ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
Отан тарихы №1 (97) 2022
138
ғылыми-ізденіс жұмыстарын жүргізеді. Ғылыми журналдарда 12
мақаласы жарияланған және
Қазақстан тарихына қатысты жұмыстары да бар. Олардың ішінде «Қазақстанға шаруалардың
қоныс аударуы тарихы», «Жетісудағы ауылшаруашылығындағы ұлы өзгерістер», «Қазақстандағы
социалистік өзгерістердегі орыс халқының рөлі» т.б. Ол «Қазақ ССР тарихы» еңбегі авторларының
бірі. КСРО Ғылым Академиясының докторантурасында болған жыл жарым уақытында докторлық
диссертациясын жазып, қорғауға ұсынды», - деген пікір бар. Ә. Тұрсынбаевтың Қазақ мемлекеттік
университетіндегі кафедра меңгерушілік қызметін атқара алатындығын да көңіл бөлген.
1956 жылдың 16 тамызы күні Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитеті хатшылығының
№23 қаулысымен 4-жылдық Алматы партия мектебінің «СОКП тарихы» кафедрасының қосалқы
доценті болып бекітілді. Бұл берілген анықтамаға Орталық комитет хатшысы И. Яковлев қол қойып,
«өте құпия» белгісі соғылған (ҚР ПА, 708:51). 1957 жылы «Қазақстанда колхоз құрылысының
жеңуі» тақырыбында докторлық диссертациясын сәтті қорғады.1958 жылдан профессор. Мемлекет
тарапынан жоғары білім саласындағы ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін 1961 жылы «Еңбек Қызыл
Ту» орденімен марапатталды. Ал тура он жылдан кейін 1971 жылы «Октябрь революциясы»
орденімен ұлықталды.
1972 жылғы 14 маусымда Қазақ КСР Жоғары және орта арнаулы
білім министрлігі Қазақстан
КП Орталық комитетіне министр орынбасары С. Кенжебаев жіберген №Н-15-31 қатынас қағаз
бойынша С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті Гуманитарлық факультетінің
«СОКП тарихы» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор Ә.Б. Тұрсынбаевты Қазақ мемлекеттік
университетінде тарих ғылымдары дәрежесін беретін Кеңестің төрағалығына ұсынылып,
КСРО Жоғары және орта арнаулы білім министрлігі тарапынан 1971 жылдың 24 желтоқсанында
бекіткені туралы мәлімдейді. 1967–1977 жылдар аралығында Қазақ КСР-і «Білім» қоғамы
басқармасының төрағасы қызметтерін атқарды. Ұзақ жылдары С.М. Киров атындағы Қазақ
мемлекеттік университетінде
кафедра меңгерушісі қызметінде, профессор лауазымында жұмыс
жасады.
Гурьев мемлекеттік мұғалімдер институтының тұңғыш директоры, Қазақ КСР ғылымына еңбегі
сіңген қайраткер, т.ғ.д., профессор Ә. Тұрсынбаев 90 жасқа қараған шағында 1999 жылы Алматы
қаласында дүние салды.Тұңғыш директор Ә.Б. Тұрсынбаевтың ісін Гурьев мұғалімдер институтының,
кейінгі Гурьев мемлекеттік педагогика институтының, тәуелсіздік жылдары біртуар тұлға, мемлекет,
қоғам қайраткері, ғалым-энциклопедист Халел Досмұхамедов есімін иеленген Атырау мемлекеттік
университетінің профессор-оқытушылары жалғастырып әкетті.
Достарыңызбен бөлісу: