38
күй аңыздар
толмаған сыңай танытып, «теңім емес» деген жауаппен тойта-
рып тастай береді.
Сонымен, күндер зулап, жылдар жылжып өтіп жатады.
«Кербез қыз» атанған бай қызының
көңілінен шығар ешкім
кезіге қоймайды.
Әрине, бұл жағдай алдымен ата-анасын алаңдатып, кер-
без қыздан жеңгелері арқылы шешесі «не ойлағаны бар екен?»
деп сыр тартады. Сонда қыз: «Ертеңімді ойламай кергіп жүрген
жайым жоқ. Бірақ көрінгеннің етегінен ұстамай, көңілім құ ла-
ған біреуге тағдырымды тапсырсам ба деп едім.
Ата-анама риза-
мын, жарық дүние сыйлады, әлпештеп өсірді, еркімді өзіме бер ді,
соның арқасында ел ішіне «Кербез қыз» атым жайылды. Ен дігі
ойым, менің осы кербездігімді кімде-кім сыбызғы тілінде жет кізе
алса, жанымды түсінетініне
көзім жетіп, соған барар едім» дейді.
Қыз ниеті ел ішінде тез тарайды. осыдан кейін-ақ бай ауы-
лына жорға мінген бай да емес, найза ұстаған батыр да емес,
енді небір нәнталап сыбызғышылар ағылып келе бастайды. Кер-
без қызға көпке дейін бірде-бір сыбызғышы ұнамайды. «Жай
тақпақ, белгілі сарын» деп жақтырмай қайтара береді.
Содан күндердің күнінде кедейқолдылау
киінген қарапайым
бір жігіт келіп, «Кербез қыздың көңілін өсірейін, кербездігін
сыбызғыма көшірейін» деп күй тартады. Кедей жігіттің күйі
қыз
көңілінен шығып, екеуі көңіл қосады. Бұған қыздың ата-
анасы да риза болып, ұлан асыр той жасайды.
Сонда тартылған осы «Кербез қыз» күйі еді дейді.
Достарыңызбен бөлісу: