киім кешегін қамтамасыз ету сендердің міндеттерің. 
Уа, мұсылмандар! 
Сендерге киелі аманат тастап барамын, соны толық ұстансаңдар 
ешқашан адаспайсыңдар. Ол аманат - Аллаһтың кітабы - Құран. 
Уа, мұсылмандар! 
Сөзіме құлақ қойып, зерделеңдер! Мұсылман мұсылманға бауыр. Олай 
болса барлық мұсылмандар бір-бірінің (діндес) бауырлары. Діндес 
бауырларыңның разы болмаған жағдайда ақысын жемеңдер. 
Уа, асхабым! 
Тіпті өз - өздеріңе де зұлымдық жасамаңдар, оның да сұрауы болады. 
Уа, адамдар! 
Аллаһ жалғыз, бәріміз Адам атаның ұрпағымыз, ал Адам топырақтан 
жаратылған. Аллаһ назарында құрметке лайық жан - Одан ең көп 
қорқатын адам. Арабтың араб емеске үстемдігі жоқ. Адамдар бір-бірінен 
тақуа дәрежесіне қарай үстем бола алады. 
Уа, жамағат! Мен туралы сауалға жауаптарың не болмақ? 
Барша жиналғандар бірауыздан: "Сен Аллаһтың елшісісің, бізге 
өсиет-насихат айттың, міндетіңді адал атқарғандығыңа куәміз", - деді. 
Пайғамбарымыз оң қолының мүбәрак сұқ саусағымен жамағатын 
нұсқап: 
"Куә бол, уа, Раббым! Куә бол, уа, Раббым! Куә бол, уа, Раббым!" - 
деді. 
Ардақты да сүйікті ақырзаман пайғамбары Мұхаммед (с.а.у.) күллі 
адамзатқа арналған ғибратты хұтбасын бітірген сәтте Хазіреті Біләл Хабаши 
бесін намазының азанын шақырды. 
Пайғамбарымыз жамағатымен бірге қасиетті азанға құлақ түрді. 
Хазіреті Біләл қамат айтқан соң Мұхаммед (с.а.у.) қажыларға бесін намазын 
қылдырды. Артынша тағы да қамат келтіріліп намаздыгер оқылды. 
Осылайша Пайғамбарымыз бір азан, екі қаматпен екі намазды біріктірді. 
Намаздыгерден соң Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) түйесі Кәсуаға мінгені 
сол еді Аллаһ Тағаладан аян түсті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   274




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет