«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



Pdf көрінісі
бет2/270
Дата22.04.2023
өлшемі1.63 Mb.
#472577
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   270
8afa34252265722d01b4a137000ac038

1. «Шақыру»
(І нұсқа)
Есте жоқ ескі заманда ен даланы еркін жайлап, мұңсыз-
қамсыз ғұмыр кешкен ел күтпеген бір нәубетке тап болады. 
Ел шетінен білінген қалың жылан ордасы көзіне көрінген мал-
жанға шабуыл жасап, қырып-жоя бастапты. Небір ақ орда үй-
лерді сақиналап орап алатын жыландар күтірлете сыққанда 
күл-талқан етеді екен. Алып жыландардың қыспағына түс кен 
атан түйелердің өзі танауынан қаны дірдектеп, аяқ серпуге ша-
масы келмепті. 
Мұндай сұмдықтан дүрліккен қалың ел шошынып, бас сау-
ғалай қашады. Тау-тасты, үңгір-оқапты паналайды. Бірақ жы-
лан нөпірінен сонда да құтыла алмайды. Әсіресе осынау орда-
лы жыландардың көсемі—қос мүйізді айдаһар тірі жанға сауға 
таптырмайды. оның қос мүйізі дем тартып, уытын шашқанда 
адамдардың еті ағып түсіп, саудыраған қу сүйектері қалады 
екен. 
Әбден айласы таусылған адамдар құрып бітетін болған 
соң, Тәңіріге жалбарынып көмек сұрайды. Адамдардың зары 
Тәңірінің құлағына жетсе керек, кешікпей көктен белгі білі-
неді. Алдымен, аспаннан жолақ жасап жарық сәуле көрінеді. 
Сон соң, сол жарық сәулені жол етіп, қос өркеш түйеге теріс 
қарап мінген Нұртөлі атты бала түседі. Баланың қолында аққу 
мойын қара қобыз болса керек, небір сиқырлы саз шығарып
күй төге келеді. Жер бетінен күйдің сарыны естілуі мұң екен, 
қаптаған ордалы жылан шиыршық атуын қойып, сілтідей ты-
нады. Бұрынғы қан құмар обыр мінезін ұмытып, күйдің дауы-
Халық күйлерінің аңыздары


12
күй аңыздар
сын ұйып тыңдағандай болады. осы кезде көктен түскен Нұр-
төлі қобызын сарнатқан қалпы Қаратеңізді бетке алып жүре 
береді. оның соңынан күйді үздіге тыңдаған жыландар да 
қалмай жылжып, теңіз тұңғиығына бірге кіреді. 
Сөйтіп, ен даланы еркін жайлаған халық иықтарынан ауыр 
жүк түскендей көңілдерін демдеп, қайтадан мұңсыз-қамсыз 
күйлерімен қауышады. 
Адамдарға араша түскен Нұртөлі күні бүгінге дейін Қара-
теңіздің астында тоқтатпастан күй төгіп отырса керек. Ал 
мүйізді аждаһа бастаған жыландар ордасы қобыздың сазды са-
рынын жалықпай тыңдауда көрінеді. 
Нұртөлі қобыз күйін тоқтатпауға тиісті. Егер қобыз кө мейі-
нен күй сарыны үзілсе, жыландар ордасы қайтадан жер бетіне 
шығып, тіршілік атаулыға қырғын таптырмақ. 
Нұртөлінің жыландарды күймен шақырып, соңынан ерт-
кен сиқырлы сазын естіген бір құйма құлақ қобызшы кейін 
«Шақыру» күйі деп жұртқа жайса керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   270




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет