О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



Pdf көрінісі
бет119/159
Дата09.05.2023
өлшемі3 Mb.
#473411
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   159
О.ӘБУТӘЛІП (4)

құрам бойынша бұйрық деп аталады.
Жеке құрам бойынша бұйрықтар кадрлар бөлімінде дайындалады. 
Жеке құрам бойынша бұйрықтарда оның cебебі көрсетіледі. 
Мысалы:

Зейнеткерлікке шығуына байланысты 

Басқа жұмысқа ауысуына байланысты 

Кәсіпорынның жойылуына байланысты

Келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты

Өз өтініші бойынша

Бала күтімі үшін демалыс алуына байланысты

Еңбек тәртібін ұдайы бұза бергендігіне байланысты

Ресми сапарға кетуіне байланысты

Себепсіз жұмыстан қалуына байланысты

Айрықша жұмыс жағдайлары үшін.
Барлық бұйрықтарда, ең алдымен, мекеменің атауы, күні, айы, жылы 
көрсетілуі тиіс. Содан кейін «№7 БҰЙРЫҚ» деген сөз және не туралы 
бұйрық екені жазылады. Мысалы: 


197
Орынғазы Әбутәліп

Штаттық кестеге өзгерістер енгізу туралы

Кәсіпорынның жойылуы туралы

Жұмысқа қабылдану туралы

Жұмыстан босату туралы

Уақытша ауыстыру туралы

Үстемақы белгілеу туралы және т.б.
Мекеменің негізгі жұмыстарына байланысты бұйрықтар жеке құрам 
бойынша бұйрықтардан бөлек нөмірленіп, жеке жүргізіледі. 
Бұйрықтар мәтіні 2 бөліктен тұрады.
1-ші «Айқындаушы бөлік» (констатациялық).
2-ші «Өкімдік бөлік». 
Айқындаушы бөлікте бұйрық беруге негіз болған дерек көрсетіледі. 
Егер бұйрықтың берілуіне жоғары тұрған ұйымнан келіп түскен құжат 
негіз болса, онда ол құжаттың атауы, нөмірі, күні осы бөлікте жазылады.
Өкімдік бөлік «БҰЙЫРАМЫН» деген сөзден басталады да, 
бұйрық мазмұны жаңа жолдан басталып, әр пункті араб цифрларымен 
белгіленеді.
Бұйрықтың өкімдік бөлігі нақты, қысқа, анық, басы артық 
түсіндірмелерсіз жазылады. Онда тек не істеу керек, кім істеу керек және 
қашан істеу керек деген мәселе ғана сөз болады.
Егер бұйрық орындаушының үнемі атқаруға тиіс мәселесіне бай- 
ланысты болса, онда атқару мерзімі көрсетілмейді.
Егер бұйрық бірнеше пункттен тұрса, оның барлығының орындалуы-
на бір ғана адам жауапты болса, онда ол соңғы пунктте ғана көрсетіледі.
Бұйрық мәтініндегі етістіктер бұйрық райдың ІІІ жағы арқылы жазы-
лады. Мысалы,

тыйым салынсын 

босатылсын 

қабылдансын

белгіленсін

жүктелсін

тағайындалсын

ауыстырылсын.
Сондай-ақ мекеме ішіндегі жұмысты жүргізу ыңғайына қарай 
бұйрықтарды мынадай түрлерге бөлеміз:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет