Қазақ фольклоры: МӘНІ, теориясы, тарихы



Pdf көрінісі
бет33/115
Дата29.04.2023
өлшемі2.48 Mb.
#473003
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   115
Ой өріс

Әңгімешілер. Қазақ фольклорының құрамында ауызша әңгіме көп. Олар 
ертегіге жатпайды. Бұл әңгімелердің тақырыбы әралуан, өйткені олар, әдетте, 
бір оқиғаға байланысты болып келеді. Той-томалақтарда, я болмаса басқа бір 
бас қосуларда әңгімешілер – нағыз сөз шебері ретінде көрінеді. Олардың 
репертуары бай болады. Мұнда күлкілі әңгімелер, аңшылар әңгімесі, белгілі 
бір адам жайындағы, аты аңызға айналған сәйгүлік, қыран құс, құмай тазы 
туралы неше алуан қызықты әңгімелер бар. Сонымен бірге қулар мен 
шешендер жайында, жер атауы мен рулар шежіресі туралы да әңгімеленіп, 
жиналған қауымды риза ететін әдемі шығармалар да кездеседі. 
Ертекшілер. Қазақта ертек айтуды кәсіп қылмаған, бірақ ертек 
тәрбиелік және сейілдік мақсатта айтылған. Әдетте, ертекті кешкілік 
уақытта, я болмаса аулақта мал жайып жүріп, ермек қылып айтатын 
болған. Сол себепті кәсіпқой ертекші болмаған (Кейбір халықтарда ертек 
айтуды күн көріс құралы ретінде айту дәстүрі болған). Қазақ ертекшілері тек 
ертек айтумен шектелмеген. Олар неше түрлі аңыздар мен әпсаналарды да, 
шежіре мен әңгімелерді де нәшіне келтіріп баяндайтын болған. Қазақ 
ертекшілерінің репертуарында өзіміздікінен басқа елдердің ертектері, 
аңыздаулары орын алған. Соның арқасында мұсылман Шығысының, 
Үндістанның, Монғолияның, Қытайдың ауызекі әрі кітаби шығармалары 
фольклорымыздың құрамына еніп, айтушылар үшін де, тындаушылар үшін 
де төл ертегіміз сияқты болып кеткен. Өйткені ертекшілер бұл кірме 
сюжеттерді сақтағанмен өзінше, қазақ қауымына түсінікті етіп баяндаған. 


47 
Бұл жерде ертекшінің өз шеберлігі мен ертегілік дәстүрдің атқарған рөлі зор 
болған... 
Жыршылар. Ұлттық фольклорымыздың ең тамаша үлгілері – батырлық, 
ғашықтық, тарихи жырларды бізге жеткізген осы жыршылар. Қазақ елінде 
жыршыға деген құрмет ақыннан кем болмаған, өйткені ақын мен жырау, 
негізінен, өз жанынан шығарып айтса, жыршы ежелден келе жатқан 
жырды топтың алдында орындап, жиналған жұрттың көңілін көтерген, 
рухын биіктетіп, жігерін арттырған. Талантының арқасында жыршы 
бұрынғы өткен өмірдің суреттерін тындаушысына елестетіп, ел қорғаған 
батырларды тірілткен, оларды дәріптеп, жастарға үлгі етіп ұсынған. 
Ғашықтар тарихын баяндап, жұтты бірде сүйсіндірген, бірде күйіндірген, 
сөйтіп қоғамдағы эстетикалық идеалды бейнелеген, елді сондай болуға 
елтіткен. Осылай фольклордың тәлімдік те, көркемдік те қасиетін 
арттырған. Шебер жыршы – бір өзі театр актерінің рөлін атқарған: ол – ұзақ 
эпосты жай салдырлатып айтып шықпайды. Жырды орындаудың өзі – өнер, 
импровизаторлық та қабілетті қажет етеді. Сол себепті жыршы әр 
аудиторияның реакциясына сәйкес жырдың құрылысын, кейіпкерлердің іс-
әрекетін, кейбір мотивтерді қайта қарап, жаңадан жырлап отырады. Бір 
жырды екі рет орындай отырып, оны дәлме-дәл қайталамайды. Ол сюжетті, 
қаһармандарды есінде сақтайды да, жырды басқаша баяндайды. Бұл жерде 
оның импровизаторлық қабілеті көмек етеді. Тыңдаушы қауымды риза ету 
үшін жыршы әр кейіпкердің рөліне енеді, олардың сөздерін әртүрлі 
мақаммен орындайды. Әрине, мүндай жағдайда жыршының дауысы, үні, 
әуені, домбыра шертісі – түгел бір ыңғайда болуы керек. Талантты жыршы 
осының бәрін меңгереді. Ол – синкретті өнердің иесі. 
Қазақ даласында бұрын-соңды жасаған жыршылар әруақытта өзіне 
шәкірт дайындаған, сөйтіп жыршылық дәстүрінің үзілмеуін қадалаған. Арғы
замандардан қабылдап алып, өз заманында кемеліне келтіре жырлаған 
Жанақ, Шөже, Марабай, Мұсабай, Нұрым, Мұрын тәрізді жыршылардың 
репертуары біздің дәуірімізге солардың шәкірттері арқылы жеткен. Осындай 
бір ұрпақтан келесі ұрпаққа ауысып, ұстаздан шәкіртке жалғасқан 
жыршылық мектеп пен дәстүрдің арқасында бізге "Қырымның қырық 
батыры", "Көрұғылы" сияқты бірнеше эпосты қамтитын, үлкен циклға 
айналған эпопеялар жетіп отыр. Жалпы, фольклордағы тұтастану (сюжеттік, 
ғұмырнамалық, шежірелік, тарихи, географиялық) заңдылығы осы 
жыршылардың арқасында орныққан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет