О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу


-үлгі. Мәжіліс, жиналыстарға хабарландыру ХАБАРЛАНДЫРУ!!!



Pdf көрінісі
бет117/159
Дата09.05.2023
өлшемі3 Mb.
#473411
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   159
О.ӘБУТӘЛІП (4)

6-үлгі. Мәжіліс, жиналыстарға хабарландыру
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
2009 жылдың 16 маусымы күні сағат 10.00-де кафедра мәжілісі №382 
дәрісханада өтеді.
Күн тәртібінде:
1. 2009-2010 оқу жылының жоспарын бекіту – Құрманбай К.С. 
2. 1-ші курс студенттеріне арналған диагностикалық тесті бекіту –
Әміреев Н.Ә., Тұманова А.Б.
3. 2009-2010 оқу жылына арналған пән силлабустарын талқылау, бекіту – 
кафедра оқытушылары.
4. 2009-2010 оқу жылының жүктемесіндегі өзгерістер туралы –
Құрманбай К.С.
5. Кафедрадағы бос орындарға үміткер оқытушыларды ұсыну –
Құрманбай К.С.
6. Әртүрлі мәселелер.
Төраға: Құрманбай К.С. 
Хатшы: Маңғышева Ж.С. 
,
7-үлгі. Жалпылама хабарландыру
Хабарландыру!
ҚЭФ-тің 2-курс студенттері Оралбеков Әділет пен Мырзақұлов 
Айдынды Лондон қаласында өткізілген “Экономика» пәні бойынша 
халықаралық олимпиададан алған бірінші жүлделі орындарымен 
құттықтай отырып, үлкен жетістіктерге жете берулеріне тілектестік 
білдіреді.
ҚЭФ деканаты


194
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
,
8-үлгі. Жалпылама хабарландыру
Хабарландыру!
2009 жылдың 7 қыркүйегінде сағат 15.00-де №230 дәрісханада өтетін 
“Қазақ тілі” сабағы 8 қыркүйекке №444 дәрісханаға ауыстырылады. 
Кеңсе тіркеуші
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Хабарландыру дегеніміз қандай құжат?
2. Хабарландырумен қалай танысамыз?
3. Хабарландырудың қандай түрлері бар? 
4. Хабарландырудың ерекшелігі неде?
Тілдік бірліктер:
бос орынға байқау жариялайды
• негізгі талаптар
• жұмыс өтілі 
жеке тұлғалардың назарына
• хабарландыру бойынша
• хабарландыру жазу
• байқау өткізетіндігін хабарлау
• байқау жариялау
• құлағдар ету
жұмыс орны
1-жаттығу: Керекті тілдік бірліктерді қойып, көшіріп жазыңыз.
Хабарландыру!
Физика-математика ғылымдарының ..... университеттерге ..... жоғары 
оқу орындарына оқуға түсуге ..... физика және математика ..... бойынша 
..... көрсетеді: ..... есептерді шешуге, ..... жұмыс істеуге дағдыландырады. 
Төлемақысы –..... бойынша. Мына телефон ..... хабарласуыңызға болады: 
67-29-36.
Керекті тілдік бірліктер: компьютерде, кандидаты, келісім, нөміріне, 
көмек, техникалық, талаптанушыларға, пәндері, күрделі
ç
Тапсырмалар:
1. Бос орындарға байланысты хабарландыруға: газет бетінде 
берілетін хабарландырулардан өз мамандығыңа байланысты үлгісін тау- 
ып дайындаңыз. 
2. Мәжіліс, жиналыстарға байланысты хабарландыруға жағдаят: 
Жылдық есепті талқылау, келесі жылға арналған жылдық жоспарды 
бекіту жөнінде өткізілетін бөлім мәжілісіне хабарландыру дайындаңыз.


195
Орынғазы Әбутәліп
3. Мәдени шараларға байланысты хабарландыруға жағдаят: 
Студенттердің жетім балаларға көмек ретінде «Тәттілер жәрмеңкесі» іс-
шарасының ұйымдастырылатыны туралы хабарландыру дайындаңыз.
4. Жылжымайтын мүлікті, құнды заттарды сатуға байланысты 
хабарландыруға: бір қаладан екінші қалаға пәтеріңізді ауыстыру туралы 
хабарландыру үлгісін дайындаңыз.
h


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет