Қазақ фольклоры: МӘНІ, теориясы, тарихы


Сілтемелер және ескертпелер



Pdf көрінісі
бет43/115
Дата29.04.2023
өлшемі2.48 Mb.
#473003
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   115
Ой өріс

Сілтемелер және ескертпелер: 
1. Пропп В.Я. Фольклор и действительность. М., 1976. С. 20. 
2. Пропп В.Я. Аталған еңбек, 36-б. 
3. Проблемы жанра и стиля. Уфа, 1970. 
4. Сонда, 33-35-б. 
5. Тодоров Цветан. Поэтика. // В кн.: Структурализм, «за» и «против». М., 1975. С. 100. 
6. Бұл құбылыстың заңдылық екенін дәлелдеген еңбектер: Рифтин Б.Л. Сказание о 
Великой стене и проблема жанра в китайском фольклоре. М., 1961; Виноградов В.В. 
Сюжет и стиль. М., 1963; Горбаткина Г.А. Пьесы-легенды Назыма Хикмета. М., 1967. т.б. 
7. Виноградов В.В. Аталған еңбек. 
8. Қараңыз: Веселовский А.Н. Историческая поэтика. Л., 1940; Добин Е. Жизненный 
материал и художественный сюжет. Л., 1956; Виноградов В.В. Сюжет и стиль. М., 1963; 
Кожинов В. Сюжет, фабула, композиция. // В кн.: Теория литературы. М., 1964. 
9. Виноградов В.В. Сюжет и стиль. С. 21. 
10. Осындай пікірді М.Дүйсенов те айтады. – Қараңыз: Дүйсенов М. Әдебиеттегі мазмұн 
мен форманың бірлігі. Алматы, 1962. 47-48-б. 
11. Ауэрбах Э. Мимесис. /Пер. с немецского. М., 1976. С. 545. 
12. Античные мыслители об искусстве. М., 1938. С. 177. 
13. Аристотель. Об искусстве поэзии. М., 1951. С. 40. 
14. Чистов К.В. К вопросу о принципах классификации жанров устной народной прозы. 
М., 1964. С. 4-6.
 


68 
ФОЛЬКЛОРДЫҢ ТАРИХИ ТИПОЛОГИЯСЫ 
 
 
Қазақ фольклоры, кез келген халықтың фольклоры сияқты, тамырын 
алғашқы қауымдық құрылыстан, тарихқа дейінгі өмірден тартады. Ол 
патриархалдық-феодалдық қоғамның тұсында көркем жанрға айналды. Ал, 
қазақтың патриархалдық-феодалдық қоғамы рулық құрылымның көптеген 
институттары мен ғұрып-салттарын сарқыншақ түрінде сақтап келді. 
Осылайша қазақтарда XIX ғасырдың екінші жартысына дейін экзогамия, 
авункулат, левират, асырап алу және т.б. көне ғұрып-салттар (рас, 
трансформацияланған түрде) толыққанды күйінде өмірде орындалды. 
Мәселен, қазақтарда осы уақытқа дейін бір топ туысты бір атаумен ғана 
атайтын дәстүр сақталған. Туыстық дәрежесі әр түрлі аталастардың тұтас 
тобын қазақтар ежелгі ережеге сәйкес ортақ бір терминмен атайды. Мысалы,
қазақ жасы үлкен өзінің ағаларын, туған әкесінің аға-інілерін және жасы 
үлкен ағайындарының барлығын «аға» терминімен атайды. Соған сәйкес 
олардың әйелдерін "жеңге" немесе "жеңеше", "жеңгей" дейді. 
Бір кездерде болған бөлелер арасындағы және жиендер мен нағашы 
жұрт арасындағы некелесудің іздері (кузенный брак) қазақтардың 
тұрмысында да сайрап жатыр. Мысалы, ертедегі рулық заманда жиен бала 
нағашысы жағының қызына үйлене алатын болған. Кейін бірте-бірте бұл ру 
аясына тараған, яғни жиен нағашы жұртының кез келген қызына үйлену 
құқығына ие болған. Сондықтан қазақтар: "Нағашы алған тарықпас, ал жиен
алған толықпас", деседі. Сол себепті біздің фольклорда ежелгі өмір 
шындығының, дәлірек айтқанда, дуальдық экзогамияның, матриархалдық 
дәуірдегі ғұрып-салттардың және діни түсініктердің сарқыншақ түрінде 
өзгерген кейбір элементтері сақталуы таңданарлық нәрсе емес. Енді осы көне 
тарихқа тән салттар мен әдет-ғұрыптар, діни ұғым мен түсініктердің 
сарқыншақ түріндегі көріністері мен іздерін типологиялық тұрғыда фольклор 
шығармалары мен этнография материалдары бойынша зерттеп көрелік.
Бұл мәселелерді қарастыру барысында біз жұмысымызда алдымен 
өмірде баяғыда жойылған (ал, егер сақталса, аз мөлшерде) бағзы әдет-
ғұрыптардың ертегілердегі кейбір көрінісіне тоқталамыз. Екінші кезекте 
қазақтарда соңғы уақыттарға дейін сақталған көне тұрмыс түрлері 
сарқыншақтарының ертегідегі үндес сипаты қарастырылады. Сондықтан ең 
әуелі матриархалдық қарым-қатынастардың ертегідегі іздері, ілгеріде өткен 
дуальды құрылымнан бұрын тексеріледі [1]. Әдеттегідей аналық ру салтын 
қазақ ұлтын құраған рулар мен тайпалардың арғы бабалары баяғыда басып 
өтті. Сол себептен алаш баласы матриархат дәуіріндегі өмір салтының кейбір 
белгілерін және әдет-ғұрыптарының сипаттарын бертінгі кезеңдерге дейін 
сақтап келген. Бұны біз тұрмыстан да, сол сияқты ертегіден де көреміз. 
Қазақ ертегілерінде матриархаттың өте көмескі іздері сақталған. 
Әдетте, аналық ру туралы бұлдыр-бұлдыр естелікті көпшілікке кеңінен 
тараған 
амазонкалар 
туралы 
ертегі-аңыздардан 
табуға 
болады. 
Амазонкалардың тарихы туралы әпсаналарды арнайы зерттеген М.О.Косвен 


69 
бұл ертегілердің негізгі арқауы екі сюжеттен тұратынын анықтады: олардың 
бірінде еркектерден бөлек өмір сүретін әйелдер туралы баяндалады да, ал, 
екіншісі еркектерге үстемдік жүргізетін әйелдер қауымы туралы әңгімелейді 
[2]. 
Екінші сюжетке құрылған ертегілердің екі мәтіні қазақтардың аузынан 
да жазылып алынған. Оның біріншісін жазып алған Н.Каразин [3]. Ол бұл 
ертегіні Амудария экспедициясы кезінде 80 жасар кемпірдің айтуы бойынша 
жазып алғанын айтады. Екінші жазба А.Алекторовтікі, ол бұл ертегіні Бөкей 
ордасы қазақтарынан әлденеше рет тыңдауға тура келгенін мәлімдейді [4]. 
Демек, әйелдер патшалығы туралы бұл ертегі ертеректе кең тараған деп 
айтуға болады. 
Жазбалардың екеуінде де аналық ру туралы елес айқын. Мәтінде былай 
делінеді: "Бұл хандықтың ханы әйел еді. Уәзірлері де әйелдер болатын. 
Әйелдер барлығын да атқаратын: кеңесті де өткізетін, халықты да соттайтын, 
соғысқа да, аңға да баратын. Олардың ішінде болашақты көріпкелдікпен 
болжайтын өте кәрі әрі соқыр кемпір бар еді, әйелдер әрқашан соның қеңесі 
бойынша әрекет жасайтын, өйткені тағдыр тек оның қолымен билік жүргізді. 
Сондықтан жаңа туған жүз ер баланың қайсысын тірі қалдыруды да сол 
шешетін". 
Бұл дерек рулық кеңесті өмірде көргені көп, ақылды әйел басқаратын 
аналық рудың ежелгі ғұрып салтын көз алдымызға әкеледі. Дамыған 
матриархат тұсында аналық рудың көсеміне құдайылық сипат таңып, 
табынатын. Оны Жер анаға балайтын, сондай-ақ тұтас матриархалдық 
қауымның символы деп білген. Міне, сондықтан палеолиттің бергі 
кезеңіндегі өнерде әйелдердің бейнесі жетекші орын алады. Мамонттың 
азуынан, кейде тастан жасалған әйел бейнелері Жерорта теңізі мен 
Байкалдың аралығынан молынан табылуда. Олардың барлығы канондық 
пішінде: жалаңаш, әйелдік белгілері айқын көрсетілген, қолын құрсағына 
қарай салбыратқан мүсіндер. Әйелдердің тас мүсіндері Қазақстан 
территориясында да табылды. Мәселен, өткен замандағы саяхатшылардың 
барлығы Қозы Көрпеш - Баян Сұлудың атақты мазарының жанында 
әйелдердің үш статуясы орналасқанын мәлімдейді. Ш.Уәлиханов өз кезінде 
олардың суреттерін салған. Бірақ оларды кейіннен Германияға біреулер алып 
кетіпті [5]. 
Ілкі ананың образы тек бейнелеу өнерінде ғана емес, сөз өнерінде де, 
ішінара қиял-ғажайып ертегіде де суреттелген. Бұл - қазақтардағы жалмауыз 
кемпір, орыста баба-яга [6]. 
Қазақтың жалмауыз кемпірінің бейнесі кәдімгі ілкі анадан бастау 
алады. Жалмауыздың кейбір сипаттары мен әрекеттері және оның 
қаһарманға қарым-қатынасы, көмегі, ақыл-кеңестері оны прототипіне 
жақындастырады: әйелдік рудың басшысы дүниеге жаңа келген сәбилерге ат 
қоятын, оларды өзіне бала етіп алатын; некелесіп жатқан жастарға ақыл-
кеңес беретін, туысқандарының құқықтары мен мүдделерін қорғайды; рудың 
жазылмаған заңдарының, әдет-ғұрыптарының, дәстүрлерінің сақтаушысы 
болды; жазалады, кейде әскердің қолбасшылығын да атқарды [7]. Көсем 


70 
ананың әмбебаптығы оның культінің қалыптасуына жақсы негіз болды. 
Адамдар оған керемет қасиеттер таңды, оны тіпті кез келген қатыгез, көзге 
көрінбейтін жындармен аяусыз шайқасқа түсуге қабілетті сиқыршы деп 
есептеді [8]. Осылайша рулық қоғамда туысқандарын бақытсыздықтан 
қорғайтын әйел-шамандар пайда болды. 
Осы тектес әйел-шамандар қазақтарда тіпті патриархаттың үстемдігі 
кезінде де болды. Мысалы, XVIII ғ. П.С.Паллас қазақтардың арасында "бас 
еркінен айрылған адамдарды және өзге де тұтқындарды олар қашқан 
жағдайда адасатындай және қайтадан өз қожайынының қолына түсетіндей 
етіп дуалайтын дуашы әйелдер бар екенін айтады" [9]. Шаман-әйелдер 
туралы кейіннен Ш.Уәлиханов та еске алады: "Аруағы бар әйелдер елті деп 
аталады. Бұлар да бақсылар" [10]. Көріпкел, тәуіп әйелдер туралы автор да 
естіген болатын. Қарт адамдардың айтуына қарағанда, олардың келуінің өзі-
ақ ауыр толғақтарды жеңілдеткен, және көпшілігінің жебеуші аруақтары 
болған. Тіпті, шешемнің айтуына қарағанда, оның әжесінің көк бөрі 
кейпіндегі екі қолдаушысы болған. 
Ертегіде нақты ілкі ана-шаман мешел болып қалған мүгедектерді де 
емдей алатын сиқыршы болып шығады. Кейбір ертегілерде қолы жоқ, аяғы 
жоқ, соқыр жанды жұтып жібереді де, оларды сауыққан күйге келтіріп
қайтадан түкіріп тастайды. 
Ілкі ана туысқандарының мүддесін қорғайтынына елдің барлығы 
сенгендігіне орай ертегіде ол қаһарманның жәрдемшісіне айналады: ол 
қаһарманды қалыңдығына бара жатқан жолында тосып алып, өзіне бала 
етеді, тамақтандырады, жөн сілтейді, қызды қалай алатындығы жөнінде 
кеңес береді. 
Жалмауыз кемпір образында адамдардың от-анасы туралы көне түсінігі 
де көрініс беретіндігін де атап өту қажет. Бұндай түсінікті Л.Я.Штернберг 
алғаш рет гиляктар мен орочтардан байқаған. Ол: "Әр ошақта, оттың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет