О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу


Хан жарлықтары және хандар мен би, болыстардың



Pdf көрінісі
бет5/159
Дата09.05.2023
өлшемі3 Mb.
#473411
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   159
О.ӘБУТӘЛІП (4)

Хан жарлықтары және хандар мен би, болыстардың
жазған хаттары
1731 жылғы 2 қаңтар – ... қараша. Хандар Әбілқайыр мен Сәмеке- 
нің, Нұралы сұлтанның, Бопай ханшаның, Қарақалпақ ханы мен старшын- 
дарының өздерінің Ресей бодандығын алғаны туралы императрица 
Аннаға жазған хатынан:
Ұлы мәртебелі императрица, Сіздің жарлығыңыз бойынша бізге 
жіберілген Мәмет мырза Тевкелеев бізге ұлы мәртебелі императрица 
– Сіздің жарлығыңызды жариялады. Ол бойынша мен, Әбілқайыр хан, 
өз боданымдағы қайсақтарыммен бірге ұлы мәртебелі императрица 
– Сізге және ұлы мәртебелі ұрпақтарыңызға бодан болып, төменде 
жазылған тармақтарды қызмет етуге қабылдадым. Ең алдымен, аса 
қасиетті және ұлы державаның иесі ұлы патша императрицамыз –
Анна Иоанновнаға бүкілресейлік және басқаларының, тағы басқа сол 
сияқтылардың самодержицасына уәде етіп, ант береміз....
1) Біздің ұлы патша императрицамызға және ұлы мәртебелі Сіздің 
ұрпақтарыңызға әрқашан адал әрі әділ қызмет етуге уәде беремін.
2) Ұлы мәртебелі императрица – Сіздің бізге, қайсақ ордасына, қызмет 
етуге жарлығыңыз келген кезде Ресей бодандары – башқұрттармен және 
қалмақтармен бірге, соның ішінде айтылған жерге біз өз әділдігімізбен 
барамыз.
3) Қайсақ ордасы жайық казактарына, башқұрттарға, қалмақтарға 
және Ресейдің барлық бодандарына дұшпандық шабуыл жасамайды 
және оларға залал келтірмейді, олармен тату-тәтті тұрады.
4) Ресей бодандары Астраханьнан және басқа жерлерден көпес 
керуенімен біз, қайсақтар арқылы қай жаққа баратын болса немесе 
керуен бізге, қайсақтарға, келетін болса, біз оларға еш жаманшылық 
жасамаймыз және оларды жаман адамдардан қорғаймыз және оларды 
қажетті жерлеріне жеткізіп саламыз.
5) Тұтқынға алынған Ресей бодандары біздің қайсақ ордасынан 
қайтарылады, ал алдағы уақытта тұтқын алынбайды және башқұрт- 


9
Орынғазы Әбутәліп
тардан және Ресейден алынған тұтқындардың біздің дінімізге 
өткендерінен басқалары қайтарылады және ұлы мәртебелі императри-
ца – Сізге біздің жыл сайын адал қызмет етуіміз үшін ұлы мәртебелі сіздің 
құлдарыңыз башқұрттарға қарсы және жасағыңызға 4000 түлкіден 
жіберіп тұруға уәде беремін, осыған сендіріп, мен, Әбілқайыр хан, осы 
параққа өз мөрімді бастым және өз елшім Бақа батырды жібердім.
1143 жылғы режеп айының 17-сі күні, 
1732 жылғы қаңтардың 2-сі күні жазылған. 
«XVI–XVIII ғ. қазақ-орыс қатынастары», құжаттар жинағы, 38-бет.
1856 ж. Қарқаралы округіндегі Шаншар болысының жүзбасы 
Қазанғапов бидің өзіне алтын кенішінен кен өндірумен айналысуға 
рұқсат ету туралы Батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфорт мырзаға 
өтініші:
Сібір қырғыздары орналасқан жерлерде алтын кен орындарын бар-
лаумен және олардан кен өндірумен, сондай-ақ басқа да металл кендерін 
іздестірумен және өндірумен айналысқым келіп, мен жоғары мәртебелі 
Сізден маған осымен қоса табыс етіліп отырған құны 90 тиын гербті 
қағаз парағына Заңдар жинағының 2432 және 2443-баптарына, Кен 
жарғысының VII томына және 1854 жылғы 2443-бабына, 19 мамыр-
да Сібір комитетінің жоғары дәрежеде бекітілген ережесіне сәйкес 
рұқсат етілген Қаржы министрлігінің куәлігін алуға өтініш жасау үшін 
осындай кәсіпшілікке алдын ала рұқсат етуіңізді барынша тағзым ете 
отырып сұраймын.
Осы өтінішке жүзбасы Тәттімбет Қазанғапов өз аты жазылған 
мөрін басты.
«XVIII–XIX ғ. қазақ-орыс қатынастары», құжаттар жинағы, 419-
бет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет