«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



Pdf көрінісі
бет154/270
Дата22.04.2023
өлшемі1.63 Mb.
#472577
түріБағдарламасы
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   270
8afa34252265722d01b4a137000ac038

277. «Саржан төре» 
оқиға 1833 жылдар шамасында Арқа тамаларының ру басы 
итемген би мен Кенесарының ағасы Саржан төренің арасында 
болған. 
Абылай заманында Еділ, Жайық бойынан ығысып келген 
Таманың Жөгі, Шақа деп аталатын бұтақтары Бетпақдала ның 
Арқа жақ пұшпағынан қоныс алған. Шөбі сұйық, суы кер мек 
қуаңдау жерден қоныс тигеннен бе екен, Тамалардан мыңды 


262
263
күй және күйшілер туралы аңыздар
айдаған мыңғырған бай шыға қоймаған. оның есесіне елінің 
есесін жібермейтін еңіреген ерлер мен дуалы ауыз билер, мінген 
атын шәйі жібекпен тұсаған сал-серілер мен біртуар өнер паз-
дар шығып баққан. Әсіресе, Таманың шеберлері соққан сырлы 
күмбездер күні бүгінге дейін сағымды белдерде суреттей болып 
көзіңді тұсайды. 
Міне, осынау қатал табиғат ортасында, қатал заманда өзін-
өзі қағып оттатқандай болып отырған бейбіт руға бірде Сар-
жан төре кісі салып, жасаққа жұмсар мал сұратыпты дейді. 
Сол кезде Тама жұртының ақыл сұрар ақсақалы Сеңгірбай ұлы 
итемгеннің жасы тоқсанды алқымдап, екі көзі көруден қал ған 
кезі екен, Саржан төренің кісілерін құр қол қайтарыпты. 
Содан, күндердің бір күнінде Қарсыадыр мен Манадыр дың 
арасындағы Ботақан көлін жайлап, ханнан қаперсіз отырған 
тамаларға «Саржан төре бастаған мың қол елді шапқалы келе 
жатыр» деген хабар жетеді. Суық хабардан үрпиісіп, не істерін 
білмей абдыраған ел итемгеннен ақыл сұрайды ғой. Сонда 
итемген мың түйе шығартып, олардың өркешіне тымақ кигі зіп, 
бүйіріне сырық бойлатып, Манадырдың керме иық жазығына 
шығартады. Таманың Араб, Қоңырбай, Дүйсенбай деген үш ба-
тырына мың түйені қоғамдап иіріп тұруды тапсырады. Сонсоң 
жау келер беттегі еңселі шоқының басына сырмақ төсеттіріп, 
итемгеннің өзі жайғасады да, «Енді тырп етпей күтіңдер» деп 
ақыл береді. 
Кешікпей-ақ даланың шаңын шүйкедей созып Саржан тө ре-
нің қалың қолы көрінеді. Елеуреп, екпіндеп келе жатқан қа лың 
қол Манадырдың қайқаңына іліккенде күтпеген көріністен 
тосылып, амалсыз тізгін тартады. өркештеріне тымақ кигі-
зіп, бүйіріне сырық байлаған мың түйе Саржан төре үшін жер 
қайысқан қолдай болып көрініп еді дейді. 
Сол жерде Саржан төре: «Мал ашуы—жан ашуы, Тамалар-
дың қабағы қату екен, текке шығынға ұшырамайық»,—деп, 
қалың қолымен кері қайтып кеткен екен. 
Кейін осы оқиғаны Тама ішінің бір ақыны: 
«Әз болған Итемгеннің екі көзі, 
Кітаптан кейін емес айтқан сөзі, 
Шапқалы мың кісімен Саржан келіп, 
Қорқытқан кереметпен жалғыз өзі»,—
деп өлең шығарады. 


264
күй аңыздар
Ел ішінде жиі айтылатын бұл оқиғаны ықылас қобыз ті-
лінде сөйлетіп, «Саржан төре» атты күй тартылғанда ши жы-
лаушы еді»,—деп отыратын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   270




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет